əйтпесе тінтуір ДК сигналды жібере алмайды. Инфрақызыл
тінтуірлер қалыпты батареялардан жұмыс жасайды.
Радиотінтуірі
радиосигнал көмегімен тінтуірден ақпаратты
жіберуді қамтамасыз етеді. Бұл кезде қабылдағыш пен таратқыш
арасындағы бос кеңістікке қажеттілік болмайды. Радиотінтуір
радиотолқындар көмегімен шағын қабылдағышқа деректерді
жібереді, ол компьютер жалғағышына қосылған. Радиотінтуір қуат
көзі корпустағы батареяларынан жүзеге асырылады. Тінтуір
сигналын енгізу құрылғысы онда орналасқан батырмалар болып
табылады. Тінтуір моделіне байланысты екіден төрт батырмаға
дейін болады.
Тінтуір батырмаларының функционалдық тағайындалуы түрлі
жəне орындалатын қосымшаға байланысты. Батырмалардан басқа
көптеген тінтуірлер терезелерді тез айналдыру (скроллинг) үшін
арнайы құрылғылармен жабдықталған.
Тінтуірлер ДК
қосылу тәсілі бойынша
мынадай бөлінеді: PS/2
портына жалғанатындар жəне USB портына қосылатын тінтуірлер.
Эргономикалық пернетақталармен қатар компьютерлік нарықта
эргономикалық, пайдаланушы білезігіне жүктемені азайтатын
пішінді иілген тінтуірлер пайда болды. Бұдан басқа, түрлі пішінді
тінтуірлер шығарылып жатыр, олардың қосымша тағайындалуы –
пайдаланушыда оң эмоциялық икемделу қалыптастыру.
Тінтуірдің маңызды сипаттамасы дюймге нүктелер санымен
өлшенетін ажыратымдылық болып табылады (тнд немесе
dpi
—
Dot
Per Inch).
900 тнд ажыратымдылығы тінтуірді оң жаққа 1 дюймге
жылжытқан кезде жетек микробақылаушыдан оң жаққа 900 бірлікке
жылжығандығы туралы ақпарат алатындығын білдіреді.
Тінтуірлердің негізгі өндірушілері Microsoft, MitsumiA4Tech,
Logitech, Genius, Razer компаниялары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: