Совет мектебінің алғашқы қадамдары.
1918 жылы оқу- ағарту жөніндегі мемлекетік комиссияда А.В
Луначарскийдің және Н.К. Крупскаяның басқаруымен “Бірыңғай мектеп
туралы ереже” және “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі принциптері” атты
документтері даярлау ісі жүргізілді.
1918 жылдың 16 октябірінде осы аталған документтер жарияланады. Ол
документтің екіншісі “Бірыңғай еңбек мектебі туралы деклорация” деген
атпен халыққа тарады. Онда негізінен “Ережеге” түсінік берілді, себебі
ережеде кейбір мәселе қысқа түрде ғана болатын. Сонымен бірге мұнда
мектепті негізінен революциялық жолмен қайта құру ісі белгіленеді.
“Декларация”
мектептің
саясатпен
байланысты
болуын
совет
педагогикасының ең негізгі принципі етіп көрсетті. “Декларацияда” мектепті
жалпы халықтық ету мәселесіне көп көңіл бөлінді. Мектеп екі басқыштан
тоғыз жылдық болып құрылды; біріншісі 5 жыл, екіншісі 4 жыл. Мектепте
дін сабағын оқытуға, діни ғұрыптарды жүргізуге тыйым салынды. Мектепті
политехникаландыру міндеті қойылды.
Оқытудың мазмұны мен әдістері жөнінде “Декларацияда” формализм
және схоластиканың болмауын, балалардың қызығуын ескеру, олардың
белсенділігін, өзінше жұмыс істеуін дамыту, мектептердің өмірін тығыз
байланысты болуын, әсіресе еңбекке баулуды орынды деп санады. Мектеп
жанындағы учаскеде жұмыс істеу, оқушылардың өнімді еңбегін
ұйымдастыру талап етілді. Әсіресе, оқушыларды жан- жақты дамыту, соның
ішінде дене тәрбиесі және эстетикалық тәрбиеге көп көңіл бөлінді.
“Декларация” мен “Ережеде” оқушылар мен оқытушылар жөнінде жаңа
пікірлер айтылды. Ескі мектептегі бюрократизм, оқушыларды қатаң
бақылаудың, ұрып- соғып жазалаудың орнына, балаларды қадірлеу,
мұғалімдердің еркін жұмыс істеуіне ерік беру, оқушылар ұйымдарына ірі
право беру мәселесі қойылды.
Бұл документтерді кейбір кемшіліктер де орын алды. Мысалы, емтихан,
үйге тапсырма беру мәселесін мүлде жоюды талап етті.
Мектептегі оқытуға жаңа мазмұн, әдістер енгізілгенімен де, бұл
документтер жалпы дәрежелі білім беру мәселесіне жете көңіл бөлмеді,
еңбек тәрбиесін және әр түрлі көрнекілікке негізделген әдістердің мәнін
асыра бағалады. Мұғалімнің ролі жете бағаланбады.
Осы кемшіліктеріне қарамастан, “Ереже” мен “декларация” сол дәуірде
ең құнды документтер еді. Себебі олар революциялық рухта, демократизм,
гуманизм негізінде жазылды. Онда әсіресе мектептегі оқуды практикалық
өмірмен тығыз байланыстыру көзделді.
97
1919 жылы партияның VIIІ съезінде Коммунистік партияның
программасы қабылданды. Оның жобасын В.И Ленин жазған еді.
Программада Совет үкіметі құрған мектеп пен оқу- ағарту ісінің негізін әрі
қарай дамытудың міндеттері белгіленді, онда:
1.
17 жасқа дейінгі ер балалар мен қыз балаларға тегін және міндетті,
жалпы әрі политехникалық білім беру;
2.
Ана тілінде оқытатын біріңғай еңбек мектебі принципін толық жүзеге
асыру, оның қандай да болсын діннің әсерінен азат болуын, оқытудың
қоғамдық өнімді еңбекпен тығыз байланысты болуын, коммунистік
қоғамның жан- жақты дамыған мүшелерін даярлауды қамтамассыз ету;
3.
Барлық оқушыларды тамақпен, аяқ киіммен және оқу құралдарымен
мемлекет есебінен жабдықтау;
4.
Коммунизм идеясымен шыңдалған жаңа ағарту қызметкерлерін
даярлау...
1920 жылдың 2- 10 октябрь күндері Ресей Коммунистік Жастар
Одағының ІІІ съезі өткізілді. Съездің алғашқы күні В.И. Ленин жастардың
міндеті туралы сөз сөйледі. Бұл В.И. Лениннің тарихи мәні бар көрнекті
шығармаларының бірі- коммунистік тәрбиенің программасы болып танылды.
1918- 1920 жылдары елдегі азамат соғысына және шаруашылықтың
қиындықтарына қарамастан қысқа мерзімнің ішінде мектеп пен
оқушылардың саны тез өсті. 1920- 1921 оқу жылында совет елінде 118.398
мектеп болды. Оларда 9.781.000 бала оқыды. 1914- 1915 оқу жылымен
салыстырғанда, әсіресе орта мектептің саны екі есе өсті. 1920- 1921 оқу
жылында олардың саны 4.163 болды. Орта мектептің саны әсіресе селолық
жерлерде тез қарқынмен өсті. 1914- 1915 жылы селолық жерде не бары 72
мектеп болса, 1920- 1921 жылы мектептің саны 2144 болды. Бұл мектептерде
негізінен шаруалардың балалары оқыды. Орта мектептерде оқушылардың
әлеуметтік құрамы мүлде өзгерді. 1918- 1919 жылдарда орта мектептерде
жұмысшылар мен шаруа балаларының саны едәуір орын алды.
Жұмысшылар мен шаруалардың мектеп жасынан есейіп кеткен балалары
үшін 1919 жылдан бастап оқу орындарының жаңа түрі- жұмысшы
факультеттері ашыла бастады. Бұл оқу орындары 4 жылда жастардың жоғары
оқу орындарына түсуіне қажетті орта білім берді.
Еліміздің шаруашылық, саяси және мәдени өміріне әйелдердің белсенді
араласуына мүмкіндік жасау үшін бала- бақшалары мен яслиі және ойын
алаңдары ұйымдастырыла бастады.
1919 жылы 26 декабрьде В.И Лениннің инициативасымен даярланған
және ол өзі қол қойған сауатсыздықты жою туралы декрет жарияланды.
Декрет 50 жасқа дейінгі еліміздің азаматтарын орыс тілінде енмесе ана
тілінде сауатты болуға міндеттеді.
Елімізде ондаған мың сауатсыздықты жою пункттері мен шала
сауаттылар үшін мектептер ашылды. Мұғалімдер, комсомолдар және әр түрлі
мамандар қоғамдық міндет ретінде жоғарыда аталған оқу орындарында оқу
ісін ойдағыдай ұйымдастырды.
98
1914-1918 жылдардағы бірінші дүние жүзілік соғысқа дейін патшалық
Ресейде екі жарым миллионнан астам аш- жалаңаш қалған панасыз балалар
бар еді. Ал азамат соғысы жылдарында бұлардың саны тіпті көбее түсті.
Совет үкіметінің алдында балалардың панасыздығымен күресу міндеті
тұрды. Жүздеген мың балаларды аштан өлуден немесе моральдық
азғандаудан құтқару керек болды. Осы мақсатпен балалар үйлері құрылды.
1921 жылдың басында республикада 5 мыңнан аса балалар үйлері болды,
оларда 260 мың панасыз балалар тәрбиеленді. Келесі жылы балалар
үйлерінің саны 7815- ке, оларда тәрбиеленетін балалардың саны 415 мыңға
жетті.
Ұлы Октябрь социолистік революциясы орталық аудандарда жеңіске
жеткен соң шеткі аудандарда совет үкіметі үшін күрес басталды. Совет
үкіметі жариялаған Ресей халықтары праволарының “декларациясы”
еліміздегі халықтардың теңдігін, өз билігіне өзі ие болып, еркін дамуға
мүмкіндік алғанын дүние жүзіне аян етті. Октябрь революциясын жеңген
алғашқы күндерінен бастап Ұлттар ісі жөніндегі халық комиссариаты
құрылды.1918 жылдан бастап орыстан басқа халықтар тұратын жерлерде өз
ана тілінде басқару орындары, сот, мектеп және т.б ағарту ұйымдары жұмыс
істей бастады. Ұлттық педагогтық кадрлар даярлау, ұлттық оқулықтар
дайындау қлға алынды, бұрын жазуы жоқ халықтар үшін өз тілінде алфавит
жасалынды.
Елдегі қиын жағдайларға қарамастан, аз уақытта ұлттық аудандардағы
оқушылардың саны екі- үш есе өсті. 1914 жылмен салыстырғанда, 1920
жылы Чувашияда мектептің саны екі жарым есе өсті. Волга бойында, қазақ
жерінде және т.б жерлерде де мектептің саны осындай тез қарқынмен
дамыды. Орыстан басқа халықтар тұратын жерлерде екінші басқышты
мектептердің ашылуы зор табыс әкелді.
1920 жылы Халық ағарту комиссариаты совет мектебінің оқу жоспарын
жариялады. Жоспар бойынша бірінші класта оқу сағаты жеке пәндерге
бөлінеді. Бұл класта тіл дамыту, сауат ашу, санауға үйретуге, сонымен қатар
табиғатпен таныстыру, сурет және ән- күйге көңіл бөлінді.
Совет мектебінің бұл алғашқы оқу жоспарының революцияға дейінгі
Ресей мектебінің және капиталистік елдер мектебінің оқу жоспарларынан
өзгешелігі- әр түрлі оқу пәндерінің кең түрде оқытылуында еді. Тіл мен
әдебиет және математика пәндеріне, сол сияқты жаратылыстану, физика
және химия пәндеріне оқу сағаттары көп берілді. Дене тәрбиесі мен өнертану
сабақтарына едәуір оқу сағаттары белгіленді.
Алғашқы оқу жоспарының негізгі кемшілігі- оның орындауға міндетті
болмауында еді, ол үлгі ретінде ғана ұсынылды. География пәні өте кеш, тек
VI кластан бастап оқытылды. Шет тіліне өте аз уақыт берілді, биология және
тарих пәндері тым ерте- екінші кластан бастап оқытылды, қол еңбегіне
арнаулы уақыт берілмеді.
Алдыңғы қатарлы мұғалімдер жұмыс істеген мектептерде оқу тәрбие
жұмыстарының мазмұны Октябрь революциясы жеңген алғашқы күндерден-
99
ақ өзгерді. Дін сабағын оқыту тоқтатылды. Балаларға Қызыл Армияның
ерлігі және Совет республикасын қоршаған жаудан қорғау туралы айтылды.
Көптеген мектептерде оқушылар үйірмелері ұйымдастырылды. Алдыңғы
қатарлы мұғалімдер еңбек тәрбиесіне, балаларды коллектившілдік рухында
тәрбиелеуге көп көңіл бөлді. Мектептердің жанынан шеберханалар
ұйымдастырылды.
Мектеп жұмысында бұл дәуірде жетістіктермен қатар, елеулі олқылықтар
да орын алды. Оқу жоспары мен программаларының міндетті болмауы
жергілікті жерлерде жұмыста ала- құлалықтың болуына әкеліп соқтырды.
Көп сабақтан оқушылардың уақыты көбінесе диаграмма, схема сызуға кетті.
Емтихан, үйге тапсырма беру міндетті болмады. Балалардың білімін
күнделікті қадағалау жолға қойылмады.
Осы айтылған кемшіліктерге қарамастан, бұл кезең ескі мектеппен ауыр
күрес жылдары, алдыңғы қатарлы мұғалімдердің ерлікпен еңбек еткен
жылдары болды. Осы жылдары мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жүйесінің
іргесі қаланды.
Достарыңызбен бөлісу: |