Әдетте, рұқсат нүктесі қабылдағыш, таратқыш,
деректерді өңдеу
үшін сымды желі мен бағдарламалық жасаққа қосылған
интерфейстен тұрады. Қосылғаннан кейін рұқсат нүктесінің
айналасында 50 ... 100 м. радиуспен аймақ пайда болады (оны хот-
спот немес Wi-Fi аумағы деп атайды), онымен сымсыз желі арқылы
пайдаланса болады. Рұқсат нүктесіне қосылу үшін Wi-Fi-
адаптерімен жабдықталған ноутбук пен басқа мобильді құрылғы
оның қызмет радиусына жатуы керек.
Желіні баптау мен
құрылғыны анықтау бойынша барлық қызметтер көптеген
операциялық жүйелер үшін автоматты болып табылады. Егер
пайдаланушы бірмезгілге бірнеше Wi-Fi-аймағына түссе, онда ең
қуатты сигналмен қамтамасыз еткен рұқсат нүктесіне қосылу
жүргізіледі. Әр уақытта рұқсат нүктесінің
басқаларының бар
болуын тексеру жүргізіледі. Егер басқа нүктенің сигналы қуаттырақ
болған кезде, құрылғы оған қосылады, осының бардығы иегер үшін
мөлдір жəне мүлдем байқаусыз жүргізіледі.
Әрбір Wi-Fi-желінің басты артықшылығының бірі оның
барлық пайдаланушылары үшін Интернетке қол жеткізу мүмкіндігі
болып табылады. Ол Интернет-каналының рұқсат нұктесіне тікелей
қосылуды (8,8 б - сурет), немесе Интернетке қосылған əрбір
серверге қосылуды (8,8 в - сурет) қамтамасыз етеді. Екі жағдайда да
мобильді пайдалануға өзіндік брдеңені баптау қажет етілмейді –
браузерді ашу жəне Интернет-сайттың қандай да бер адресін жазған
жеткілікті.
Wi-Fi қолдаумен бірнеше құрылғы бір бірімен тікелей
қосыла алады (байланыс құүрылғы - құрылғы), яғни арнайы рұқсат
нүктені пайдаланусыз, қандай да бір
жергілікті желіні құрумен
файлдармен алмасу жасауға болады, бірақ бұл жағдайда көрінетін
стансалардың саны шектеулі болады.
Wi-Fi сымсыз технологиясының негізгі танымалдығы оны
əлемдегі өндірушілердің барлығы
белсенді қолдауы болып
табылады. Барлық заманауи ноутбуктар моделдері, сондай-ақ ұялы
телефон, смартфон модельдері жəне компьютерлердің көптеген
шеткері құрылғылары Wi-Fi-адаптерлерімен жабдықталған.
Достарыңызбен бөлісу: