Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет28/84
Дата29.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#111771
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   84
Байланысты:
Ахметова микро

Бактериялардың тыныс алуы 
Бактерия 
жасушасындағы 
энергия 
АТФ 
түрінде 
кездеседі. 
Хемоорганотрофты бактерияларда энергияны АТФ түрінде алу реакциялары, 


35 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
фосфорилдеу реакциясымен байланысты тотығу-тотықсыздану реакциялары 
болып табылады. Осы реакцияларда тотыққан кӛміртегі жасушадан СО2 
күйінде бӛлінеді. Энергияны алу әдістеріне байланысты метаболизмнің 
бірнеше түрлері болады: 
тотығу 
немесе 
тыныс алу, ашыту 
немесе 
ферменттік 
және 
аралас

Энергия және кӛміртегі кӛзі ретінде глюкоза немесе басқа гексоздарды 
пайдаланғанда тотығудың бастапқы этаптары 
тотығатын 
түрінде де, 
ашыту 
түрінде де ортақ болып келеді. Бұған глюкозаны пируватқа 
айналдыру жатады. 
Тотығу метаболизмі. 
Тотығу метаболизміне қабілетті бактериялар энергияны 
тыныс алу 
жолымен алады. 
Тыныс алу 
– тотығу кезінде фосфорилденіп орайласқан тотығу– 
тотықсыздану реакцияларынан энергия алу, бұл кезде электрондардың 
донорлары 
органикалық 
(органотрофтарда) 
және 
бейорганикалық 
(литотрофтарда) қосылыстар, ал акцепторлары – тек қана бейорганикалық 
қосылыстар бола алады. 
Тотығу метаболизмі бар бактерияларда электрондар немесе сутегі –Н+ 
акцепторы молекулалық оттегі болып табылады. Бұл жағдайда пируват С2 
дейін толық тотығады. Биосинтетикалық процестер және сутек атомдары 
үшкарбондар циклы негізін салушыны жеткізіп беруші қызметін атқарады, ал 
оның барлығын молекулалық оттегіге күрделі мультиферментті жүйесі бар – 
тыныстық тізбек 
айналдырады. Бактериялардың 
тыныстық тізбегі 
ЦПМ- 
да және жасуша ішілік мембраналық құрлымдарда орналасады. 
Тыныс алу тізбегіндегі АТФ-тың құрылуы хемоосмостық процеспен 
байланысты. ЦПМ-дағы тасымалдаушылардың ерекше бағытталуы сутегінің 
ішкі мембранадан сыртқы беткейіне беріліп, соның 
нәтижесінде 
мембраналық потенциалда байқалатын сутегі атомдарының градиенттері 
құрылады. Мембраналық потенциалдың энергиясы АТФазамен мембранаға 
шоғырланған АТФ-тың синтезделуіне жұмсалады. 
Прокариоттар кӛміртегіден басқа да органикалық қосылыстарды, атап 
айтқанда ақуыздарды, СО
2
және Н
2
О-ға дейін толық тотықтырып энергия 
кӛзі ретінде пайдалана алады. 
Аминқышқылдары мен ақуыздар да энергетикалық ресурстар ретінде 
іске асырылуы мүмкін. Оларды пайдалану бірінші кезекте дайындық 
сипаттағы тиісті ферменттік ӛзгерістермен байланысты. Алдымен ақуыздар 
жасуша сыртында протеолиттік ферменттермен пептидтерге дейін 
ыдыратылады, оларды жасуша жұтып алып, жасушаішілік пептидазалар 
аминқышқылдарына дейін ыдыратады. 
Аммонификациялау процесі «шіру» процесі ретінде де белгілі, бұл кезде 
жағымсыз спецификалық иісі бар, біріншілік аминдер құрайтын заттар 
жинақталады. 
Шіріктік 
бактериялар 
ақуыздың 
СО
2

NH
3

H
2
S-ке 
дейін 
минерализациялануын жүзеге асырады. Шіріктік бактерияларға 
Proteus, 
Pseudomonas, Bacillus cereus 
жатады. 


36 
Ашыту (ферменттік) метаболизмі. 
Ферментация 
немесе 
ашыту 
– субстраттан бӛлініп алынған сутегіні 
органикалық қосылыстарға тасымалдау кезінде энергия алу процесі. 
Ашыту процесіне оттегі қатыспайды. Тотыққан 
органикалық 
қосылыстар ортаға бӛлініп жинақталады. Кӛмірсулар, аминқышқылдары 
(ароматталғаннан басқа), пуриндер, пиримидиндер, кӛпатомды спирттер 
ферменттенеді. Ароматикалық кӛмірсулар, стероидтар, каротиноидтар, 
майлы қышқылдар аши алмайды. Бұл заттар тек қана оттегі бар ортада ғана 
ыдырап тотыға алады, ал анаэробты жағдайда бұлар тұрақты. Қышқылдар, 
газдар, спирттер ашыту ӛнімдері болып табылады. 
Спирттік ашыту

Негізінен ашытқы саңырауқұлақтарда кездеседі. Соңғы 
ӛнімі – этанол мен СО
2
. Глюкозаның ашытылуы ФДФ-жолмен анаэробты 
жағдайда ӛтеді. Оттегі түсе бастаған жағдайда ашыту процесі әлсіреп, 
тыныға бастайды. Спирттік ашытуды оттегімен басуды 
Пастер эффектісі 
деп атайды. 
Спирттік ашыту тамақ ӛндірісінде (нан жабуда, шарап жасауда) 
қолданылады. 
Сүтқышқылды ашыту. Сүтқышқылды ашытудың екі түрін ажыратады: 
гомоферменттік 
және 
гетероферменттік

Гомоферменттік 
түрінде 
глюкозаны 
ыдырату 
ФДФ-жолмен 
жасалынады. Гомоферменттік сүтқышқылды ыдырату 
S. pyogenes

E.faecalis, 
S. salivarius 
кейбір 
Lactobacillus-тің 
(
l. dulgaricus, L.lactis)
қатысуымен 
ӛтеді. 
Гетероферменттік 
сүтқышқылды ашыту ФДФ-жолдарының альдолаза 
және триозофосфатизомераза ферменттері жоқ бактерияларда болады. 
Глюкозаның ыдырауы ПФ-жолымен ӛтіп фосфоглицеринді альдегид түзіледі, 
содан кейін ол ФДФ-жолдары бойынша пируватқа айналып, соңынан 
лактатқа тотықсызданады. Ашытудың бұл түрінің қосымша ӛнімдері этанол 
мен сірке қышқылы болады. Гетероферментті сүтқышқылды ашыту 
Lactobacillus 
және 
Bifidobacterium 
тұқымдастығының ӛкілдерінде кездеседі. 
Сүт қышқылды бактериаларды сүт ӛндірістерінде түрлі ашыған 
ӛнімдерді алуға және де антибиотиктер дайындауға кеңінен пайдаланады. 
Құмырсқақышқылды (аралас) ашыту. Enterobacteriaceae және 
Vibriоnaceae 
туыстастарының ӛкілдерінде кездеседі. Глюкоза ФДФ- 
жолдарымен, ал глюконат КДФГ-жолдарымен ыдырайды. 
Анаэробты жағдайда бӛлінетін ашыту ӛнімдеріне байланысты процестің 
екі түрін ажыратады: 
1.
Бір жағдайда пируват ыдырау нәтижесінде ацетилкофермент және 
құмырсқа қышқылы бӛлініп, ал ол ӛз кезегінде кӛміртегінің қосқышқылы 
мен молекулалық сутегіне ыдырауы мүмкін. Тізбекті реакцияның арқасында 
түзілетін ашытудың басқа ӛнімдері этанол, янтар және сүтқышқылы болып 
табылады. Кӛп мӛлшерде қышқыл түзілгенін күшті қышқылды ортада түсін 
ӛзгертетін индикатор 
метил-рот 
кӛмегімен анықтауға болады. 
2.
Ашытудың басқа түрінде бірқатар қышқылдар түзіледі, бірақ ең басты 
ӛнімдер 
ацетоин 
және 
2,3-бутандиол 
болып табылады. Ацетоин пируваттың 


37 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет