Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Қазақсатан Республикасының Ұлттық Атласы



Pdf көрінісі
бет101/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Қазақсатан Республикасының Ұлттық Атласы

Қазақстан картографиясындағы маңызды бағыттардың бірі гео-
графия институтының директоры, география ғылымының док-
торы, профессор А. Р. Медеудің редакциялық басшылығымен 
құрылып, 2011 жылы Алматы қаласындағы картографиялық 
фабрикада басылып шыққан Қазақстан Республикасының 
ғылыми-анықтамалық Ұлттық Атласы болып табылады. Ол 
География институты мен Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 
«Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын қорғаудың 
2005-2007 жылдарға» арналған бағдарламасының шеңберінде 
əзірленді.
Кешенді ғылыми-анықтамалық Қазақстанның Ұлттық Атла-
сы жер асты байлықтарын тиімді пайдалануға, қоршаған ортаны 
қорғауға, өндіруші күштерді дамытуға сондай-ақ Республикадағы 
əлеуметтік-экономикалық мəдени дамуды шешуге бағытталған.
Аталған жобаны жүзегеасыруға 1982-83 жылдар аралығында 
Мəскеуде басылып шыққан ҚазССР екі томдық атласын құру ба-
рысында жиналған тəжірибе ықпал етті. 
100-ден аса авторлар қатысқан Ұлттық Атлас ІІІ томға 
жинақталып, онда 300-ден астам карталар топтастырылған. 
Атластағы карталар қазіргі геоақпараттық технологияларды 
қолдана отырып ArcGis-9.1 карта құрастыру бағдарламасында 
жасалды
Атласты жинақтау кезінде заманауи геоақпараттық технология-
лар қолданғандығы оны қағаз жүзінде болсын, электрондық тасы-
мал даушы жүзінде болсын шығаруға жəне көбейтуге мүмкін дік 
бе реді.
Атластың бірінші томында Қазақстан Республикасының қа-
зіргі географиялық жағдайы, Жер бедері, геологиялық құрылы-
сы, минералдық корлары, гидрогеологиялық жағдайы, жер асты 
сулары гидрогеологиялық жағдайы, ауа-райы, агроклиматикалық 
ресурстар ландшафтар, физикалық-географиялық аймақтандыру, 
жер үсті су корлары, жер корлары, жануарлары мен өсімдіктер 
жамылғыларының ерекшеліктерін сипаттайтын 1:5 000 0000, 1:7 
11–1171


162
500 000; 1:10 0 00 00 жəне 1:15 000 000 масштабта құрылған 102 
картаның картографиялық мəліметтерін қамтыған.
Тақырыптық мазмұны ерекше жинақталған. Ақпараттарды 
беру əдістері көңілге қонымды əрі түсінікті. Табиғат картала-
рында еліміздің геологиялық құрылысын, климат түзуші фактор-
ларын, жауын-шашынның, ауа температурасы мен желдің жыл 
мезгілдеріндегі таралу ерекшеліктерін жануарлар мен өсімдіктер 
жамылғысы, пайдалы қазбалар масштабты жəне масштабтан тыс
белгілеу, картограмма, ареал, қозғалыс белгілері, изосызықтар 
шартты белгілермен кескінделіп, таралған аумақтары ареал 
тəсілімен берілген. 
Физикалық картада таулар, үстірттер мен ойпаттар сияқты 
жер бедерінің ірі пішіндері перспективті гипсометриялық қабатты 
бояулармен кескінделген. 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Атласының екінші 
томы 2005 жылы əзірленген жəне 117 картадан тұрады. 
Қазақстан Республикасындағы əлеуметтік-экономикалық жəне 
демографиялық ахуал туралы ауқымды ақпарат қамтылған.
Атлас шаруашылық кешенді жəне Қазақстанның қазіргі 
қоғамдық өмірін бейнелейтін тақырыптық мазмұны еліміздің 
қазіргі демографиялық ахуалы; əлеуметтік саласы, өнеркəсібі, ауыл 
шаруашылығы жеке облыстардың экономикасы жəне əлеуметтік 
саласы, тарихы мен археологиясы, сыртқы экономикалық байла-
ныстар жəне əлемдік қоғамдастықтағы Қазақстанның орнын си-
паттайтын карталар қамтылған. 
Өнеркəсіп орталықтары сала бойынша бірнеше бөліктерге 
бөлінген белгілеу, картограмма, картодиаграмма, нүктелік 
тəсілдермен бейнеленеді. Ауыл шаруашылық аудандарын ашып 
көрсету үшін сапалық түс, жекелеген дақылдар өсірілетін 
аумақтардың шекарасын көрсетуге ареал тəсілі қолданылған. Ат-
ласта көрнекі материалдардың саны азайтылып, олардың орнына 
кесте түрінде статистикалық көрсеткіштер берілген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Атласының үшінші томы 
2006 жылы əзірленді жəне 127 картадан тұрады. Экологиялық 
білімді, білім беру жəне тəрбиені, табиғатты қорғау қызметін 
іс-жүзінде картографиялық негіздеуге арналған. Атластың III 
томындағы мəліметтер экологиялық дағдарыс зардаптарының ал-


163
дын алу жəне жою бағдарламасының негізі ретінде, республиканың 
табиғи ортасына антропогенді факторлар əсерінің нəтижелерін 
бейнелейді.
Атластың үшінші томы қоршаған ортаға антропогендік 
факторлардың əсерін, Қазақстан табиғатының қазіргі экология-
лық жағдайларын, экология жəне адам мəселесін еліміздің жеке 
аймақтарының экологиялық жағдайын, сонымен қатар, табиғат-
ты қорғау мəселелерін қамтиды. 
Атластың электрондық нұсқасы табиғи ортаның ахуалы туралы 
білімді жетілдіру жəне табиғатты пайдалану жаңа міндеттерінің 
қалыптасуына қарай үнемі жаңалануы мүмкін экологиялық мо-
ниторинг жүргізудің картографиялық базасы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет