184
қашықтығын көлденең масштабқа сəйкес келтіріп, милиметрлі
немесе ақ қағаздың бетіне түсіреді. Ол үшін кағаздың екі
шетінен тік сызық жүргізіп көрсеткіші тік масштабқа сай биіктік
шкаласының сандарын жазады.
Көлденең қима-сызбаларды
картаның масштабына сай
келетіндей есеппен құрады. Тік масштаб көлденең масштаб-
тан 10-20 немесе 100 есе ірі болуы тиіс. Көлденең қима сызба
тұрғызу үшін бір меридианның немесе параллелдің бойындағы
екі нүктенің аралығындағы жер бедерінің ерекшелігі əрбір
қабатты бояудың түсін өлшеп биіктік шкаласымен салыстыра от-
ырып құрылады. Жалпы географиялық карталарды пайдаланып
көлденең қима- сызбаны тұрғызу геокешеннің бір ғана құрамдас
бөлігін біршама көрнекі, əрі жан-жақты ашып көрсетуге мүмкін-
дік береді.
Оқу жұмыстары мен ғылыми зерттеулер біреше құбылыстар-
дың, мысалы, белгілі бір аумақтың жер бедері мен
геологиялық
құрылысының, топырақ жамылғысының, өсімдіктер мен кли-
мат арасындағы өзара байланысын ашып көрсетуді қажет етеді.
Жалпы географиялық жəне əртүрлі тақырыптық карталар се-
рияларын пайдалана отырып кешенді көлденең қима-сызбалар
тұрғызуға да болады. Кешенді көлденең қима-сызбалр аумақты
табиғи аудандастыруға негіз болатын ландшафттық жіктелуін,
табиғаттың құрамдас бөліктері арасындағы өзара байланыстарды
айқындауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: