194
Құбылыстардың динамикасын оқып-үйрену олардың өзгеру
жылдамдығы
мен себептерін, болашақтағы даму бағыттарын
анықтауға; белгілі бір уақыт шегінде қандайда бір құбылыстардың
жағдайы мен оның одан ары дамуын болжауға мүмкіндік береді.
Əртүрлі уақытта құрылған топографиялық карталарды бір-
бірлерімен беттестіру арқылы елдімекендер жиілігі мен халықтың
қоныстану тығыздығының,
жол торларының, жер бедерінің,
өсімдіктер жамылғысының тағы басқалардың өзгеру сипатының
қарқынын анықтауға болады.
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайын оқып-үйрену жəне
экологиялық карта құру барысында мұндай зерттеулердің маңыз
зор. Мысалы, жерді ауыл шаруашылығына пайдалану картасын
оқып-үйрену жердің өзгеру жағдайын,
себептерін, бағытын,
қарқынын, қолайлы жəне кері əсер ететін факторларды анықтауға
мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған кері əсерлердің салдары-
на ауыл шаруашылығы жерлеріне бұталардың, арамшөптердің
өсуін, топырақтың сортаңдануын жатқызуға болады.
Орман шаруашылығының картасы орман алқаптары ауданы-
ның
динамикасын ғана емес, оның түр құрамын, жиілену дəре-
жесін, аурулармен зақымдануын, отырғызылған ағаштардың эко-
логиялық жағдайыларында анықтауға көмектеседі.
Көру арқылы ойша салыстыру жергілікті жердің динамикасы
туралы жалпы түсініктер ғана бере алады. Сондықтан жергілікті
жердің біршама көрнекі бейнесін екі картаның кескінін бір-
бірімен беттестіру арқылы алуға болады.
Негізі ретінде ескі
картаның құрылымын пайдалана отырып, проекциялық прибо-
рлардың көмегімен оған біршама кейінгі уақытта құрылған
кар
талардың нысандарын түсіруге болады. Түсіру барысында
картаның мазмұны сақталған нысандар,
жол торлары, жол қиы-
лыстары, біршама тұрақты жəне елдімекендер сияқты бірша ма
дина микалық элементтер үйлестіріледі.
Басылып шыққан уақыттары бір-бірімен 30 жылға айырма
жасайтын екі картадағы батпақтың кескіндері бейнеленген. Екі
картадағы батпақ телімдері мен оған жапсарлас жатқан ландшат-
тарды бір-бірімен беттестіру көршілес жатқан орман алқаптарын
кесу батпақ аумағының артуына əкеп
соқтырды деген қорытынды
шығаруға мүмкіндік береді.
195
Картометриялық тəсілдердің көмегімен динамиканы оқып-
үйрену барысында беттестірілетін карталардың құрылу əдістерін,
жинақталу сипаттары мен қағидаларын, оқып-үйренетін құбы-
лыс
тың жіктелу нақтылығын ескеру қажет. Шығарылатын
қорыты н
дылардың тазалығына картаның масштабы мен оның
атқара тын қызметі көп əсер ететіндіктен пайдаланылатын барлық
карто графиялық материалдарды мұқият оқып-үйрену қажет.
Достарыңызбен бөлісу: