Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Карта бойынша сипаттау жəне көру арқылы ойша тал-



Pdf көрінісі
бет110/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Карта бойынша сипаттау жəне көру арқылы ойша тал-
дау 
тəсілі-нақты жəне обьективті жаңа картографиялық зерттеу 
əдістерінің пайда болуына қарамастан ол бүгінгі таңға дейін мəнін 
жоғалтпаған картамен жұмыс барысында бұрыннан қолданылып 
келе жатқан тəсілдердің бірі.
Көру арқылы ойша

талдау мен карта бойынша сипаттаудың 


басқа тəсілдерінен артықшылығы оқып үйренетін шындықтың 
картографиялық бейнесін көзбен көру арқылы кешенді жинақтап 
қорытынды шығаруға мүмкіндік беруінде. Математика ландырыл-
ған талдау тəсілдерінің көбі зерттелетін құбылыстың бір ғана 
белгілерін терең əрі жан-жақты сипаттай алады.
Көру арқылы ойша

талдау жəне карта бойынша сипат-


тау тəсілінің мақсаты картадағы зерттелетін нысандар мен 
құбылыстардың қасиеттері мен ерекшеліктерін, олардың орнала-
суы мен өзара байланыстарын анықтау. Бұл тəсілдерді қолдану 
нəтижесінде оқып үйренетін нысандар мен құбылыстар жөнінде 
сапалы түсініктер қалыптасады.


182
Көру арқылы картаға ойша талдау нəтижесінде келесі 
географиялық заңдылықтардың анықталуы жоғарыда айтылған-
дар ға классикалық мысал бола алады. Топырақтың кеңістіктік 
таралуына карта арқылы дұрыс талдау жасаған В. В. Докучаев 
ХІХ ғасырдың аяғында кейіннен ендік зоналық пен ландшафттық 
жіктеу зандылықтарына негіз болған топырақтың таралуының 
ендік зоналығын анықтады. 
Дүниежүзінің картасындағы материктердің жағалау сызық та-
рының пішінін мұқият оқып үйренген Альфред Вегенер 1912 жы-
лы континенттердің ығысуы болжамын ұсынды. Ол қазіргі мате-
рик тердің сыртқы пішіндерін бір-бірімен үйлестіру арқылы жер 
табиғатының дамуының алғашқы кезеңінде бір ғана алып 
Пангея
материгі болып, кейіннен литосфералық тақталардың жарылуы-
нан ығысып қазіргі алты материк пайда болды деген қорытынды 
жасады. Сырттай көзбен көріп картаны ойша талдау арқылы 
ғалым ұсынған ғылыми болжам материктердің тектоникасы мен 
палеомагнитизмін зерттеу нəтижесінде дəлелденді.
Көзбен сырттай көріп ойша талдау жəне карта арқылы сипат-
тау барысында бірқатар ережелерді сақтау қажет. Көзбен сырттай 
көріп ойша талдауда алға қойған мақсатты шешуге картаның 
сапасының мүмкіндік беру дəрежесін айқындап алу керек. 
Көзбен сырттай көріп картаны ойша талдау жалпыдан жеке-
ге қарай жүргізіліп, сипаттайтын аумаққа немесе құбылысқа тəн 
негізгі белгілерді анықтап алуды, содан соң негізгі белгілердің 
əрқайсысын жеке қарастыруды қажет етеді. Оған сипаттау мен 
сандық көрсеткіштердің элементтері кіреді жəне оқыпүйренетін 
құбылыстар мен үрдістерді бағалаумен қорытындыланады. 
Карталар сериясы немесе атлас бойынша табиғат жағдайларына 
сипаттама беру төменде көрсетілген жоспар бойынша жүргізіледі: 
аумақтық географиялық орны, енетін əкімшілік құрылымына 
қатысты жағдайы, жер бедері, геологиялық құрылысы, пайдалы 
қазбалары, климаты, гидрографиясы, топырағы, өсімдіктер мен 
жануарлар дүниесі, ландшафттық аудандары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет