164
өтетін қалыпты конусты проекциясымен құрылған. Параллельдері
концентрлі доға тəрізді, меридиандары бір нүктеден тарала-
тын сəуле тəрізді болуымен ерекшеленеді. Параллельдері мен
меридиандарының аралығы 5º-та жүргізілген. Ендіктері мен
бойлықтары жазылған.
1:10 000 000 масштабты Қазақстанның картасында сандық,
атау жəне сызықтық масштабтар берілген. Географиялық негізде
көлдердің
жағалау сызықтары, ірі өзендер мен басты салалары,
ірі тау жүйелері жəне олардың аттары, кейбір ірі қалалар жазумен
берілген.
Тақырыптық мазмұны ерекше жинақталған. Ақпараттарды
беру əдістері қарапайым, əрі түсінікті. Табиғат карталарында
жануарлар мен өсімдіктер жамылғысы, пайдалы қазбалар, мас-
штабтан тыс көркем бейнелі жəне
белгілеу шартты белгілермен
кескінделіп, таралған аумақтары ареал тəсілімен берілген.
Əлеммен танысу жарты шарлардың физикалық жəне саяси кар-
талардан басталады. Аталған картада картографиялық тор 20º
кейін жүргізілген, сонымен қатар, Солтүстік жəне Оңтүстік по-
люс, поляр шеңберлерінің сызықтары көрсетілген. Физикалық
картада таулар, үстірттер мен ойпаттар сияқты жер бедерінің
ірі пішіндері перспективті гипсометриялық қабатты бояулармен
кескінделген. Бірақ құрлықтың биіктік, теңіздердің тереңдік
шкалалары берілмеген.
Материктердің табиғаты, физикалық
картаның негізінде
құрылған. Онда жануарлар мен өсімдіктердің жекелеген
түрлерінің таралған аумақтарын көрсету үшін ареал əдісін
қолданылған. Атласта жоғарғы кластарда астрономияны оқуға
негіз болатын жұлдызды аспан əлемінің картасы да берілген.
Тұтастай алғанда «Дүниетану» атласы мектеп карто-
графиясына жақсы кіріспе бола алады. Онда бастауыш сы-
нып оқушыларының түсінуіне жеңіл əрі қолжетімді болатын
картаға түсіру тəсілдері қолданылған. Атласқа таңдалып алынған
карталардың математикалық жəне географиялық негіздері,
тақырыптық мазмұны, рəсімделуі картографиялық шығармаларға
қойылатын барлық талаптарға сай келеді.
6 сыныптың географиялық атласы
. Жалпыға бірдей білім
беретін орта мектептерде география пəн ретінде 6 сыныптан
165
бастап оқытылады. 6 сыныпқа арналған атластағы карталар
шолу сипатында болатындықтан олардың саны шамалы. Атлас
ежелгі ғалымдардың Жердің пішіні туралы түсініктерін алғашқы
картографиялық бейнелер, Ұлы географиялық ашылуларды
көрсететін бөлімнен басталады.
Одан ары сұлбаны (планды) құру, топографиялық карталардың
маз мұны,
Жер мен Күн жүйесінің құрылысы
тақырыптарын ашатын
карталар қамтылған. Бұл бөлімде тақырыптың мазмұнын ашу-
ды көздейтін Жер бетінен түсірілген фотосуроеттер, аэро- жəне
ғарыштық түсірілімдер қосымша берілген.
Келесі бөлім көп ақпарат бере алуымен ерекшеленетін жарты
шарлар картасымен ашылады. Физикалық карталарда градус тор-
лары біршама жиі (10º кейін) жүргізілген 1:90 000 000 масштабты
картада мұхиттар мен теңіздердің жағалау сызықтары бей не ленеді.
Құрлықтар мен мұхиттардың бедері гипсометриялық əдіс
пен
кескінделген. Мұхиттардың айдынындағы жылы жəне суық ағыстар
қозғалыс белгілерімен беріледі. Мұхиттардың, теңіз дердің, жылы
жəне
суық ағыстардың, өзендердің, көлдердің, ірі тау жүйелері
мен жазықтардың аттары біршама ірі жазулармен жазы
лады.
Түсініктемелерінде биіктік жəне тереңдік шкала лары көр сетілген.
Математикалық негізінің элементтерінен парал лель дердің ендіктері,
меридиадардың бойлықтары, полюс тер, по ляр шеңберлері, экватор,
тропик сызықтары сияқты карто гра фия лық тордың элементтері, со-
нымен қатар сандық жəне атау мас штаб та ры берілген.
Кейбір атластардағы 1:90 000 00
жарты шарлардың саяси
карта сында Еуропаның 1:30 000 000 масштабты қима картасы
енгі з ілген.
Дүниетану пəндеріне арналған атластардан айырмашылығы В.
В. Каврайскийдің қиып өтетін тең аралық қалыпты конусты про-
екциямен құрылған Қазақстанның физикалық картасы берілген.
Ол алдыңғы атластағы картаға қарағанда аз жинақталуымен,
Жер бедерінің, су нысандарының біршама нақты əрі жан-жақты
кескінделуімен ерекшеленеді.
Ең соңғы бөлімінде климаттық, зоогеографиялық, табиғат
қорғау тағы басқа тақырыптық карталар берілген. Шарт-
ты белгілердің кестесі негізінен əрбір карталарда берілген. 6
166
сыныптың атласында көптеген көрнекі материалдар берілген. Ат-
ласты əртүрлі мазмұндағы анықтама деректер қорытындылайды.
Достарыңызбен бөлісу: