1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Н.К.Крупская жаңа адамды тәрбиелеу туралы



Pdf көрінісі
бет62/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Н.К.Крупская жаңа адамды тәрбиелеу туралы. 
Н.К.Крупская өзінің 
еңбектерінде, баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде марксизм-ленинизм 
ілімі негізінде оқыту және тәрбие мәселелерін қарастырды. Жаңа социалистік 
мектеп үшін күресуде партияның большевиктік программасын қуаттап 
насихаттады. Мектептің саясатпен байланысты болуы туралы лениндік 
принципті, бірыңғай еңбек мектебі болуын, Оның діннен алшақ болуын 
жақтады, патриоттық және интернационалдық тәрбие беру мәселелеріне көп 
көңіл бөлді. 
“Мектеп мақсаты туралы мәселеге” деген мақаласында социалистік 
мектептен буржуазиялық мектептен айырмашылығы - мектептердің алдында 
қойған мақсатында деп көрсетті. Жұмысшы табының мектеп ісінде алдына 
қоятын мақсаты - әр баланың жеке басын дамыту, оның білімін тереңдету
санасын өсіру, ал мұндай мақсатты буржуазиялық қоғадық мектеп қоя 
алмайды.
Н.К.Крупская социализм орнату ісінде жас ұрпақты тәрбилеу мәселесі 
зор маңыз алады деп санады. Социализмнің қажетті алғы шарты социализм 
орнатуға қаблеті бар адамды тәрбиелеу деп есептеді. Н.К.Крупская айналаны 
қоршаған ортамен тығыз байланысты, балалардың ынтасын арттыратын, өз 
күш-жігерін әр салада пайдалануға мүмкіндік беретін мектеп қана адамның 
жеке басының дамуына жағдай жасай алады деді.
Н.К.Крупская оқушыларда коллективизм сезімін тәрбиелеуге үлкен мән 
берді, жаңа адам, социалистік қоғамның азаматы коллектиа мүддесін өз 
мүддесінен жоғары қояды, коллектив пікірімен санасады, өз еңбегімен 
коллектив алдында кір кетірмеуге тырысады деп көрсетті. 
Қарапайымдылық 
пен 
кішіпейілділік 
қасиеттерін 
Надежда 
Констанниновна өте жоғары бағалады, оларды адамның көркі деп санады.
Моральдық тәрбие негізінен оқу процесінде жүргізіліуі керек деген 
прогресшіл педагогтардың пікірін Н.К.Крупская қызу қуаттады. Сонымен 
қатар бқлл мәселеде сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының ролі 
күшті деп есептеді. Әсіресе коллектив қоғамдық пайдалы еңбекке 
араласудың зор мәні барын дәлелдеді. Н.К.Крупская мектептегі барлық оқу-
тәрбие жұмысының мазмұны және әр пәнді оқыту балаларға коммунистік 
тәрбие беру мақсатына бағынуы керек деп көрсетті.
Өз еңбектерінде Н.К.Крупская жеке пәндердің (тарих, география, 
жаратылыс тану,матеметика,әдебиет, орыс тілі, ана тілі және т.б.) 
оқытылуына арнайы көңіл бөлді. Жеке еңбектерінде оқушылардың 


111 
белсенділігін және саналылығын арттыру үшін әр пәнді оқытуға арнайы 
нұсқаулар мен кеңестер берді.
Н.К.Крупская балаларды еңбекке баулуға, жалпы еңбек тәрбиесіне үлкен 
мән берді, еңбектің тәрбиелік ролін өте жоғары бағалады. Ол еңбек 
тәрбиесін политехникалық білім берумен ұштастыру қажет деп санады, 
политехникалық білімнің жалпы білім негізінде берілуін талап етті. 
Поитехникалық білім беруге Крупская тірі табиғатты, материалдардың 
технологиясын, өндіріс құралдарын, олардың механизмін, энергетиканы білу, 
сонымен қатар экономикалық қатынастардың географиялық негізін білу 
жатады деп санады. Политехнизм жеке пән емес, - деді ол, - барлық пәндерді 
оқытуда сол пәндердің (физиканың, химияның, қоғам танудың т.б.) 
материалдарын іріктеп алу арқылы берілетін білім: ол пәндер бір-бірімен 
байланысты оқытылуымен қатар, тәжірибемен ұштастырылуы тиіс, әсіресе 
оқыту еңбекпен байланыстырылуы керек деп есептеді. 
Н.К.Крупская оқушылардың өнімді еңбегіне үлкен мән берді, Y-YII 
кластардағы мектеп шеберханасындағы балаладың жұмысы политехникалық 
негізде құылуы керек, YIII-X класс оқушыларын өндіріс орындарында, 
колхоз даласында жұмыс істеуге араластыру қажет деп санады. Осының 
тәтижесінде оқушылар техникамен танысады, политехникалық ой-өрісін 
байытады, оларда еңбекке коммунистік көзқарас қалыптасатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет