5.
Мәтінде сипатталған тарихи үрдісті анықтаңыз: «... адамдар табиғат
сыйына тәуелділіктен құтылды. Олар өмір сүруге қажетті азық-түлікті
өздері өндірді»:
Жауабы: Өндіргіш шаруашылықтың қалыптасуы
6.
Жаңа тас ғасырындағы адамдар үйренді:
Жауабы: Мата тоқып, киім тігуді үйренді
.
7.Мәтінде сипатталған табиғи үрдіс жүзеге асуы үшін қажет еткен жағдай:
«...адамзат қоғамының даму қарқыны артты. Адамдар жер өңдеудін
қарапайым түрімен айналысты, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен
кәсібі және тоқымашылықпен айналыса бастады...»:
Жауабы: Еңбек құралдарының жетілдіруі
8.
Мәтінде сипатталған табиғи үрдістің орын алған кезеңі: «...адамзат
қоғамының даму қарқыны артты. Адамдар жер өңдеудін қарапайым
түрімен айналысты, жабайы жануарларды қолға үйретті.
Кен кәсібі және
тоқымашылықпен айналыса бастады...»:
Жауабы: Неолит
Неолит кезеңінің еңбек құралдары:
-Бұл кезеңде тас өңдеу биік деңгейге жетті. Адамдар тасты кесу, жону,
жылтыратып
тегістеу, бұрғылау әдістерін меңгерді.
-Неолитте құрамалы құралдар жасаудың түрлі әдістері жетілдірілді.
Құрамалы деп аталатыны – олар екі түрлі материалдан құрастырылған,
құралдың ұшы не жүзі міндетті түрде ұсақ өткір тастардан тұрады.
-Еңбек құралдарының жаңа түрлерін – келі, дәнүккіш, балта, қайланы т.б
ойлап тапты.
-Таяққа бекітетін
қашау балтаға айналды, оның соққысы жай тастан
күштірек болды.
-Кетпен –
ауыл шаруашылық жұмыстарында, тұрмыста қолданылатын
құрал. Кетпен Орт. Азияда тұратын халықтарда өте ерте заманнан белгілі.
Оны, әсіресе, суармалы егіншілікпен айналысатын
аудандарда көбірек
қолданады.
-Неолит дәуірінің тағы бір үлкен жаңалығы – адамдардың қыш құмыра
(керамика) жасауды үйренуі еді. Бұл дәуірді сондықтан «қыш
құмыралар
заманы» деп те атайды. Құмыраларға геометриялық өрнектер салған.
Құмыраны көзе деп те атайды, Көзе – саздан жасалған қыш ыдыс.
Достарыңызбен бөлісу: