181
Зерттелетін құбылыстардың ерекше сипаттарын анықтау үшін
картаны оқуда салыстырмалы түрде қарапайым сапалық талдау-
дан бастап, күрделілік дəрежесі əртүрлі біршама терең төменде
көрсетілген бірқатар сандық оқу тəсілдері қолданылады:
- картада кескінделген құбылыстардың сапалық сипатының
жеке элементтері немесе жалпы ерекшеліктері жөніндегі
түсініктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін сипаттау;
- қамтыған нысандар мен құбылыстардың деректерін пай-
даланып, екі өлшемді сызба-нұсқалар мен диаграммаларды,
үш өлшемді блок диаграммаларды құруға мүмкіндік беретін
карталарға кестетік талдау;
- картадағы сандық шамаларды пайдаланып əртүрлі
өлшеулер мен есептеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ететін
картометриялық жəне морфометриялық кестетік талдау;
- картадан алынатын деректерге математикалық талдау, мате-
ма
тикалық статистика, ақпараттану теориясы жəне тағы басқа
тəсілдерді қолданып, математикалық үлгілерді құру мен зерттеуді
қамтамасыз ететін математикалық картографиялық үлгілеу əдісі.
Жоғарыда көрсетілген картографиялық зерттеу əдістерінің
ішінен жиі қолданатын тəсілдерін қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: