Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет30/82
Дата06.10.2023
өлшемі4,15 Mb.
#113007
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82
Байланысты:
httpengime.orguploaddownloadid98183

Операцияға көрсетілімдер. 
Бассүйек іші қысымның жоғарылауы,
бассүйек 
қуысына қан құйылуы, мидың қатты қабығы тамырларының зақымдануы, мидың ісіктері 
т.б.
Науқастың операциялық үстелде орналасуы –
арқасына, немесе бір бүйіріне 
жатқызу. Науқастың басын арнаулы және биіктігін өзгертуге ыңғайлы, басқа жастайтын 
қондырғыда орналастырған жөн. Сонымен қатар, науқастың басы мен денесі бір 
деңгейде болуы қажет. Қолдары операциялық үстелге жұмсақ таңғыштармен таңып 
бекітіледі. Науқасты операциялық үстелге орналастырғаннан кейін, операциялық шамды 
операция жасалатын алаңға өте жақсы жарық қыла алатындай етіп жақындатады.
Операциялық алаңды дайындау
. Алдын ала шашы қырылған бас терісін майдан 
тазартатын ерітіндімен ылғалданған тампондармен, содан кейін спиртпен сүртеді де, 
оның артынан 5% йод ертіндісін жағады. Трепанация жасалатын аймақты бассүйек –
ми 
топографиясына негіздеп (Кренлейн
-
Брюсова сызбасы) анықтайды да, теріге жасалатын 
тіліктердің сызықтарын, 1% бриллиант жасылы, метилен көгі т.б. ерітіндісіне 
матырылған кішкене таяқша басындағы мақтамен тері бетіне сызады. Тек осыдан кейін 
ғана, операциялық алаңды операциялық стерилизацияланған ақжаймамен қоршайды, ал 
оның шеттерін теріге тігістер арқылы бекітеді.
Ауырсындырмау тәсілі.
Наркоз, сирек жағдайларда жергілікті анестезия.
 
Оливекрон бойынша бассүйекке сүйектік
-
пластикалық трепанация жасау
(12-
сурет)
.
Бастың жұмсақ тіндеріне таға пішінді тілік жасау бетсүйектің маңдай өсіндісінің 
негізінен басталып, құлақ қалқанының жоғарғы шеті аймағында аяқталады. Жасалатын 
қиықтың 5
-
6 см
шамасындағы тілінбеген негізі төменгі жақта болуға тиіс.
Содан кейін теріні, оның астындағы шелмайды және апоневрозды тіледі де, пайда 
болған терілік
-
апоневроздық қиықты төмен қарай қайырып қояды.
Тілінген тері шетінен шамалы ішке қарай алып, самай бұлшықетінің талшықтары 


46 
мен сүйек қабығын тіледі. Фарабеф распаторы көмегімен сүйек қабығын 0,5см шетке 
қарай ығыстырады. Қол трепанымен тері тілігінің шетін алып бассүйекке 4
-
5 тесік 
жасайды, тесіктердің екеуі тері
-
апоневроздың қиықтың негізінің екі ұшында орналасуы 
қажет.
Белгіленген жерлерде сүйекті бұрғылау алдында науалы қашауышпен сүйекке 
кішкене шұңқырша жасап алған абзал. Сүйекті тесу кезінде трепанмен алғашқыда 
батылдау бұрғылауға болады, бірақ соңынша бұрғының ұшы диплоэлік қабатқа жеткенде 
хирург сақ болуы керек, себебі бұрғының сүйекті тесіп өткен сәтін дәл сезінуді маңызды. 
Тесіктер дайын болған соң, Джигли сым арасымен тесіктер аралығындағы сүйекті аралап 
кеседі.
Сым араның ыңғайлы және тиімді жағы, онымен сүйек табақшасын қиғаштан кесуге 
болады, нәтижесінде сүйектік қиындыны операциядан кейін, қақпақ сияқты орнына дәл 
қоюға мүмкіншілік туады. Мидың қатты қабығын зақымдап алмас үшін, әуелі 
трепанациялық екі тесік арқылы металдан жасалған науашалы аспапты (өткізгіш) 
өткізеді, ол қатты қабықпен сүйек арасын ажыратады, артынша өткізгіштің науашасымен 
сым араның ұшын кіргізіп, келесі тесіктен шығарып алады. Сүйектің кеуекті затынан 
шығатын қанды тоқтату үшін, сүйектің араланған қырын 3% сутегі асқын тотығы 
ерітіндісімен шайып, стерилді балауызбен тығыздап өңдейді. Арамен кесіп, дайын 
болған сүйектік қиындынының негізін, ең соңынан сүйек қабығына дейін ішінен Джигли 
арасымен аралайды (аралау кезінде сым араның екі ұшын барынша алшақ ұстау керек). 
Осыдан кейін сүйектік қиықтың табаны (негізі) оңай сынады да, тек бұлшықет пен сүйек 
қабығымен ұсталып тұрады. Сүйектік қиықты төмен қарай қайырып қояды. Ерекше есте 
сақтайтын жағдай, сүйектік қиықтың сынған өткір қырымен a.meningea media 
қантамырын зақымдап алмау.
 
Бірақ, бұған қарамай артерия зақымданған жағдайда, қан кетіп жатқан тамырға тез 
қантоқтатқыш қысқышты салып, жібек жіп лигатурасымен байлау керек. Жарақаттың 
айналасындағы операциялық ақматаны айырбастайды, содан кейін қолды жуып, мидың 
қатты қабығын тіліп, ашуға кіріседі.
Мидың қатты қабығына тілік жасау үшін, алдын
-
ала ішіндегі қысым деңгейін 
төмендету мақсатында, бел омыртқалар аймағынан инемен 30
-
40мл ликворды шығарады. 
Мидың қатты қабығын айқыш тілік (крест тәрізді) жасап кеседі де, қиындының негізін 
сагиталды синусқа немесе басқа бағытқа қаратып (ол операциялық орнына байланысты) 
ашады. Ерекше көңіл аударатын мәселе –
мидың қатты қабығына кесінді жасағанда, ол 
сүйекке жасалған тесіктің шетіне жақындатпай, одан 0,5
-
1см шегініңкіреп жасау қажет. 
Бұл жағдай артынша мидың қатты қабығына тігістер жасауға
ыңғайлы болады. 
Операцияны аяқтаған соң, мидың қатты қабығының шеттеріне жекелеген тігістер салады 
да, сүйек қабығы –
сүйектік қиындыны орнына орналастырады, одан кейін тері
-
апоневроздық қиындыны орнына қояды. Терідегі жарақатқа бірнеше тігістер салып 
тігеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет