47
астында, ми затының томпайып көтерілуіне мүмкіндік туғызатын қосымша кеңістік
пайда болады. Декомпрессиялық трепанацияны патологиялық ошақтың дәл үстінен
жасайды (егер диагноз қойылса), немесе оң жақ самай аймағына Кушинг әдісімен
жасайды (егер патологиялық ошақ орны белгісіз болғанда
).
Кушинг әдісімен бассүйекке декомпрессиялық трепанация жасау.
Теріні тілуді
бетсүйек доғасының жоғарғы шетінің орта кезінен бастайды да, қиғаш жоғары бағытта
және шамалы артқа қарай жүріп, төбе (шеке) сүйектің төмпесі тұсында аяқтайды.
Бетсүйек доғасының
жоғарғы шетінен төмен қарай, ешқашан тілік жасауға болмайды,
себебі бет нервінің тармақтарын кесіп жіберу қаупі бар.
Теріні астындағы шелмай қабатымен, одан кейін апоневрозын тіледі, содан соң
жарақаттың шеттерін екі жақты бағытта сылады. Одан әрі теріге жасалған тіліктің
сызығымен самай бұлшықетінің фасциясын талшықтарының ұзынша бағытымен тіледі
де, астындағы сүйек қабығын тіліп, оны распатор көмегімен екі жақты бағытта сүйектен
ажыратады, соның нәтижесінде самай сүйектің қабыршақ бөлігін 6х6 немесе 7х7см
көлемінде жалаңаштайды. Аршылған сүйек бөлігінің ортасынан бұрғымен бір тесік
жасайды, содан кейін сол тесіктен бастап сүйектік қысқышпен самай сүйектің 6х7см
көлемдегі учаскесін кертіп, резекция жасайды. Трепанациялық саңылау жасалғаннан
кейін, мидың қатты қабығының бетін мұқият қарайды және оның қысымын саусақпен
басып тексереді де, айқыш тіліктер жасап қатты қабықты ашады. Кесілген тамырларды
байлайды немесе клипсалар салады. Ми затының ерекше томпайған кездерінде,
декомпрессияны жақсарту үшін, мидың қатты қабығына қосымша радиалды тіліктер
жасауға тура келеді.
Достарыңызбен бөлісу: