Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі


- сурет. Декомпрессиялық трепонация (Кушинга әдісі)



Pdf көрінісі
бет32/82
Дата06.10.2023
өлшемі4,15 Mb.
#113007
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82
Байланысты:
httpengime.orguploaddownloadid98183

13-
сурет. Декомпрессиялық трепонация (Кушинга әдісі).
Декомпрессиялық 
(декомпрессиялық, резекциялық) трепанация –
 
паллиативті операция. 
 
 
Бұл әдісі –
 
бас миының операция жасауға болмайтын қатерлі ісік кезінде, 
ауырсыну сезімдерін және бас қаңқа ішілік қысымды азайту мақсатында қолданылады.
 
Операцияның мақсаты –
 
бас сүйегінің күмбезіндегі сүйек пішінінің өзгерісін 
болдырмау (5х6 см). Самай аймағында, бұл жерде бұлшықет –
 
апоновритикалық 
қабаты жақсы дамыған.
 
Кей жағдайларда қатерлі ісіктер орналасқан жеріненде жасалады. 
 


48 
 
14-
сурет. Сүйек –
 
платискалық трепанациясы.
 
 
Операция бастың жұмсақ тіндерін өз қабаттарының ретімен жабумен аяқталады. 
Сүйек қабығына, самай бұлшықетіне, оның фасциясына
және апоневрозға түйіншелеп 
кетгуттік тігістер салады, ал теріні жібек жіппен тігіп тастайды.
Емізік тәрізді өсіндінің трепанациясы
. Операцияның мақсаты
-
іріңдік экссудатты 
шығару, емізік тәрізді өсіндінің ауа толған қуыстарындағы қабыну үдерістерінен пайда 
болған грануляциялық тіндерді алып тастау және тазалаудан кейінгі қуыстарға дренаж 
жасау.
Науқастың операциялық үстелдегі қалпы –
арқасымен жатады, басы сау жақ бүйір 
жағымен қарама
-
қарсы жаққа бұрылып орналастырылады.
Операциялық техникасы
. Хирург сол қолымен құлақ қалқанын алға қарай тартып 
тұрып, оның бекінетін сызығынан 0,5
-
1см шегініңкіреп, жұмсақ тінге сүйекке дейін доға 
пішінді тілік жасайды. Тілікті құлақ қалқанының жоғарғы шетінен емізік тәрізді 
өсіндінің ұшына дейін жүргізеді. Теріні астындағы шелмаймен бірге тіледі. Сүйек 
қабығын емізік тәрізді өсіндінің ұзынша бағытымен тіледі де, оны сүйектің сыртқы 
бетінен жоғарыдан төмен қарап, бұлшықеттер сіңірлері бекінетін тұсқа дейін (бұғана
-
төс
-
емізіктік, екі қарыншалы т.б. бұлшықеттер), жоғарыда емізік тәрізді доға деңгейіне 
дейін, ішке қарай сыртқы есту жолының артқы шетіне дейін, сыртқа қарай емізік тәрізді 
өсіндінің артқы шетіне дейін сыдырады.
Одан соң науашалы қашаудың көмегімен, балғамен жай ғана тықылдатып ұру 


49 
арқылы қауіпсіз (Шипо) үшбұрышы көлемінде емізік тәрізді өсіндінің сыртқы бетін 
сындырып, оның ұяшықтарын ашады. Қашаумен ұяшықтарды алып тастай отырып, алға 
және шамалы ішке қарай жылжи келе, ең үлкен ұяға дейін жетеді (antrum mastoideum). 
Мұнда қашаудың бағытын өте қатаң бақылау қажет,
себебі біріншіден бет нервісін 
зақымдаудан аулақ болу маңызды, оның өзегі Шипо үшбұрышынан алға, ішке және 
төмен қарай орналасқан, екіншіден сигма тәрізді веналық синусты ашып алу қаупі бар, 
оның проекциясы үшбұрыштың артқы қабырғасына және antrum mastoideum аймағына 
жанаса өтеді. Ең үлкен ұя (антрум) емізік тәрізді өсіндінің сыртқы бетінен 1,5
-
2см 
тереңірек жатады, ол үлкен тесік арқылы дабыл қуысының жоғарғы этажымен 
байланысады, бұл Шипо үшбұрышының жоғарғы шекарасы болып табылады. 
Үшіншіден, үшбұрыштың
жоғарғы шекарасымен тереңірек бассүйек қуысының ортаңғы 
шұңқыры жақын жататынын ескеру керек, оған трепанация кезінде инфекция кіргізіп алу 
өте қауіпті. Сонымен, қашау нәтижесінде Шипо үшбұрышы аумағында жасалған 
трепанациялық қуыстық қабырғаларын Фолькман өткір қасықшасымен қырып 
тазалайды. Патологиялық өзгерістерге ұшыраған тіндерді (ірің, грануляциялар т.б.) алып 
тастайды да, қуысты құрғатып, дренаж қояды. Теріге жекелеген тігістер салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет