1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


- 1936 жылдардағы совет мектебі мен педагогика



Pdf көрінісі
бет55/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

1921- 1936 жылдардағы совет мектебі мен педагогика. 
Елімізде азамат соғысы жеңіспен аяқталғаннан соң, совет халқы халық 
шаруашылығын дамыту мәселесін қолға алды. Бұл жұмысты өте қиын 
жағдайда жүргізуге тура келді, алдымен елде мәдениет және оқу- ағарту 
мәселесін көтеру керек болды. Социалистік өнеркәсіпті дамыту үшін 
дайындығы бар мамандар мен маман жұмысшылар қажет еді.
В.И Ленин бұл дәуірдегі өз еңбектерінде, сөйлеген сөздерінде елдің 
мәдениетін көтерудің қажеттігін ерекше атап көрсетті. Мәдениет 
революциясын жүзеге асырмайынша, экономика жағынан артта қалған 
Россияны алдыңғы қатарлы күшті социалистік ел ету мүмкін емес деп 
есептеді ол. 
“Карпарация туралы” деген еңбегінде В.И Ленин шаруалардың жеке 
шаруашылығын біріктіру жөнінде партия алға қойып отырған міндетке 
шаруалардың мәдениетін көтеру де кіреді деп жазды. “Толық кооперация 
мәдениет революциясы болмайынша, мүмкінемес”, - деп санады ол. 
Мәдениет революциясын дамытуда, сауатсыздықты жоюда, өнеркәсіп 
пен ауыл шаруашылығына қажет мамандарды даярлауда, социалисттік 
құрылыстың белсенді күрескерлерін тәрбиелеуде совет мектебі үлкен роль 
атқаруға тиіс болды.
Бейбіт құрылыс жағдайында мектепті дамыту мәселесін талқылау үшін 
1920 жылдың 31 декабірінен 1921 жылдың 4 январына дейін оқу- ағарту 
жөнінде 1- партиялық мәжіліс шақырылды. Мәжілісте Н.К Крупская, А.В. 
Луначарский және т.б жолдастар халық ағарту жүйесінің негізгі бөлігі – 
мектеп деп шешіп, ол партия программасының талабына сай, еліміздің 
барлық жас ұрпағына революциялық тәрбие беруге тиісті деп санады. Совет 
республикасында балалардың кәсіптік даярлықпен қатар, кең, жалпы білім 
алуға тиіс екендігі де атап айтылды. 
Мәжіліс жалпы дәрежелі білім беретін мектептің негізгі типі деп жеті 
жылдық мектепті санады. Осы мектептің негізінде 3- 4 жылдық техникум 


100 
және т.б кәсіптік- техникалық оқу орындары ашылды. Мәжілімте 
жұмысшылардың балаларына фабрика- завод оқушылары училищесін 
құруды қажет деп тапты. Жаңа оқу- ағарту жүйесін қалыптастыруда, 
мектепті халық шаруашылығының талабына жақындастыруда 1- партия 
мәжілісінің зор мәні болды. Сол дәуірдің талабына сай жеті жылдық мектепті 
негізгі звено деп санаудың үлкен мәні бар еді. Жеті жылдық мектеп ұзақ 
дәуір бойы совет мектебінің негізгі типі болып келді. 
Жеті жылдық мектеп негізінде құрылған техникумдар арнаулы орта білім 
жүйесінде негізгі звено болып дамыды. Жоғарыда аталған мәжілісте 
ұсынылған оқу- ағарту жүйесі елдің шаруашылығы мен мәдениетінің даму 
талабына сай өте ыңғайлы жүйе болды. Сонымен бұл дәуірде елімізде мектеп 
жүйесі: бірінші бастауыш мектептен, жеті жылдық мектептен, тоғыз жылдық 
мектептен құрылды. 
1924 жылдан бастап мектептің VIII- ІХ кластарында белгілі мамандыққа 
даярлау жүргізілді. Осы мақсатпен ол кластарда жалпы дәрежелі білім 
бнрнтін пәндермен қатар, арнаулы пәндер және белгілі мамандық бойынша 
өндірістік практика енгізілді. Бұл дәірде еліміздегі оқу- ағарту жүйесінде 
1919 жылы құрыла бастаған жұмысшы факультеттерінің ролі зор болды. 
Бұлар жастарды жоғары оқу орнына түсуге даярлайтын, жалпы дәрежелі 
білім беретін мектептің сол кезеңдегі негізгі түрінің бірі болды. Жұмысшы 
факультеттері санының тез көбеюі жоғары оқу орындарына жұмысшы 
жастарды көптеп тпртуға мүмкіндік берді, пролетарлық интелегенцияның 
өсуіне жағдай жасады. 1919 жылдан 1929- жылға дейінгі 10 жыл ішінде 
жұмысшы факультетінде 40 мың жұмысшы және шаруа жастары оқыды. Бұл 
факультеттерді бітірген жұмысшы жастардың 75 проценті Ж.О.О- на оқуға 
түсті. Жұмысшы факультетерін бітіргендердің 80- 90 процентке дейінгі 
техникалық және экономикалық Ж.О.О- на қабылданды. 
1921 жылдан бастап өнеркәсіп орындары жанынан 4 жылдық фабрика- 
завод училищесі ашыла бастады. Бұлар өнеркәсіппен транспорт үшін маман 
жұмысшыларды даярлады.
1923 жылдың күзінен бастап, селолық жерлерде шаруа жастарының 
мектебі ашыла бастады. Бұған бастауыш мектепті бітірген жастар түсіп 
оқыды. Оқу мерзімі 3 жылға созылды. Бұл мерзімде жалпы дәрежелі білім 
мен қатар, агрономиядан, техникадан, ауыл шаруашылығын ұйымдастыру 
мәселелерінен білім берді. Мұны бітірушілер орта мектептің жоғары 
кластарында, техникумдарда оқып, Ж.О.О- на түсуге мүмкіндік алды.
2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет