169
Бірінші бөлімге жататын барлық карталар қима карталар, ди-
аграммалар, кестелер, статистикалық деректер сияқты қосымша
мазмұнмен жабдықталған.
Екінші аймақтық шолу бөлімінде біршама нақты əрі кең
көлемді ақпараттар берілген. Орналасқан географиялық орнына,
ауданына байланысты олардың математикалық негіздері алуан
түрлі болатындықтан бұрмаланудың таралу сипаты жағынан бір-
бірінен айырмашылығы бар азимутты, конусты проекциялардың
əртүрлі нұсқалары қолданылады. Олар масштабтық қатары
күрделі болуымен ерекшеленеді.
Белгілі дəрежеде жоғары жинақталатын экономикалық карта-
ларда ақпараттың көлемі өте үлкен болады. Ол, əсіресе, өнеркəсіп
орталықтарын жан-жақты ашып көрсетуді көздейтін экономикасы
жоғары дамыған елдерде айқын байқалады. Атласты экологиялық
тақырыптағы қарталар қорытындылайды.
Əсіресе, Ресейдің əртүрлі баспалары шығарған материк-
тер мен мұхиттардың жəне дүниежүзінің экономикалық,
əлеуметтік жəне саяси географиясының атластары жалпыға
бірдей орта білім беретін мектептердің стандарттары мен оқу
бағдарламаларына сəйкес келетінін атап өтуге болады. Мысалы,
физикалық-географиялық немесе өнеркəсіпті аудандардың кар-
талары қосылып, тақырыптардың саны артуда, экономикалық
карталар ерекше жіктеу тобы инфроқұрылымдар элементтерімен
толықтырылуда.
Достарыңызбен бөлісу: