34
Бұндай бактерияларды
галофильді
бактериялар деп атайды.
Қажет болған жағдайда қоректік орталарға ӛсу фаторларын, кейбір
бактериялардың ӛсуін басатын ингибиторлар, ферменттер әсерін күшейтетін
субстраттар мен индикаторлар қосылады.
6.
Қоркетік орталар стерильді болуы тиіс.
Консистенциясына байланысты қоректік орталар сұйық, жартылай
сұйық және тығыз болып келеді. Орта тығыздығы
агар-агар
қосу арқылы
жасалады.
Агар-агар
– балдырлардан алынатын полисахарид. Ол 100
0
С
температурада балқып, 45-50
0
С – та қатады. Жартылай сұйық орта жасау
үшін 0,5%, және тығыз орталар үшін 1,5-2% концентрацияда агар қосылады.
Құрамы және қолданылу мақсатына қарай орталарды қарапайым, күрделі,
элективті, минималды, дифференциалдық-диагностикалық және аралас
қосарланған
орталар деп бӛледі.
Құрамына қарай орталар қарапайым және күрделі деп бӛлінеді.
Қарапайым орталарға пептонды су, қоректік сорпа және ет-пептонды агар
жатады. Осы қарапайым орталардың негізінде күрделі орталар жасалынады,
мысалы қантты және сарысулы сорпа, қанды агар.
Ортаны
қолданылу
мақсатына
қарай
элективті,
байыту,
дифференциалдық-диагностикалық деп бӛледі.
Элективті
деп белгілі бір түрге жататын микроорганизм ғана жақсы
ӛсетін ортаны атайды. Мысалы pH 9 болатын сілтілі орта тырысқақ
вибрионын бӛліп алуға пайдаланылады. Басқа бактериялар, атап айтқанда
ішек таяқшасы, сілтілік жоғары болғандықтан ӛспейді.
Байыту орталары
– бұл белгілі бір бактерияның ӛсуіне жоғары
мүмкіндіктер жасап, басқа бактериялардың ӛсуін басатын орталар (1- сурет).
Мысалы, натридің селениті қосылған орта
Salmonella
тұқымдастығына
жататын бактериялардың ӛсуін күшейтіп, ішек таяқшасының ӛсуін басып
отырады.
Дифференциалдық-диагностикалық
орталар
бактериялардың
ферментативтік белсенділігін зерттеуде қолданылады. Бұл орталардың
құрамына фермент әсер ететін субстрат қосылған жай қоректік орта және
субстратқа фермент әсерін тигізгенде түсін ӛзгертетін индикатор кіреді.
Бұндай ортаның мысалы ретінде Гисс ортасын келтіруге болады. Осы ортада
бактерия жасушасы ферменттерінің қантты ыдыратуын зерттейді.
Аралас (қосарланған) орталар,
бірлескен флораның ӛсуін басатын
элективті орта мен микроб бӛлетін ферменттің белсенділігін анықтайтын
дифференциалдық-диагностикалық орталар біріктіріліп жасалады. Бұндай
орталардың мысалы ретінде патогенді ішек таяқшаларын бӛліп алуда
қолданылатын Плоскирев ортасы мен висмут-сульфитті агарды келтіруге
болады. Берілген екі орта да ішек таяқшасының ӛсуін басады.
Достарыңызбен бөлісу: