Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет29/84
Дата29.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#111771
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   84
Байланысты:
Ахметова микро

 
Нуржігіт Алтынбеков 
екі молекуласынан құрылып, соңынан екі есе декарбоксилденеді. Тотыққан 
кезде ацетоиннан 2,3-бутандиол түзіледі. Осы заттар ά-нафтолмен сілтілі 
ортада әрекеттескен кезде бурыл түс береді, бұл құбылысты бактерияларды 
идентификациялауда қолданылатын 
Фогес-Проскауер реакциясын 
қою 
арқылы анықтайды. 
Майқышқылды ашыту. 
Май қышқылы, бутанол, ацетон, изопропанол, 
және бірқатар органикалық қышқылдар, атап айтқанда сірке, капрон, 
валериан, пальмитин қышқылдары қант ыдыратқыш қатаң анаэробтардың 
кӛміртегіні ашыту ӛнімдері болып табылады. Осы қышқылдар спектрі 
анаэробтарды идентификациялауда сұйықгазды хромотография кӛмегімен 
экспресс-әдіс ретінде қолданылады. 
Ақуыздардың ферменттелуі

Егер ашыту зат алмасуы бар бактериялар 
үшін энергия кӛзі ақуыздар болса, бұндай бактерияларды 
пептолитикалық 
деп атайды. 
Клостридиялардың кей түрлері пептолитикалық болып 
табылады, ол: 
C. histolyticum, C. botulinum. 
Пептолитикалық бактериялар 
ақуыздарды 
гидролиздеп, 
аминқышқылдарды 
ашытады.Кӛптеген 
аминқышқылдар басқалармен қосылып ашиды, бұл кезде кейбіреулері донор 
орнында болса, ал басқалары – сутегі акцепторлары болады. Донор- 
аминқышқылы кетоқышқылға дезаминделіп тотықтық декарбоксилдену 
нәтижесінде май қышқылына айналады. 
Анаэробтық тыныс алу. 
Кейбір бактериялар сутегінің ақырғы 
акцепторы ретінде нитратты пайдалану қабілетіне ие. Нитратты 
тотықсыздандыру екі жолмен ӛтеді: 
1.
 
Аммонификация 
кезінде нитрат аммиакқа айналады; 
2.
 
Денитрификация 
кезінде нитраттың тотықсыздануы молекулалық 
азот немесе азоттың ашытқысына дейін жүреді.Бұл процесс нитратредуктаза 
ферментімен байланысты. 
Cульфаттық тыныс алу. 
Анаэробты тыныс алуда сульфатты сутегінің 
соңғы акцепторы ретінде қолдануға тек қана екі топқа жататын бактериялар 
қабілетті: 
Desulfovibrio, Desulfotomaculum. 
Бұл бактериялар қатаң анаэробтар 
болып табылады, олар донор ретінде молекулалық сутегіні қолданады, сол 
себептен оларды хемолитотрофтарға жатқызады. Бұл бактериялар табиғатта 
күкіртті сутегіні түзуде жетекші орын алады. 
Табиғатта кеңінен тараған оттегі бос және байланысқан күйде кездеседі. 
Ол жасушада, сутегі мен органикалық қосылыстармен байланысқан күйде 
кездеседі. Ол атмосферада бос молекулярлы күйде кездесіп, жалпы кӛлемнің 
21% үлесін құрайды. 
Оттегіге деген қатысы бойынша және энергия алу барысында оттегіні 
қолдануларына байланысты микроорганизмдер 3 топқа бӛлінеді: облигатты 
(нағыз) аэробтар, облигатты анаэробтар, факультативті анаэробтар. 
Облигатты аэробтар. 
Ӛсуі және кӛбеюі тек қана оттегі болған 
жағдайда ӛтеді. Оттегі оттегілік тыныс алу жолымен энергия алу үшін 
қолданылады. 
Энергияны оксидативтік зат алмасу кезінде алады, 
цитохромоксидаза 
катализдейтін реакцияларда оттегіні терминальды акцептор ретінде 


38 
пайдаланады. 
Облигатты аэробтарды ауа атмосферасындағы парциалды қысымда 
ӛсетін 
қатаң аэробтар 
және тӛмен парциальды қысымда ӛсетін 
микроаэрофилдер 
деп бӛледі. 
Бұл микроаэрофилдердің күшті тотықтырғыштармен жанасқанда 
белсенділігі жойылатын кейбір ферменттерінің (мысалы гидрогеназа 
ферменті) болуымен байланысты тӛмен парциалдық қысымда ғана олардың 
ферменттік белсенділіктері артады. 
Облигатты анаэробтар.
Энергияны алу үшін оттегіні қолданбайды. Зат 
алмасу оларда –ашыту арқылы жүреді. Екі түрінде ғана сульфатты тыныс алу 
бар, олар хемолитотрофтарға жататын 
Desulfovibrio, Desulfotomaculum. 
Облигатты анаэробтар екі топқа бӛлінеді: қатаң анаэробтар және 
аэротолеранттылар. 
Қатаң 
анаэробтарға 
молекулалық 
оттегі 
улы 
болады, 
ол 
микроорганизмдерді ӛлтіреді немесе ӛсуін тежейді. 
Қатаң анаэробтар энергияны майқышқылды ашыту жолымен алады. 
Қатаң анаэробтарға мысалы кейбір клостридиялар 
(C. botulinum, C tetani), 
бактероидтар 
жатады. 
Аэротолерантты 
микроорганизмдер 
энергия 
алуда 
оттегіні 
қолданбайды, бірақ оттегі бар ортада тіршілік ете алады. Бұл топқа 
гетероферменттік сүтқышқылды ашыту жолымен энергия алатын 
сүтқышқылды бактериялар жатады. 
Факультативті анаэробтар. 
Оттегі бар әрі оттегі жоқ ортада да ӛсіп- 
ӛнуге қабілетті. Оларда зат алмасудың аралас түрі бар. Энергияны алу 
процесі оттегімен тыныстану кезінде оттегіні пайдалану арқылы, ал оттегі 
жоқ жерде ашытуға кӛшу арқылы энергия алуға қабілетті. Бактериялардың 
бұл тобына анаэробты нитратты тыныс алу тән. 
Микроорганизмдердің оттегіге түрлі физиологиялық қатынасы оттегі 
атмосферасында тіршілік етуге мүмкіндік беретін ферменттік жүйелерінің 
болуымен байланысты. Оттегі атмосферасында ӛтетін тотығу процестері 
кезінде, флавопротеидтер тотыққанда түрлі улы заттар: сутектің асқын 
тотығы және оттегінің ашып кеткен радикалы, қосақталмаған электроны бар 
қосындылар түзілетіндігін атап ӛткен жӛн. Бұл қосындылар қанықпаған май 
қышқылдарының және ақуыздардың SH- тобының асқынтотықтануын 
қоздырады. 
Оттегінің улы әсерін бейтараптау үшін, ондай атмосферада тіршілік ете 
алатын микроорганизмдердің қорғаныс механизмдері болады. Бұндай 
бактерияларда сутектің асқын тотығы 
каталаза 
ферментімен су және 
молекулалық оттегіге ыдыратылады. 
Қатаң анаэробтарда каталаза да, пероксидаза да болмайды. Бірақ 
кӛптеген қатаң анаэробтарда супероксиддисмутаза ферменті кездеседі. Осы 
ферменттің кӛмегімен олар оттегіге тӛзімді болады. Кейбір қатаң анаэробтар 
(Bacteroides, Fusobacterium) молекулалық оттегінің аз мӛлшеріне де тӛзімсіз 
болады, ал Clostridium тұқымдастығының кейбір ӛкілдері оттегі 
атмосферасында тіршілік ете алады. Қатаң анаэробтарды дақылдандыру үшін 


39 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет