190
Екінші тəсілде жақын орналасқан көршілес параллельдер мен
меридиандар торын таңдауға негізделіп нүктенің географиялық
координаттары анықталады. Бұл əдісті қолданып координатын
табатын Е нүктесінің ендігі Δφ табу үшін нүкте арқылы көршілес
жатқан А жəне В параллелдерін қосатын түзу сызық жүргізіп, мм
есебімен алынған ұзындығын өлшеп, шыққан санды көршілес
параллелдің градус айырмасына бөліп, мм есебімен алынған 1°
параллель жүргізілген арақашықтықты есептеп шығарамыз. Со-
дан кейін нүкте орналасқан градусының мəні кіші параллельден
нүктеге дейінгі мм есебімен алынған ара қашықтықты есептеп,
шыққан санды мм есебімен алынған 1° параллель жүргізілген
ара қашықтыққа бөлеміз де нүктенің ендігінің мəнін табамыз.
Шыққан санның біріншісі градусы, екіншісі минуты, үшіншісі
секунды болып табылады. Бірінші санды сол қалпында, екінші
жəне үшінші санды 1° -тың оннан бір бөлгі 6´ жəне үшінші сан-
ды 1´ оннан бір бөлігі 6´´ көбейтіп жазамыз. Шыққан сан ко-
ординатын анықтайтын нүктенің градусы, минуты мен секунды
көрсетілген нақты ендігі болып табылатындықтан картадағы
мəні кіші параллельге қосып жазамыз.
Координаты анықтайтын Е нүктесінің бойлығы Δλ табу үшін
көршілес жатқан С
жəне D
меридиандарын қосатын түзу сызық
жүргізіп мм есебімен алынған ұзындығын өлшеп, шыққан санды
көршілес меридиандардың градус айырмасына бөліп мм есебімен
алынған 1° меридиан жүргізілген ара қашықтықты есептеп
шығарамыз. Содан кейін нүкте орналасқан градусының мəні кіші
меридианнан нүктеге дейінгі, мм есебімен алынған арақашық-
тықты өлшеп, шыққан санды, мм есебімен алынған 1° меридиан
жүргізілген ара қашықтыққа бөлеміз де, нүктенің градус, минут,
секунд есебімен алынған бойлығын табамыз. Шыққан санды
картадағы градусының мəні кіші меридианға қосып жазамыз.
Достарыңызбен бөлісу: