Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


Оқу пәндерінің бенчмаркингтік көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет96/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Оқу пәндерінің бенчмаркингтік көрсеткіштері
Оқу пәндерінің бенчмаркингтік көрсеткіштері нақты бір пән 
саласындағы академиялық стандарттарды сипаттайды және білім 
беру бағдарламасын әзірлеу кезінде бағдар ретінде пайдаланыла-
ды. Оқу пәндерінің бақылау көрсеткіштері жалпы нұсқаулық пен 
сапаға қойылатын айрықша талаптарды ұсынады, бірақ икемділік 
пен түсініктемелерді де ескереді.
123 
Standards and Guidelines for Quality Assurance in the European Higher Education Area. (2015). 
Brussels. Belgium. https://enqa.eu/wp-content/uploads/2015/11/ESG_2015.pdf
124 
https://www.qaa.ac.uk/en/quality-code/supporting-resources


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
172
Дублин дескрипторлары
Дублин дескрипторлары белгілі бір академиялық дәрежеге 
қатысты оқытудан күтілетін нәтижелер туралы жалпы ақпарат бе-
реді. Бұл Болон декларациясына сәйкес циклдің аяқталуын немесе 
оқу деңгейін көрсетеді
125
.
Аккредиттеуге қойылатын талаптар
Аккредиттеу стандарттары басқарумен, ресурстармен және 
инфрақұрылыммен, сондай-ақ білім беру бағдарламасын әзірлеу-
ге қатысты институционалдық жетілдірудің тұрақты тәжірибесіне 
жетекшілік ете алады. Білім беру бағдарламасын ашуға берілетін 
өтінімдердің жобалары ең басынан бастап әлеуетті аккредиттеу 
агенттіктерінің (оқу бағдарламаларының мазмұны, бағдарламалар 
бойынша оқыту нәтижелері, бағалау) талаптарына сәйкес әзірлеу-
ге кеңес беріледі.
Осы саладағы халықаралық сапамен қамтамасыз ету қауымда-
стықтарының ішіндегі негізгі ірілері – Британдық QAA агенттігі, 
Еуропалық жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету қауымда-
стығы (ENQA), Жоғары білім беруді аккредиттеу Кеңесі (CHEA) 
және АҚШ білім беру департаменті. Қазақстандық екі аккредиттеу 
агенттігі, Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (ТАРА) және 
Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік 
(БСҚТА) сапаны қамтамасыз ететін Еуропалық тізілімінің (EQAR) 
бір бөлігі болып табылады және ESG стандарттарына сәйкес жұ-
мыс істейді.
Халықаралық бенчмаркинг жүйелерінің алуан түрлілігіне 
және олардың өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, бір-біріне өте 
ұқсас. Бенчмаркингке негізделген салыстырмалы талдау ОПК жүй-
есі үшін өте маңызды болып табылады, өйткені ол рефлексияны 
ынталандырып, жақсы өзгеріс орын алуына себепші болуы мүмкін. 
125 
http://ecahe.eu/w/index.php/Dublin_Descriptors


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
173


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет