44
12-
сурет. Қан тоқтату
3)
синустың едәуір үлкен жарақаттарында сүйек пен ми қатты қабығының арасына
мәрлілі турунда (ұзынша білте) енгізу жолымен тампонада жасау (6 күнге дейін);
4)
синусты байлау.
Синус қабырғасына тампонада жасау
Веналық синустардың үстіңгі
қабырғасының аса үлкен емес немесе орташа көлемді
зақымдануларында ең қарапайым, бірақ тиімді әдіс –
бұлшықет
кесіндісімен тампонада
жасау болып табылады
(11-
сурет). Ол үшін қажетті көлемдегі бұлшықет бөлігін, әуелі
ептеп қысып езіңкіреп, синустың жарақатын басып тұрған
саусақ астына абайлап алып
келіп, жара үстіне салып, саусақпен қайтадан басу қажет. Бұлшықет бөлігін осылайша
басып, бірнеше минут өткенше ұстайды, содан соң еппен саусақты алады. Егер, салынған
бұлшықет бөлікшесінің астынан қайтадан қан шыға бастаса, бұлшықетті мидың
қатты
қабығына жіңішке жібек жіптермен түйіндік тігістер көмегімен бекіткен жөн болады.
Веналық синустың жоғарғы бетінің едәуір үлкен зақымдарында немесе оның бүйірлік
қабырғасы жарақаттанғанда синус қабырғасын қатты қысатын тәсілдер қолданылады.
Бұл әдістің қолданылуы төмендегідей:
Синустық жарақатынан қан кетуді уақытша тоқтату үшін жоғарыда айтылғандай,
жараны
саусақпен басып тұрып, хирург қысқышпен тез сүйек ақауын кеңітеді. Одан
кейін ұзын етіп жасалған мәрлілік таспаны сүйек және ми қатты қабығын сүйектен екі
жаққа ажырата отырып, жасалған кеңістікке енгізеді. Мәрлілік тығыз қатпарлардан
тұратын тампон синусты қысып, қан кетудің тоқтауын қамтамасыз етеді. Тампонада 6
күннен аспауы керек.
Синустарды байлау. Синус қабырғаларының үлкен жарақаттары кезінде, одан
ауырлары –
синустардың жартылай немесе толық жыртылып үзілуі жағдайларында қан
кетуді тек синусты байлау арқылы тоқтатуға болады. Басында
қан кетіп жатқан жерді
саусақпен басып, артынан мәрлі таспамен тампонада жасайды. Синусты байлау
операциясын жасау үшін, операциялық бару жолы кеңірек болу қажет, сондықтан
трепанациялық ақаудың көлемі 5
-
7х6
-
8 см шамасында жасалу керек. Осындай
жеткілікті көлемдегі сүйектік «терезе»
жасалғаннан соң, синустың көлденең енінің
ортасынан есептегенде екі жақты бағытта 1,5
-
2 см шегініп, мидың қатты қабығына екі
параллелді тілік жасайды. Осы тіліктер арқылы екі мықты лигатурамен (бунақ жіп)
сабақталған, шұғыл иілген жуан инені өткізеді. Ине веналық синустың астымен, қатты
қабықтың орақ пішінді өсіндісін (немесе мишық шатырын) тесіп өтіп, қарама
-
қарсы
жақтағы мидың қатты қабығындағы тіліктен шығуы қажет. Лигатураларды синустың
жарақатталған жерінен алға және артқа қарай тартып, мықтан байлайды.
Бұдан соң,
синустың жарақаттанған бөлігіне келіп құятын барлық веналар міндетті түрде
байланады, себебі, байланбаған жағдайда осы веналардан келетін қан есебінен қан кету
жалғаса береді.
Достарыңызбен бөлісу: