Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет38/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   99
2.
 
Қан плазмасының химиялық құрамы (схема). 
Қан бір текті емес: ол 52-56% плазмадан және 44-48%-ы формалық 
элементтерден тұрады: эритроциттер (44%), тромбоциттер, лейкоциттер.
Плазмада 90-91% су, 9-10% құрғақ зат бар. Құрғақ заттың 1-2%-н 
бейорганикалық заттар (тұздар), ал 8-9%-ын органикалық заттар құрайды. 
Органикалық заттар азотты және азотсыз деп екіге бӛлінеді. Азотты заттар 
негізінен белоктардан (6-8%) тұрады, аз мӛлшерін қалдықты азот алады. 
Азотсыз құрамдас бӛліктеріне кӛмірсулар, липидтер және олардың аралық
соңғы ӛнімдері жатады. Осы топқа пигменттер және басқа қосылыстар кіреді. 
КАН
Су (55-60%) 
кургак зат (9-10%)
гемоглобин (36-40%) 
баска заттар (4-5%) 
органикалык (8-9%)
бейорганикалык (1%)
азотты (6-8%)
азотсыз (1-2%)
белоктар
калдык азот
1) комiрсулар (глюкоза) 
2) липидтер (ФЛ, Хс)
3) пигменттер
4) баска заттар
Формалык элементтер 
(44-48%) 
Плазма (52-56%) 
 
3.
 
Қан плазмасының белоктары, олардың биологиялық рөлі, қасиеттері
қалыпты жағдайдағы мөлшері және патология кезінде өзгеруі. 
Плазмалық белоктардың маңызы: 
1.
Белоктар 0,1 атм. болатын плазманың онкотикалық қысымын құрайды. 
Мӛлшері аз болса да, қан мен тіндердің арасындағы судың және суда еріген 
заттардың алмасуында онкотикалық қысымның маңызы зор. Капиллярлардың 
артериялық ұшында жүрек жұмысына байланысты гидростатикалық қысым 
қанның онкотикалық қысымынан жоғары болады. Сондықтан қан 
тамырларынан су және суда еритін қоректік заттар тінаралық сұйықтыққа 
түседі. 
Капиллярлардың 
веноздық 
ұшында 
онкотикалық 
қысым 
гидростатикалық қысымға қарағанда жоғары болып келеді. Сондықтан 
плазмадағы белоктар ӛзінің гидрофильді қасиеті нәтижесінде тінаралық 
кеңістіктен суды сонымен бірге зат алмасуының соңғы ӛнімдерін ӛзіне тартады. 
Осылай қан мен тін арасында алмасу жүреді.


214 
2.
Белоктар рН-тың тұрақтылығын сақтауға қатысып, буферлік әсер 
кӛрсетеді. Плазмада белоктық буфер Н·Белок/Na·белок басқа буферлік 
жүйелермен бірге қанның рН-ын тұрақтандырады.
3.
Қорғаныстық қызмет атқарады: кӛкбауырда, лимфоциттерде, бауырда 
түзілген антиденелер плазмаға түседі. Барлық антиденелер (антитоксиндер, 
агглютиндер, иммуноглобулиндер) иммундық реакцияға қатысатын белоктар. 
4.
Тасымалдау қызметі: плазма белоктары ерімейтін немесе токсиндік 
(улы) заттарды ӛзіне қосып алып тасымалдайды. Суда аз еритін заттармен 
байланысып, олардың ерігіштігін жоғарылатады. Глобулиндер липо-
протеидтердің құрамына кіреді; альбуминдер гормондармен, витаминдермен, 
билирубинмен, пенициллинмен БМҚ-мен, холестеринмен байланысады. Жеңіл 
диссоцияцияланатын қосылыстармен (кальций, магний, мыс және темір 
иондармен) байланысып, диссоциацияланбайтын комплекс түзеді. 
5.
Белоктар қанның ұюына қатысады. Қан ұю процесі кӛп факторлы 
сатылы механизм бойынша ӛтеді. Осы процестердің әрбір сатысына белоктар 
қатысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет