1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет53/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Қосымша әдебиеттер:
1.Актуальные проблемы истории педагогики, педагогики и психологии. 
Сборник научных статей / Ответственный редактор Лукашенко С.Н. – 
Алматы: Лингвистический колледж при КазГУМЯ, 2017.-80 с. 
2.Волков И.П. Учим творчеству. - М., 2016. 
3.Ильин Е.Н. Искусство общения. - М., 2018. 
4.Лысенкова С.Н. Когда легко учиться. - М., 2015. 
5.Народное образование в ГДР. - М., 2013.
6.www.inter – pedagogika. Ru 
7.www.pedagogy.ru 
8.www.gala – d.ru 
9. www.pedagogika.org.ua 
10.www.psychology.biz 
10.www.psychology.biz 


93 
Дәріс №8. Тақырыбы:Социалистік қоғам орнату кезеңіндегі совет 
мектебі мен педагогиканың тарихы. Ұлы октябрь социолистік 
революциясы және елімізде оқу- ағарту саласындағы негізгі 
өзгерістердің басталуы. Мектепті қайта құру жөніндегі деректер. 
 
Жоспар: 
1.
 
Социалистік қоғам орнату кезеңіндегі совет мектебі мен 
педагогиканың тарихының дамуы 
2.
 
Қазақстандағы мектеп жүйесі. 
3.
 
Мектептің оқу жоспары мен оқу бағдарламалары. 
4.
 
Мектеп жұмысы жөніндегі қаулылар 
 
1. Социалистік қоғам орнату кезеңіндегі совет мектебі мен 
педагогиканың тарихының дамуы 
Ұлы октябрь социалистік революциясы қанауға негізделген ескі қоғамды 
жойып, еліміздің қоғамдық өмірінде жаңа өзгерістер жасауға кірісті. Соның 
бірі оқу- ағарту ісіндегі ірі өзгерістер еді. Октябрь революциясынан бұрын 
мектеп буржуазия үшін таптық қанаудың құралы болып келсе, енді мектепті 
комунистік қоғамды құрудың құралына айналдыруды міндет ету көзделді. 
Барлық оқу- ағарту жүйесін революциялық түрде қайта құру міндеті Ұлы 
октябрь революциясы жеңген алғашқы күндерден басталды. 1917 жылы 9 
ноябрьдегі декрет бойынша, оқу- ағарту жөнінде мемлекеттік комиссия 
құрылды, ол еліміздегі халық ағарту ісін қайта құрудың негізін жасауға 
кірісті. Коммунистік партия мен Совет үкіметінің талабына сай Халық ағарту 
комиссары А.В Луначарский халыққа, мұғалімдерге және оқушыларға үндеу 
жолдады. Бұл үндеуде Совет үкіметінің халық ағарту саласындағы міндеттері 
және оны ұйымдастырудың принциптері жарияланды. Ол үндеуде негізінен 
мынадай мәселелер сөз болды: жаппай міндетті бастауыш оқу, мектептің 
барлық басқышының жалпыға бірдей болуы, мектептің дінсіз сипатта болуы, 
мектеп құруда жергілікті ерекшеліктермен қатар, ұлттық ерекшеліктерді 
ескеру, жаңа мектепті құрудың барлық мәселелерін талқылауға мұғалімдерді 
араластыру. Мұғалімдер де, оқушылар да жұмысшылармен революцияшыл 
халықпен тығыз байланысты болуға тиіс. 
В.И Лениннің ұсынысы бойынша бірінші Халық ағарту комиссары болып 
А.В. Луначарский болып тағайындалды. 
Бірінші советтік Халық ағарту комиссарының қолымен жазылған 
алғашқы оқу- ағарту жөніндегі документтер сол кездегі революцияшыл 
идеялардың пафосын көрсетті. Олар: “Ресей азаматтарына үндеу”, “Барлық 
оқытушыларға”, “Барлық оқушыларға” Наркомпростың шағын программасы 
болды.
В.И Ленин нұсқауларын іске асыра отыра, А.В Луначарский және оның 
әріптес жолдастары мектеп жөніндегі әрбір реформа мен әрбір декретті 
қалың халық бұқарасының талқысына салуға тырысты. Халық комиссары 
Наркомпростың жұмысы жөнінде жұмысшылар митингілерінде есеп беріп 
отырды. 


94 
20- жылдардағы Халық ағарту комиссарының жұмыс бағыты әр салалы 
даярлық пен әзірлікті талап етті. Оның алдында сауатсыздықты жою, 
мектепке дейінгі тәрбие, жаңа еңбек мектебін құру, мамандық алу, жоғары 
білім, саяси ағарту, революцияшыл марксизм идеяларын насихаттау, кітап 
бастыру, искусство мен әдебиеттің күллі салаларын дамыту жөніндегі 
мәселелер тұрды.
А.В. Луначарскийдің совет педагогикасы тарихындағы өшпес еңбегі- 
совет мектебінің негізгі бағыттарын белгілеген негізгі документ- “Біртекті 
еңбек мектебінің ережелерін” құруында еді. 
Сөйтіп, А.В Луначарский совет мектебін революция ісіне бағындырған 
педагогика мен мәдениеттің қайраткері болды.
1918 жылдың январында ескі оқу- ағарту ісін басқару жүйесі таратылды, 
халық училищелерінің директоры және инспекторының қызметтері 
жойылды, бастауыш және орта мектептердің жұмысын басқару жергілікті 
жұмысшы және шаруа депутаттарының Советтеріне берілді. 1918 жылы 26 
июньде “Халық ағарту ісін ұйымдастыру туралы” декрет қабылданда. Бұл 
декрет бойынша еліміздегі оқу- ағарту ісін арнаулы мемлекеттік комиссия 
басқаруға тиісті болды, ал жергілікті жерлерде жұмысшы және шаруа 
депутаттары Советтерінің атқару комитеттері жанынан губерниялық, уездік, 
болыстық халық ағарту бөлімдері құрылды. Бұл бөлімдердің жанынан халық 
ағарту советтері ашалды. Халық ағарту советтері мұғалімдер мен 
оқушылардың өкілдерінен тұратын кеңесші орган болды. 
1917 жылдың 15 декабірінде бұрын шіркеуге бағынып келген діни оқу 
орындары Халық ағарту комиссариатына беріліп, жалпы білім беретін мектеп 
етіліп қайта құрылды. 1918 жылдың 21 январында шіркеуді мемлекеттен 
және мектепті шіркеуден айыру жөніндегі декретке В.И Ленин қол қойды. 
Бұл декрет бойынша әр түрлі дінге сенуге қарай бөлушілік және шектеу 
немесе кемістушілікке тыйым салынды, адамдардың қандай дінге сенбеуіне 
толық ерік берілді. Декретте мектептерде дін сабағын оқытуға немесе діни 
ғұрыптарды уағыздауға тыйым салынды. Бұл декрет жас ұрпаққа шіркеудің, 
жалпы діннің зиянды әсерін жойды, мектепті діннен арылтты. 
Мектепте оқуға соловиелік және ұлттық шектеушілік, әйелдердің оқуға 
теңсіздігі арнаулы деректермен жойылды. 1918 жылы 31 майда Халық ағарту 
комиссариатының қауылысымен мектепте ұлдар мен қыздарды бірге оқыту 
енгізілді.
Октябрь революциясының алғашқы күндерінен бастап мектептің барлық 
түрлерін Халық ағарту комиссариатының қарамағына топтастыру талап 
етілді, мектеп реформасының орындалуы жүзеге асырылды. 
Совет үкіметінің жоғарыда аталған деректері мен шараларын жүзеге 
асыруда контрреволюциялық элементтер тарапынан зор кедергілер де 
кездесіп отырды. Олар бұл декреттерді жүзеге асырмауға тырысты, 
мұғалімдерді қорқытуға дейін барды. Коммунистік партия мен Совет үкіметі 
табанды түрде күрес жүргізу нәтижесінде ғана мектепті революциялық 
жолмен қайта құру жүзеге асырылып отырды. 


95 
Мұғалімдер октябрь революциясына әр түрлі көзқараста болды. Орта 
мектептің мұғалімдерінің біраз бөлігі Октябрь революциясына қарсы жақта 
болды. Мұғалімдердің бір бөлігі совет үкіметіне қарсы шықты. Олар бүкіл 
Ресейдік мұғалімдер одағының революцияға қарсы әрекетін жақтады. Бұл 
одақ москвада мұғалімдердің ереуілін ұйымдастырды. Ол ереуіл 1917 
жылдың декабірінен 1918 жылдың мартына дейін созылды. Москва 
буржуазиясы ереуіл жасаған мұғалімдерге ақша төлеп тұрды. Соған 
қарамастан мұғалімдердің басым көпшілігі Октябрь революциясын қызу 
қарсы алды. Олар мектепті революциялық жолмен қайта құруда Коммунистік 
партия мен Совет үкіметіне белсенді көмек көрсетті. Контреволюциялық 
Бүкіл россиялық мұғалімдер одағына қарсы 1917 жылы интернационалист 
мұғалімдердің одағы құрылды. 1918 жылдың июнь айының басында 
интернационалист мұғалімдердің Бүкіл россиялық съезі болды. Бұл съезде 
В.И Ленин мұғалімдерді буржуазияға қарсы күресуші еңбекшілермен бірге 
болуға шақырды. В.И. Ленин ескі мұғалімдермен ерінбей жұмыс істеп, 
оларды қайта тәрбиелеуге шақырды, себебі олардың көбі патша үкіметі 
тұсындағы оқу- орындарында пролетариатқа қарсы рухта тәрбие алатын 
болатын. Халық ағарту комиссариаты мен жергілікті оқу- ағарту бөлімдері 
мұғалімдер 
үшін 
съезд, 
курс 
және 
конференцияларды 
кеңінен 
ұйымдастырды. 
1918 жылдың август айында оқу- ағарту ісі жөнінде Бүкіл Ресейлік 
бірінші съезд болды. Съезде оқу- ағарту ісі жөніндегі мемлекеттік комиссия 
әзірлеген “Біріңғай мектеп туралы ереженің” жобасы қаралып мақұлданды. 
Сонымен бірге ағарту ісінің барлық салаларын ұйымдастырудың негізгі 
мәселелері қаралды. В.И Лениннің бұл съезде сөйлеген сөзінің өте зор мәні 
болды. Ол өзінің сөзінде буржуазиялық мектептің таптық сипатын ашып 
көрсетті, елдегі мәдени жұмыстардың социалистік революцияның 
мақсаттарымен байланысын айқындады.
1919 жылдың январында интернациолист мұғалімдердің Бүкіл Ресейлік 
екінші съезі болды. Бұл съезде В.И Ленин мұғалімдерді олардың барлығын 
қамтитін кәсіподақ құруға шақырды. Бұл оқу- ағарту және социалистік 
мәдениет қызметкерлерінің одағы болып құрылды.
Мұғалімдерді қайта тәрбиелеуде қысқа мерзімді курстардың мәні өте зор 
болды. Ол курстарда саяси мәселелермен қатар, педагогикалық тақырыпта 
лекциялар оқылды. Халық мұғалімдері туралы зор қамқорлықтың айғағы 
ретінде 1917 жылдың ноябрь айынан бастап мұғалімдердің еңбек ақысын 
көбейту жөнінде 1918 жылдың 3 январындағы Халық Комисарлар Советінің 
қаулысы шықты. Совет үкіметіне қарсы элементтерді мұғалімдер қатарынан 
аластауда, мұғалімдік қызметке алдыңғы қатарлы интелегенцияны тартуда 
оқу- ағарту ісі жөніндегі мемлекеттік комиссияның “Педагогтық және 
педагогтық басқару қызметкерін сайлау туралы” қаулысының зор мәні 
болды. Бұл сайлау елімізде 1918 жылдың жазында өткізілді. 
Ең қиын мәселе жаңа мұғалім кадрларын даярлау еді. Өйткені мектеп 
саны тез өсті. Ал педагогтық оқу орындары өте аз болатын. Осыған 
байланысты еліміздегі мұғалімдер семинариялары үш жылдық педагогтық 


96 
курстарға, ал оқытушылар институты жоғары дәрежелі педагогтық оқу 
орындарына айналдырылды. 
1920 жылдың аяғында РСФСР- да 57 жоғары дәрежелі педагогтық оқу 
орындары болды. Онда 10 мыңнан астам студенттер оқыды, 154 үш жылдық 
педагогтық курстарда және бір жылдық 90 педагогтық курстарда барлығы 24 
мың адам оқыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет