Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


Синтездеуіш модулінің негізгі



Pdf көрінісі
бет98/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Синтездеуіш модулінің негізгі 
сипаттамалары


Дыбыс синтезі əдісі;

Жады көлемі;

Дыбыстық əсерді жасау үшін сигналды аппараттық өңдеу 
мүмкіндігі;

полифония —дыбыстың біруақытта жаңғыртылатын 
элементтердің ең көп саны.
ДК дыбыс жүйесінде қолданылатын дыбысты синтездеу əдісі 
тек қана дыбыс сапасын емес, сонымен қатар жүйе құрамын 
анықтайды. Тəжірибеде дыбыс карталарында келесі əдістерді 
қолданумен дыбысты туындататын синтездеуіштер орнатылады. 
Жиіліктік модуляция негізінде синтездеу əдісі 
(Frequency 
Modulation Synthesis 
— FM-синтез) музыкалық аспаптың дауысын 
тудыру үшін кем дегенде күрделі пішінді сигналдардың екі 
генераторын пайдалануды болжайды. Негізгі жиілікті генератор 
негізгі үнді сигнал, қосымша гармоника, нақты аспатың дыбысталу 
тембрін 
анықтайтын 
обертондардың 
жиілікті-модульденген 
сигналды қалыптастырады. Орайжанауыш генераторы нəтижелеуші 
сигнал амплитудасын басқарады. FM-генератор дыбыстың қолайлы 
сапасын қамтамасыз етеді, қымбат емес бағасымен ерекшеленеді
бірақ дыбыстық əсерлерді жүзеге асырмайды. 
186 


Толқын кестесінің негізіндегі дыбыс синтезі 
(Wave Table 
Synthesis 
— WT-синтез) WT-генераторының жады микросхемасына 
біріктірілген немесе жады микросхемасы түрінде орындалған
арнайы ROM сақталатын шынайы музыкалық аспаптар мен басқа 
дыбыстардың дыбысталуының алдын ала цифрланған үлгілерін 
пайдаланумен жүргізіледі. WT-синтездеуіші жоғары сапалы 
дыбыстың тудырылуын қамтамасыз етеді. Синтездің бұл əдісі 
қазіргі заманғы дыбыс карталарында іске асырылған. 
WT-синтездеуіші бар дыбыстық карталарда жады көлемі 
құралдармен банктарды сақтау үшін жадының қосымша 
элементтерін (ROM) орнату есебінен көбеюі мүмкін. 
Дыбыстық әсерлер 
өз бетінен элемент (микросхема) бола 
алатын, немесе WT-синтездеуішінің құрамына интеграцияланатын 
арнайы процессор-əсер көмегімен қалыптастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет