Матрица пассивті деп аталады, себебі СК-мониторларды түзудің
бұрын
қарастырылған
технологиялары
экранда
ақпаратты
көрсеткен кезде тез əрекеттілікті қамтамасыз ете алмайды. Кескін
басқару кернеуін бөлек ұяшықтарға жүйелі жеткізіп салу жолымен
жолма-жол қалыптасады. Бөлек ұяшықтардың үлкен электр
сыйымдылығы салдарынан оларда
кернеу барынша тез өзгере
алмайды, сондықтан кескін бірсарынды кескінделмейді жəне
экранда дірілдейді. Бұл кезде көрші электродтар арасында кейбір
өзара əсер пайда болады, ол экранда сақина түрінде шығарылады.
Активті матрицада тез əрекеттілікті барынша көбейтуге
мүмкіндік беретін жəне ұяшық сыйымдылығының əсерін
компенсациялайтын экранның əр ұяшығы үшін бөлек күшейткіш
элементтер қолданылады.
А кт ив ті ма т р иц а н ы ң
(Active Matrix)
пассивті матрицамен
салыстырғанда келесі артықшылықтары бар:
■
Жоғары жарықтық;
■
120 ... 160° жететін шолу бұрышы, ол кезде пассивті матрицасы
бар
мониторларда сапалы кескінді экранға қатысты тек қана қарсы
алды бағдарынан бақылауға болады;
■
Монитордың реакциясының уақытымен шамамен 50 мс
шартталған жоғары тезəрекеттілік.
Активті жəне пассивті матрицалары бар СК-мониторлардың
функционалды мүмкіндіктері біраз ерекшеленеді.
Айырмашылығы
электродтар матрицасында болады, ол дисплейдің сұйық
кристалының ұяшықтарымен басқарады. Пассивті матрицалы
жағдайда
түрлі
электродтар
дисплейдің
жол
сайынғы
регенерациясы кезінде электр зарядын циклді əдіспен алады, ал
элементтер сыйымдылығының разряды нəтижесінде кескін
жоғалады, себебі кристалдар өздерінің
бастапқы кескіндемесіне
қайтарылады. Активті матрица жағдайында əр электродқа
жадтайтын транзистор қосылған, ол цифрлық ақпаратты сақтай
алады (екілік белгілер 0 немесе 1), жəне нəтижесінде кескін басқа
сигнал келіп түспегенше сақталады.
Мұндай транзистор өзіндік
коммутациялаушы кілт рөлін орындап, төмен деңгейлі (шамамен
0,7 В) сигналды пайдаланып, жоғары кернеуді (он вольтқа дейін)
коммутациялауға мүмкіндік береді. Активті СК-ұяшықтарды
пайдалану арқасында басқару сигналының деңгейін барынша
төмендету мүмкін болды жəне
осылайша көрші ұяшықтардың
ішінара жарық беру мəселесі шешілді.
128
Жадтайтын транзисторлар мөлдір материалдардан жасалады, бұл
жарық сəулесіне олар арқылы өтуге, жəне дисплейдің сырт жағында –
құрамында сұйық кристалдары бар шыны панельге орналасуына жағдай
туғызады. Жадтайтын транзисторлар жұқақабыршықты технология
бойынша
орындалады, осындай СК-мониторлар TFT-мониторлар атауын
алды
(Thin Film Transistor
— жұқақабыршықты транзистор). TFT-
мониторының негізгі элементі TFT-матрица болып табылады —
жұқақабыршықты транзисторлар негізіндегі матрица. Түрлі электрондық
құрылғыларда
TFT-матрицасының
түрлі
типтері
қолданылады.
Компьютерлік LCD (СК) мониторлар,
оның ішінде ноутбуктардың,
планшеттер мен смартфондардың экрандары, ереже бойынша келесі типті
TFT-матрицалармен толымдалады: TN, VA, MVA, PVA, IPS, PLS.
Олардың
барлығы
жұқақабыршықты
транзисторлармен
(TFT)
басқарылады жəне бір бірінен принциптік технологиялық шешімдермен
ерекшеленеді.
TN-TFT — СК-монитордың матрицасының орындалу технологиясы,
кристалдар кернеу болмаған кезде 90° бұрышпен көлденең жазықтықта екі
тілім арасында бір біріне бұрылады. Кристалдар шиыршық бойымен
орналасқан, жəне соңында ең көп кернеуді беру кезінде,
олар арқылы
жарық өткен кезде кристалдар қара пиксельдер түзілетіндей бұрылады.
Кернеусіз – ақ болады.
TN-TFT матрицасының түс жіберу сапасы — жоғары емес. Бұл
матрицалардың пиксельдерінің жарқырауы əртекті болады, оның
нəтижесінде түстер бұрмаланады. Бұл бақылау бұрышы өзгерген кезде
ерекше байқалады. Басқа жағынан TN + film матрицалары
Достарыңызбен бөлісу: