Олар стационарлы, сондай-ақ жылжымалы болуы мүмкін. Спутник
байланысы желісібасқа байланыс жүйесінің алдында басымды.
Спутник байланысы орынжайға байланбаған, еш шектеуі жоқ жəне
бүкіл жерді: мысалы теңіз көлікті магистралдары, елсіз немесе аз
қоныстанған аймақтарды (жекелеп алғанда Ресейдің солтүстік
аймағы), жерүсті инфрақұрылым коммуникациялары үзілген
жерлердің барлығын қамти алады.
Осындай байланыс ағылшын
оқымыстысы Артур Кларк
идеясы, ол 1945 жылы геостансалық орбитаға спутник байланысын
құруды ұсынды.1950 жылы оның идеялары өмірге келді – КСРО
алғашқы рет бортына радиоаппаратурамен Жердің жасанды
спутнигін ұшырды. Ал 1965 жылы алғашқы шынайы байланыс
спутнигі «Молния-1» жасалды.
Ұсынылған қызметтердің түріне байланысты спутник байланыс
желіні мынадай кластарға бөлуге болады:
■
сөйлеу (радиотелефонды) байланыс;
■
деректерді пакетті тараты;
■
пайдаланушылар тұрған орнын анықтау;
■
телехабар.
Радиотелефонды байланыс
спутник байланысын халықаралық
стандарттарға сəйкес хабарламаларды
цифрлы тарату протоколын
пайдаланады. Жекелеп алғанда, хабарламаларды тарату нақты
уақын ішінде жүргізілуі тиіс, сигналды кідіріс 0,3 с-тан аспау керек,
байланыс сеансын тоқтату мүмкін емес.
Аталған талаптарды қамту - бұл жүйедегі спутниктер санына
жəне көпсəулелі антенналық жүйенің (1,2 ГГц артық жиілікте
істейтін) санына қызмет көрсетудің аймағын тегіс жабу (уздіксіз)
үшін жететін, жерүсті торапты (шлюзді)
стансалардың саны
жеткілікті болатын, берілген бағытқа антенна сəулесін ұстау үшін
спутниктерді бағыттаудың жоғарынақтылық жүйесі арқылы
құрылады.
Деректерді пакетті тарату жүйесі
цифрлы түрде əрбір
деректерді таратуды қамтамасыз етеді: тлексты, факсимильді
хабарлама, компьютерлік деректер жəне т.б. əдеттегідей, осындай
жүйелерде
хабарламаны
жеткізудің
оперативтігіне
талап
қойылмайды, тарату жылдамдығы секундына бірліктен жүзге дейін
килобайтты құрайды. Қазіргі уақытта Интернетке рұқсатты
ұйымдастыру үшін деректерді пакетті таратудың бірнеше жүйелері
ашылған.
300
Абоненттің орналасқан орнын анықтау үшін ГЛОНАСС/НАВСТАР
спутникті
топтамасының негізінде
GPS-
жүйесі
ашылған.
Әдетінше,
GPS- жүйесі
өндірістік жəне əскери мақсаттарда – теңіз
кемелерінің, ұшақтардың, теміржол жəне арнайы мақсаттағы
автомобиль траспорттарының, геологиялық барлау жұмыстарының
координаталарын анықтау үшін пайдаланады.
Спутникті телехабар желі
материктің барлық аймағын
камтиды жəне топталған тематика бойынша: жаңылықтар, спорт,
мəдениет, ойын-сауық теледидардың жəне т.б. жүздеген
телехабарлар каналдарын есептейді. Телехабарлардың артықтық
сервисінен басқа, спутникті телехабарлар желісінің жетістігі –
телехабарлар
желісін
ретрансляциялау
жоқ
жердегі
(нерентабельдігінің себебінен) аз қоныстанған аймақтарды да
қамтиды.
Спутникті байланыс жүйесінің құрылымы мынадай құрамды
(8.9-сурет):
■
ғарыштық сегмент, бірнеше спутник-ретрансляторлардан
құралған;
8.9.-сурет. Спутникті байланыс жүйесі
301
■
жерүсті сегменті, жүйені
басқару орталығын, ғарыш
аппараттарын (ҒА) ұшыру орталығын, командалық-өлшеу
стансаларын, байланыс жəне шлюзді стансаларды басқару
орталығынан құралады;
■
пайдаланушы
(абоненттік)
сегмент,
дербес
спутникті
терминалдарды көмегімен байланыс жүргізеді;
■
жерүсті
байланыс желісі, ол интерфейс арқылы ғарыштық
байланыстың шлюзді стансасымен ұштастырылады.
Ғарыштық сегмент
бірнеше спутникті-ретрансляторларды
ұсынады, олар өзара бірдей белгілі орбиталарда ғарыштық
топтаманы құрайды.
Ғарыштық
байланыс
аппараты:
орталық
процессор,
радиоэлектронды
жабдықтар, антенналық жүйелер, кеңістіктегі ҒА
орнын бағыттау мен тұрақтау жүйесі, қозғаттқыш қондырғысы мен
электрқорек жүйесінен тұрады.
Спутникті байланыс жүйесінің өзара бөгеттерінің болмауын
қаматамасы ету мақсатында жиіліктерді пайдалану мен спутникті
ретрансляторды орналасуы Халықаралық радио бойынша кеңес
беру комитеті мен Халықаралық жиіліктерді
тіркеу комитетімен
реттеледі. Таңдалған байланыстардың типі, жиілік диапазоны (8.9-
суретті қараңыз) 8.2-кестеде келдтірілген.
Жылжымалы байланыстың спутникті-ретрансляторлар жүйесі
орбитасының параметрлеріне байланысты GEO жүйелерге бөлінеді
(геостационарлық немесе жоғарыорбиталды) — орбита биіктігі 36
мың км, LEO (төмен орбита — шамамен 2 мың км дейін) жəне MEO
(ортажоғарғы орбита — 5 мың. ... 20 мың. км).
Достарыңызбен бөлісу: