181
- мектепке дейінгі, мектептен тыс, арнайы және атаанасының
қамқорлығысыз қалған балалар мен жетім балалар мекемелері:
- оқыту бағдармаларын жүзеге асыратын оқу орындары жалпы орта,
бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан
кейінгі кәсіптік және қосымша кәсіби білім беру.
Қазақстан Республикасындағы «Білім туралы заң» оқу орындарының
негізгі түрлерін белгіледі.
Орта білім беретін оқу
орындарына
жататындар:
- жалпы білім беретін мектеп. Ол негізгі және қосымша жалпы білім
беретін ұш сатылы (бастауыш, негізгі, жоғары) бағдарламаларды жүзеге
асырады; жалпы білім беретін мектеп шағын-мектеп болуы мүмкін, яғни
оқушылар санының аздығына орай қосылған сыныптар жұмыс істейді;
- гимназия негізгі және қосымша оқыту бағдарламасын жүзеге асырады,
оқушылардың қабілеті мен икемділігіне байланысты арнайы, терең, кәсіптік
оқытуды көздейді;
- лицей кәсіптік бағытталған оқытуды жүргізетін, негізгі және қосымша
бағдаламаларды жүзеге асырады.
- бастауыш және орта кәсіптік оқыту: жалпы орта, бастауыш кәсіптік
оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын әр түрлі бағыттағы кәсіби
жұмысшыларды дайындауды қамтамасыз ететін кәсіптік мектеп;
- кәсіптік лицей, жалпы орта, бастауыш кәсіптік оқыту бағдармаларын
жүргізетін және жоғары денгейдегі маман жұмышларды дайындайды;
Оқу орындарында жүргізілген оқыту бағдарламары жалпы (негізгі және
қосымша) және кәсіптік (негізгі және қосымша) болып қарастырылады.
Заң білім беру жүйесіндегі орталық және жергілікті атқару орындарының
қызметін реттейді. Көрсетілген басқару орындары білімді беруді дамыту
бағдарламаларын құрастырып, оны жүзеге асыру шараларын жүргізеді:
мамандарды дайындау тапсырысын бекітеді; меншік түріне және
бағыныштылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына лицензиялар береді;
оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, шығаруға арналған дайындық
жұмыстарын ұйымдастырады; білім беру саласындағы заңның жүзеге асуын
және білім берудің мемлекетті стандарттарының жүргізілуін бақылайды.
Білім беру мекемелерінде бес жылда бір рет аттестация жүргізіледі;
мемлекеттік білім беру мекемелерін материалдық-техникалық жағынан
қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: