45
анатомиясын және бассүйек пен оның жұмсақ тіндік жамылғысына түсетін
проекцияларын білу дәрежесіне тікелей байланысты.
Бұл мақсатта қолданылатын бірқатар тәсілдер мен проекциялық сызбалар бар.
Олардың
ішіндегі ең қарапайымы, әрі қолайлысы Кренлейн
-
Брюсова
сызбасы болып
табылады.
Трепанация (бассүйек қуысын ашу) –
бұл миға және оның қабықтарына
хирургиялық әрекеттер жасауға мүмкіншілік беретін операциялық барар жол. Бассүйек
қуысын және ми жартышарларының әртүрлі бөлімдерін ашу екі тәсілмен жүргізіледі:
сүйектік
-
пластикалық (остеопластикалық) және резекциялық (декомпрессиялық).
І. Сүйектік
-
пластикалық трепанацияны бассүйекке екі әдіспен жасауға болады: екі
қиындылы Оливекрон әдісі (1) және бір қиындылы Вагнер –
Вольф әдісі (2).
1) Оливекрон екі қиындылы әдісі бойынша –
біріншісі
тері мен апоневрозды
қамтитын жалпақ негізбен жалғасқан, сүйектен
сыдырылған тері
-
шандырлық қиынды,
екіншісі сүйекті тесіп, аралап жасалатын жіңішке бөлек аяқшамен жалғасқан сүйек
-
сүйекқаптық қиынды.
2) Вагнер
-
Вольф әдісі бойынша –
барлық қабаттарды бірден қамтитын, таға пішінді
тері
-
сүйекқаптық аяқшамен жалғасқан тері
-
сү
йекқап
-
сүйектік қиынды.
ІІ. Резекциялық (декомпрессиялық) трепанация жасағанда –
сүйектік қиындыны
алып тастайды да, бассүйек күмбезіндегі тесікті (ақауды) тері –шандырлық қиындымен
немесе синтетикалық материалдардан жасалған басқа жамаумен жабады.
Достарыңызбен бөлісу: