1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Жаппай бастауыш білім беруді жүзеге асыру



Pdf көрінісі
бет58/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Жаппай бастауыш білім беруді жүзеге асыру.
1930-41 жылдардың арасындағы дәуірде елімізде социалистік құрылыс 
жемісті дамыды, бес жылдық жоспарлар мерзімінен бұрын орындалды, 
мәдениет революциясы жасалды, жаппай бастауыш міндеті оқу енгізілді, 
совет мектебінің оқу- тәрбие жұмысы қайта құрылды және совет 
педагогикасы елеулі теориялық жетістіктерге ие болды. 


104 
1930 жылдың 20 июнінен 13 июліне дейін өткен коммунистік партияның 
ХVI съезі партияның жақын арадағы міндеті- жаппай бастауыш білім беруді 
жүзеге асыру және сауатсыздықты жою деп санады. 
1930 жылдың 14 авгусында Орталық Атқару Комитеті мен СССР Халық 
Комиссарлар Советі жаппай бастауыш білім беруді жүзеге асыру жөніндегі
қаулы қабылдады. Қаулыда:
1.
1930-1931ж.ж. Совет Одағының барлық жерінде балаларға жаппай 
бастауыш білім беруді енгізу жүктелді. 8-9 және 10 жастағы ер балалар мен 
қыз балалар төрт жылдық бастауыш мектеп көлемінде білім алуға тиісті 
болды. Осы қаулыға сәйкес 1930 ж күзінде жоғарыда көрсетілген 
жастағылардың бірінші бастауыш мектеп көлемінде білім алуы міндетті деп 
белгіленді. 
1930-1931 ж.ж. бастап, мектепте оқып жүрген балалардың бірінші 
басқыш мектеп көлемінде білім алуы міндетті деп белгіленді. 
2.
1930-1931 оқу жылынан бастап 11-15 жастағы ер және қыз балаларды
жаппай оқыту белгіленді.
3.
1930-1931 оқу жылынан бастап өнеркәсіпті қалаларда, фабрика-завод 
аудандарында және жұмысшы поселкелерінде жеті жылдық мектеп 
көлемінде білім беру жүйесі енгізілді. 
Жаппай бастауыш міндетті оқуды жүзеге асыру үшін елімізде қызу 
жұмыс жүргізілді. 1930-1931 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін 
мектептерде оқитын балалардың саны жыл сайын 3-4 миллионға көбейтіп 
отырды. Егер олардың саны 1929-1931 жылдары 13,5 миллион болса 1939 
жылдың аяғында 32 милионға жетті. Ұлттық республикаларда жаппай білім 
беру ерекше тез қарқынмен дамып отырда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет