208
15. Мира Уильсон 24 жасында ӛзінің ӛмірі мен қызметін үйінде су краны
мен дәретхана болатындай жоспарлаудың қажеттігі туындады. 2-3 жыл ішінде
ол шӛлі қанбайтын жағдайға душар болды. Мира мұз салынған су ішуді қатты
ұнататын, тіпті бұл да оның шӛлін қандырмады. Ол күніне
бірнеше литр су
ішетін және шамамен әрбір сағат сайын дәретханаға шығатын. Ал түнде әрбір
екі сағат сайын дәрет сындыру және су ішу үшін оянатын. Ол травма алған жоқ,
операция болмады. Аллергологиялық анамнезі қалыпты. Ол тек гормональдық
контрацептивтерді қабылдайды, наша тартпайды, шылым шекпейді, алкогольді
сирек және аз мӛлшерде қабылдайды. Организмінің жүйелерінің қызметінде
айтарлық ауытқу жоқ. Менструациясы уақытында келеді. Полиурия мен
полидипсияның пайда болуын қалай түсіндіруге болады?
16. Алиса 14 жаста, бірақ ол 10-жастағы қыздай кӛрінеді. Ол ӛзінің 12
жасар сіңлісінен 10 см аласа. Алисаның менструациясы әлі басталмады, ал
оның сіңлісінің менструациясы келе бастады. Алисаның қолтығы мен шабында
түк ӛскен жоқ, сүт бездері жетілмеген. Ол сыныпта ең кішкентайы болатын.
Алиса – тынымсыз (энергиясы тасып тұратын) бала, бірақ ол спортпен
айналысқанда тез шаршап қалады. Сабақ үлгерімі
қанағаттанарлық, дегенмен,
бұдан бірнеше жыл бұрынғыдай жақсы оқымайды. Осы жасқа дейінгі
медициналық анамнезінде ерекшеліктер жоқ. Ешқандай дәрі қабылдамайды.
Алисаның бойының ӛсуі мен дамуының бұзылуы немен байланысты?
17
.
Вальтер 38 жастағы кәсіпқой баскетболшы (қазір зейнетте), оған жаңа
команданың жаттықтырушысы болуға ұсыныс жасады. 1 млн долларға жасаған
контракт оған қарызынан құтылуға мүмкіндік беретін еді. Мистер Грисвальд
зейнетке шығудан 2 жыл бұрын 27 кг салмақ қосқан. Ол ӛзінің сымбатын
жақсарту үшін «спорттық медицина» бойынша,
Олимпиада ойындарына
қатысатын спортшылардың арнайы маманымен кеңескен. Мистер Грисвальдқа
50 мкг күніне 3 рет цитомель (трийодтиронин [T3]) қабылдауды ұсынған.
Препартты қабылдағаннан 3 апта ӛткен соң, ол 9 кг салмақ тастады. Бірақ ол
ашуланшақ боп кетті, саусақтары дірілдейтін болды, дене еңбегімен
айналысқанда алқынып кететін болды. Ол баскетбол ойынының алғашқы 4
минутынан кейін-ақ ентігп қалтындықтан ойынды тоқтатуға мәжбүр болды.
Экзогенді тироидты гормонның улы әсерін түсіндіріңіз.
18. Элисон Росситерде 13 жасынан бастап
менструация келгеннен бері
оның беті мен денесінде түк ӛсе бастады, түктер күннен күнге кӛбейе түсті. Ол
түк кетіретін балауыздар мен кремдерді, түкті түссіздендіретін заттарды
қолданды. Ол тіпті электролиз жасады, кейінірек денесіндегі түктермен алысу
оның әр апта сайынғы бірнеше сағатын ала бастады.
Элисон бала кезінде
қалыпты ӛскен және оның дені сау болатын. 7 жасында ол сыныптағы ең ұзын
қыз болатын, ал қазір 21 жасында ол колледждегі ең бойы аласа студенттердің
бірі. Оның менструациясы біркелкі келмейтін. Бірнеше ай сайын одан аз ғана
қан ағу байқалатын. Элисон дәрі мен нашаны қабылдамайды, аз мӛлшерде
кофеин (кофемен, газдалған сусындармен) қабылдайды. Оның ата-анасының
дені сау. Бұл ауру қандай эндокриндік бездегі бұзылыспен байланысты?
209
19.Тереза Флеминг қалыпты ӛсіп, дамыған. Ол 18 жаста және орта
мектептің соңғы сыныбында оқиды. Ол – жүзу секциясында команда капитаны
және музыкалық қойылымда басты рольді ойнады.
Терезаның жыныстық
жетілу кезеңі қалыпты ӛткен: сүт бездері дұрыс дамыған және бойы жағынан
сыныбында 2ші орында, дегенмен оның анасын етеккірдің келмеуі қатты
толғандыратын. Анасында ол 14 жасында, ал Терезаның сіңлісінде 13 жасында
етеккір басталған. Бұл жағдай қандай гормонның қызметімен байланысты?