26
қатынастарын реттеу, сонымен қатар биотехнологиялық процестерді қолдана
отырып, бактериялардан биологиялық белсенді заттарды алу үшін қажет.
Таза дақыл
– бактерияның бір түрінің популяциясының қоректік ортада
кӛбеюін айтады.
Таза дақыл алу әдістері
Клиникалық үлгілерді қатты коректік ортаға егу схемасы
«Штрих» әдісі
- ілмек немесе тампон арқылы қоректік ортаның
барлық бетіне жиі штрих жасау. Бұл әдіс сандық анықтаусыз бӛлектенген
колонияларды алуға кӛмектеседі
Дригальский әдісі
- сапалы әдіс болып саналады. Зерттелетін
материалдан жекелеген колонияларды алу үшін зерттелетін материалды
бірінші табақшаға шпательмен жағады, оттыққа шпательді күйдірмей, сол
күйде 2, 3, 4 т.б. табақшаларға жағады. Осылай егу арқылы бірыңғай
колония алуға болады.
Гоулди әдісі
(сандық әдіс) 1 мл зерттелетін материалдағы (зәр, ірің,
экссудат т.б. биологиялық сұйықтық) тіршілікке қабілетті бактериалардың
(КТБ н/е КОЕ) санын анықтауға кӛмектеседі. Бактериалогиялық ілмектің
кӛмегі (d = 2 мм) арқылы зерттеу материалын қатты қоректік ортаға I жағдай
секторында 40 штрихқа дейін егеді. Стерильді бактериалогиялық ілмекпен I
сектордан 4 штрих алынып II секторға егіледі; содан II- ден III-ге, III-ден
IV - геегеді. I және 1V сектор штрихтары ешқашан қиылыспау керек. Бір
тәуліктік инкубациядан соң КТБ анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: