1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Қазақстандағы мектеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет56/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Қазақстандағы мектеп жүйесі. 
1920 жылдары қалыптасқан еліміздегі халық ағарту жүйелерінің 
Қазақстанда өте үлкен ерекшеліктері болды. Бұл ерекшеліктер Қазақстанның 
Октябрь революциясына дейін мәдениет жағынан өте артта болуына, 
халықтың көшпелі өміріне, мектеп жұмысынан белгілі тәжірибенің 
болмауына, мұғалімдердің жеткіліксіздігіне байланысты еді.
Бұл дәуірде көшпелі қазақ жерінде алдымен бастауыш мектептер құру 
ісіне ерекше көңіл бөлінді. Көшпелі қазақ елінің жағдайы еліміздегі 
отырықшы аудандардан мүлде өзгеше болды. Алғашқы қазақ совет 


101 
мектептері киіз үйлерде ашылды. Алғашқы мұғалімдер арнаулы 
педагогикалық білімі жоқ қысқа мерзімді курстарда оқыған, сауаты ғана бар 
адамдар болды. Бұл мұғалімдер көбінесе оқушылардың сауатын ашу міндетін 
атқарды. Жоғарыда көрсетілген жағдайларға байланысты Қазақстанда 
коллективтендіру 
ісі 
қолға 
алынып, 
көшпелі 
қазақ 
елін 
отырықшыландырғанға дейін қазақ мектептерінің көпшілігінде 1 және 2 
бөлімдер ғана болды. 
Толық төрт бөлімі болатын қазақ бастауыш мектептерін құру 
мақсатымен, Қазақстанда интернаты бар коммуна мектептері ашылды. 
20 жылдары творчестволық жұмыстар жүргізілуімен байланысты қазақ 
совет мектептері алға басты. Қазақ жазуы мәселесі шешілді, алғашқы әліппе 
жасалды. Арифметикадан, жаратылыстанудан қазақ тілінде оқулықтар 
жазылды. 
Мектептің өсуі. 
1928-29 жылдардағы Коммунистік партияның Орталық Комитетінің 
Пленумдарында еліміздің социалистік жолмен индустрияландыру міндетіне 
сәйкес халық шаруашылығына қажет кадрлар даярлау жүйесін қайта құру 
туралы шешімдер қабылданды. Бұрын оқу- ағарту халық комиссариатына 
қарасты болып келген белгілі мамандыққа даярлайтын арнаулы оқу 
орындары 1929 жылы тиісті мамандықтарына сай шаруашылық 
орындарының басқаруына берілді. Бұл жағдай мамандар даярлаудың сапасын 
жақсартуға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар жалпы дәрежелі білім беретін 
мектептің жұмысын жақсартуға да тиісті көңіл бөлінді. 1928 жылғы партия 
пленумының шешімдерінде екінші басқыш мектептің оқу жұмысын жақсарту 
мәселесі қаралды. Екінші басқыш мектеп жастарды Ж.О.О- а түсіп, оқи 
алатындай дәрежеде даярлауы қажет деп саналды. Пленум Ж.О.О мен 
техникумдарда оқитындардың ішінде жұмысшылардың санын 65 процентке 
жеткізуді талап етті, жұмысшы аудандарында жеті жылдық және тоғыз 
жылдық мектептердің көбейтілуі, онда оқитын жұмысшы балаларының 
материалдық 
жағдайын 
жақсарту 
шаралары 
оқу- 
ағарту 
халық 
комиссариатына жүктелді. 
1922-23 оқу жылынан бастап, жалпы білім беретін мектептің саны тез 
қарқынмен өсе бастады. 1925-26 оқу жылы РСФСР қалаларында барлық 
балалар бастауыш мектепке тартылды. Оқушылардың әлеуметтік құрамы да 
мүлде өзгерді. Совет мектебінің негізгі контингенті еңбекшілердің балалары 
болды, олардың негізгі көпшілігі жұмысшы мен шаруалардың балалары еді.
СССР- дің ұлт аймақтарында мектеп өте тез қарқынмен өсті. Әсіресе 
мектептің жоғарғы басқыштары ерекше көбейді. 1922 жылмен 1925 жылдың 
арасында жеті жылдық және орта мектептердің саны Қырғыз АССР- інде үш 
есе, Башқұрт АССР- інде екі есеге жуық өсті. Бұл жағдай ұлт аймақтарында 
советік интеллигенцияның қалыптасуына негіз болды.
Бірінші бес жылдықтың жоспары бойынша бірнеше ірі мәдени 
шараларды жүзеге асыру белгіленді. Оның бастылары: 16 жас пен 50 жас 
арасындағыларды сауатсыздықты жою мектептеріне тарту, жаппай міндетті 


102 
оқуды жүзеге асыру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына қажетті кадрларды 
даярлау еді.
1928- 29 оқу жылында 2 млн- дан астам, ал 1930-31 оқу жылында 11 млн 
адам сауат ашты. Халықтың білімге талабының артуына байланысты, 1927 
жылдан бастап шала сауатты адамдарды жаппай оқыту жүзеге асырылды. 
Осы шаралардың нәтижесінде 1930 жылы СССР- де халықтың 67 проценті 
сауатты болды. 
1929-30 оқу жылында еліміздегі бастауыш мектептердің саны 1914- 1915 
оқу жылымен салыстырғанда 19,3 процентке өсті, ал оларда оқитын 
оқушылардың саны 40 процентке артты. 
3.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет