Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет103/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Дәріс 29. Саяси шиеленістер мен дағдарыстар 
 
Дәріс жоспары: 
1. Саяси конфликт теориясының негізгі тұжырымдамалары. 
2. Саяси конфликтің қызметтері мен түрлері. 
3. Саяси конфликтер мен дағдарыстарды реттеу жолдары. 
1. Саяси конфликт теориясының негізгі тұжырымдамалары.
Адамзат 
тарихында саясат пен шиеленістің қатар жүретіні мәлім. Саяси шиеленіс – 
саяси өмірдің міндетті түрдегі ерекше белгісі (атрибуты). Ол саяси субъектілер 
арасындағы қатынастардың бір түрі деп айтуға болады. Және де шиеленіс – 
саясаттың негізгі қайнар көзі, өйткені ол саяси өмірдегі болып жатқан 
өзгерістердің негізінде жатады. Сол арқылы ол саясатттың шегі мен 
мінездемесін айқындайды. 
Саяси шиеленіс – саяси өмірдің міндетті түрдегі ерекше белгісі (атрибуты). 
Ол саяси субъектілер арасындағы қатынастардың бір түрі деп айтуға болады. 
Шиеленіс – саясаттың негізгі қайнар көзі, өйткені ол саяси өмірдегі болып 
жатқан өзгерістердің негізінде жатады. Сол арқылы ол саясатттың шегі мен 
мінездемесін айқындайды. 
Қазақ әдебиетінде мынадай анықтама бар: Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты 
қолайсыздыққа ұшыратын, істі насырға шаптыратып қарама – қарсы 
мүдделердің, пікірлердің, көз – қарастардың қайшы келуін, елеулі 
келіспеушілікті, өткір таласты айтады. 
Шиеленістің себептері: Қоғамда әртүрлі топтар, таптар , жіктер болады. 
Олардың өзіндік мақсат – мүдделері, талап – тілектері,арман – аңсарлары, 
мұқтаж – қажеттіліктері болады. Олар әрине сәйкес келе бермейді. Олар дер 
кезінде шешілмесе шиеленіске айналады. Бірақ олар бір деңгейде бола 
бермейді. 
Шиеленіс деңгейлері: - жеке бас адам арасындағы деңгейде;
- топтар арасындағы деңгейде; 
- әртүрлі жүйелердің сапалық деңгейінде; 
- аймақтық және дүниежүзілік деңгейінде. 
Қазіргі кезде қоғамдық шиеленістер көптеген ғалымдардың назарында. 
Саяси ғылымда – конфликтология бұл саяси ғылымның бөлігінде 
мейірімсіздікке, төзімділікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүліндіріп, 
тығырыққа тірейтін саяси шиеленістердің шығу заңдылықтарын біліп ретттеу 
жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталған ғылым бөлігі. Саяси 
шиеленістің себептерін түсіну үшін оған деген көзқарас шиеленіс жөнінде 
адамзат тарихында көптеген тұжырымдар бар. Мысалы: Б.д.д. VІІ-VІ 
ғасырларда қытай фәлсафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі 
оң (ян) және теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек 
философы Гераклит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама-қарсылықтардың 
күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процесстердің дамуында 
қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетті. Гегель қарама-қарсылықтардың 


қайшылықтарымен күресіп жоғары бағалады. Гоббс: «бәрінін баршаға 
қарсылығы». 
Марксистік идеологтар (Маркс және Энгельс) саяси шиеленіс теориясына 
көп назар аударған. Олар былай деген: «Ерікті мен құл, патриций мен плебей, 
помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы езуші бірімен бірі 
ылғи антагонист болып, бірде жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз күресіп 
келді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын революциялық түрде қайта 
құрумен немесе күресуші топтардың жалпы жойылуымен танып отыратын». 
Марксистер: Топ күресі (шиеленіс) таптық қоғамдардың дамуының 
заңдылығы және қозғаушы күші деп есептеді. 
Қазіргі ғылымда саяси шиеленіс жөніндегі негізгі теориясына АҚШ елінің 
саясатанушысы Льюис Козер (50 жылдары) және неміс әлеуметтанушысы 
Ральф Дарендорф (60 жылдары) көп үлес қосқан. 
Козер: Әлеуметтік шиеленістерге - құндылықтар, мәртебе, билік, қаржы-
қаражат үшін күресті жатқызды. Осы көзқарас Батыс саясаттарында өте кен 
таралды. 
Дарендорф: Қоғамның дау – дамайлық үлгісін алға тартты. Дарендорф өз 
еңбегінде «индустриалдық қоғамдағы топтар мен топтық шиеленістер» деген 
еңбегінде билікті бөлуге байланысты адамдар арасында теңсіздік пайда болады. 
Олар кикілжіңге әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда құрылымдық өзгерістер 
жасалады. Капитализм біртіндеп терең өзгерістерге ұшырайды. Оларда өздері 
жүзеге асырады, сондықтан К. Маркс айтқан революциялық төңкеріске жол 
берілмейді деген. Ал жалпы конфликтология теорияда АҚШ елдерінде көп 
таралған бихевиористік бағыттар пайдаланады. Бұл жағдайда көп үлес қосқан 
АҚШ елінің саясаттанушысы К. Боулдинг және Т. Шеллинг. 
Саяси шиеленіс теориясында негізгі екі бағыт бар: 
1. классикалық-дәстүрлі (Морантау, Кенанн, Фронкель). 
2. модернистік-тәжірибелік немесе математикалық әдіс-тәсілдер арқылы 
зерттеу. 
АҚШ әлеуметтанушысы Кеннет Боулдинг шиеленістің жалпы теориясының 
авторы болып есептеледі. Оның ойы бойынша саяси шиеленіс негізгі себептері 
адамдардың қоғамда өмір сүру үшін күрестер болады. Олардың қалыптық 
реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын, тітіркендіргіштер
қоздырғыштардың әрекеттері арқылы реакцияларды, құндылықтарды, жеке 
адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның арқасында қоғамдық 
құрылыс түбірімен өзгеріске ұшырайды. Сонымен саяси шиеленіс деп екі 
немесе одан көп саяси субъектілердің, жетекшілердің, партиялардың және 
т.б.институттардың арасындағы талас, қарама-қайшылықты іс-әрекеттің түрі.
Шиеленіс – екі немесе одан көп тараптың билік күштері мен ресурсатын 
бөлісу және ие болу жөніндегі бәсекелестік әрекеттері (топ, мемлекет, тұлға). 
Шиеленіс 
теориясының 
түрлі 
концептуалдық 
негіздері 
бар: 
социобиологиялық; 
социопсихологиялық; 
әлеуметтік; 
функционалдық; 
диалектикалық. 
АҚШ әлеуметтанушысы Кеннет Боулдинг шиеленістің жалпы теориясының 
авторы болып есептеледі. Оның ойы бойынша саяси шиеленіс негізгі себептері 


адамдардың қоғамда өмір сүру үшін күрестер болады. Олардың қалыптық 
реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын, тітіркендіргіштер, 
қоздырғыштардың әрекеттері арқылы реакцияларды, құндылықтарды, жеке 
адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның арқасында қоғамдық 
құрылыс түбірімен өзгеріске ұшырайды.
Сонымен саяси шиеленіс деп екі немесе одан көп саяси субъектілердің, 
жетекшілердің, партиялардың және т.б. институттардың арасындағы талас, 
қарама-қайшылықты іс-әрекеттің түрі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет