Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет33/84
Дата29.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#111771
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   84
Байланысты:
Ахметова микро

В)Цитохромоксидаза реакциясы

Цитохромоксидаза аэробты тыныс 
алатын бактерияларда кездеседі 
Әдісті қою

Пробиркаға зерттеу дақылын құямыз, үстіне 1% спиртті 
ерітінді α-нафтолын және 1% сулы ерітінді диметилпарафенилендиаминді 
құямыз. Реакция нәтижесі оң болғанда ақшыл кӛк түс пайда болады. 
Саңырауқұлақтар, құрылысы, жіктелуі және дақылдандыру. 
 
Микоздар-кең таралған жұқпалы аурулар, олардың қоздырғыштары 
микроскопиялық организмдер-саңырауқұлақтар (Fungi, Mycota, Mycetes). 
Саңырауқұлақтар хлорофилы жоқ, цитоплазмасында оқшауланған ядросы 
(немесе бірнеше ядросы), серпінді (ригидты) жасуша қабаты, кӛптеген 
вакоульдері, рибосомалары және басқа органеллалары бар біржасушалық 
немесе кӛпжасушалық эукариоттық микроорганизмдерге жатады. Олардың 
ӛсімдіктерге үлкен ұқсастығы бар, дегенмен кейбір метоболизмдік үрдістері 
жануарлар жасушасына жақындатады. 


44 
Саңырауқұлақ денесі (таллом-қабықшалар) мицелий (грибница) болып 
табылады. Олар перделері бар немесе жоқ, бұтақша жайылған түтікшелер 
тәрізді, және де бүршіктенген оваль, дӛңгелекше пішінді жасушалардан 
тұратын гифалар. Құрылымына байланысты (мицелийлерді құрайтын 
жасушалар пішіні және саңырауқұлақтар жасушасының бӛліну механизмі 
бойынша) саңырауқұлақтар 2 топқа бӛлінген: 
1.
Гифалылар немесе мицелийлілер (зең саңырауқұлақтар). 
2.
Бүршіктенушілер (ашытқылар, ашытқытәріздестер). 
Ең 
қысқа 
мицелийлер-ашытқыларда; 
ең 
ұзыны-кӛгерткіш 
саңырауқұлақтарда (мукорларда). Мицелийлер тұрақты түрде бұтақталып 
отырады; ескірген мицелийлер-дәнді, ірілеу, кӛптеген қосындылары және 
вакоульдері болады, жаңа мицелийлер-мӛлдір, нәзік, гомогенді. 
Саңырауқұлақтар арасында диформизм құбылысы тараған, бұл кезде 
саңырауқұлақтың бір түрі гифаларды да, және де бүршіктенген жасушаларды 
да түзе алады. Бүршіктенуден гифа түзуге ауысуы саңырауқұлақтың 
патогенділік белгілерінің күшейгені деп қарастыруға болады. Диформизм 
кокцидияларға (Coccidioides), гистоплазмаларға (Histoplasma), кандидаларға 
(Candida) тән. 
Мицелиялар біржасушалық, септаланған, яғни кӛлденең перделермен- 
септалармен (ол ценоцитті-бірегей, ортақ деп аталады) белінбеген болуы 
мүмкін; немесе септаланған кӛпжасушалы; немесе жалған мицелиялар 
(бүршіктеніп бӛліне бастаған жасушалардан тұратын) түзеді. Ценоциттік 
саңырауқұлақтарға 
зигомицеттер 
(Zygomycetes), 
септаланғандарға- 
аскомицеттер (Ascomycetes), дейтеромицеттер (Deuteromycetes) және 
базидиоммицеттер (Basidiomyctes) жатады. 
Саңырауқұлақтарды субстраттарда (тері, шаш, тырнақ немесе 
зертханалардағы қоректік орталар) ӛсу сипаты бойынша вегетативтік 
(субстраттық) және репродуктивтік (ауалы) деп бӛледі.Сырттай қарағанда 
зертханалық жағдайда субстарттық түрі қоректік ортаның бетінде (сирек 
жағдайда ішінде) орналасады; ал репродуктивті түрі-субстраттың беткейінен 
жоғары кӛтеріліп ӛседі. 
Саңырауқұлақтар жыныстық және жыныссыз жолмен кӛбейеді. 
Жыныстық жолмен кӛбейетіндер-жетілген саңырауқұлақтар, ал жыныссыз 
жолмен кӛбейетіндер-жетілмеген саңырауқұлақтар деп аталады. Бірқатар 
саңырауқұлақтартарда жыныстық және жыныссыз жолмен де кӛбейетіндігі 
анықталған. 
Жыныстық жолмен кӛбею аскомицеттерге, базидиомицеттерге және 
зигомицеттерге тән. Осындай жолмен кӛбею бірнеше сатыдан тұрады. Бұл 
кезде бір-біріне жақын орналасқан екі шеткі гифалардың бірігуі, гаметалар, 
жыныстық споралар және басқа жыныстық құрылымдар (телеморф) пайда 
болуы іске асады. Мұндай үрдіс нәтижесінде жыныстық споралар пайда 
болады: қалталарда (аскаларда) – жетілетін аскоспоралар, ӛнім беретін 
денешіктерде 
– 
жетілетін 
базидоспоралар, 
зигоспоралар. 
Саңырауқұлақтардың 70 %- да дамудың жыныстық фазасы тіркеледі, ал 
жыныстық даму кезеңінің аралығында саңырауқұлақтар жыныссыз жолмен- 


45 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет