Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
176
Оқу пәндері бойынша индикаторлар тәрізді сілтемелік құжат-
тар бағдарламаның сипаттамасында оның нәтижелерін қарапайым
ғана рәсімдеу үшін пайдаланылмауы керек. Олар бенчмаркингті
дұрыс мәнмәтіндеу үшін бастапқы материал ретінде қызмет етуі
тиіс. Білім беру бағдарламасын әзірлеуге арналған өтінімдер сту-
денттердің жоғары сапалы оқу тәжірибесін қамтамасыз ету мақ-
сатында университет әзірлейтін нақты өлшем шарттарын ескере
отырып қарастырылуы қажет. Бұл
өлшем шарттары мыналарды
қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді:
• университеттің стратегиясы және ережелерімен үй-
лесімділік;
• сыртқы стандарттар мен нормативтерге (аккредиттеу
агенттіктерінің талаптарына) сәйкес келтіру;
• бағдарламаның нақты жазылған (рәсімделген) мақсаттары
мен оқыту нәтижелері;
• құрылымдық түрде келісілген
білім беру бағдарламасы
(3-тарауды қараңыз);
• ғылымды оқыту және білім беру бағдарламаларына бірік-
тіру (5-тарауды қараңыз);
• оқытуды жақсарту үшін сәйкесінше педагогикалық техно-
логияларды енгізу;
• оқыту нәтижелеріне қол жеткізуге арналған оқытудың,
білім берудің және бағалаудың тиімді стратегиялары (5-та-
рауды қараңыз);
• жоғары білімнің интернационалдандырылуы мен инклю-
зивтілігін
ескере отырып, оқу жоспарын әзірлеу;
• студенттерден кері байланыс алу тәртібі;
• білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін жеткілікті ре-
сурстардың болуы (оқытушылар,
ақпараттық технология-
лар, кітапхана ресурстары, студенттерге қолдау көрсету).
Негізгі сапа көрсеткіштеріне негізделген бағдарламаны немесе
курсты жасау үшін берілген үлгілі өтінім үлгісі ішкі және сыртқы,
бенчмаркинг көрсеткіштеріне сәйкес әзірленген, бәрін тегіс қамти-
тын бағдарламалық құжатты жасауға үлес қоса алады. Сондай-ақ
берілген өтінім нысаны оқыту нәтижелерін,
оқытудың әдіс-тәсіл-
дерін және бағалау әдістерін құрылымдық жағынан сәйкестен-
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
177
Достарыңызбен бөлісу: