Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет150/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

252
7.1-сурет

Ірі масштабты карталарда белгіленген бағыттың көлденең 
қима-сызбасы
Көлденең қима-сызбаға АВ жəне ВС сызықтарының əрбір 
бұрылыс нүктелеріне олардың азимуттарын анықтап бағдар 
сызықпен көрсетіп жазады. Əр нүктенің абсолют биіктігі 
анықталып, олар көлденең қима-сызба негізінің тік масштабы-
на сəйкес белгіленеді. Əрбір биіктік белгісінен топографиялық 
беттің сызықтарының кескінделу ерекшеліктерін айқындайтын 
нүктелерді қосатын сызық жүргізіледі. Барлық нүктелер бір-
бірімен қосылып болғанда,көлденең қима-сызбаны рəсімдеуге 
көшуге болады.
Көлденең қима-сызбалардың көмегімен бақылайтын 
қосыннан көрінбейтін жергілікті жердің бөліктерін көруге бо-
лады. Əрбір қима-сызбадан бақылау нүктесінен бақылайтын 
нүктеге дейін түзу сызық жүргізіледі.
Топографиялық картадан көзге көрінбейтін алаңды 
анықтау.
Қандайда бір бақылау нүктесінде тұрған бақылаушының 
көзіне көрінбейтін жер бетінің телімін 
көрінбейтін алаң
дейміз. 
Бақылау нүктелеріне таралатын көздің бақылау сəулелерінің 
астында орналасатын 
бағыттың көрінбейтін аймағы
үстірттің, 
орман алқаптарының көтеріңкі беткейлердің немесе салынған 
биік ғимараттардың ар жағында орналасады.


253
Көзге көрінбейтін алаңды анықтау əскери құрамалардың 
қорғаныс əрекетінің барысында əскери техникалар мен 
сарбаздардың жергілікті жерде көрінбей шоғырлану міндетін 
шешуде маңызы зор [7.2-сурет].
7.2 сурет.
Көзге көрінбейтін алаңдардың бағыты түсірілген картаның 
телімдері (
а
) мен олардың көлденең қима-сызбалары кескіні (
ə
)
Картадан көзге көрінбейтін алаңды анықтау бақылау нүкте-
сінен таралатын жергілікті жердің жекелеген бағыттарында 
көрінбейтін аймақтарын анықтап, олардың шекарасын сызудан 
басталады [7.2 
а, ə
-суреттер]. 
Көрінбейтін аймақтар бақылау нүктесінен таралатын 
көру сəулесінің қандайда бір бөлігіндегі бағытының бойынан 
анықталады. Бағыттың арасындағы бұрыштар көп жағдайда 
тең болады. Бағыттар картада сызылып реттік саны белгіленеді.


254
Одан кейін көлденең масштабы əр қашан картаның масштабы-
мен сəйкес келетін, ал, тік масштабы шартты түрде алынатын 
əр бағыттың көлденең қима-сызбасы тұрғызылады [7.2 
ə
-сурет].
Көлденең қима-сызба аралық құжат болғандықтан ол əр қашан 
миллиметрлі қағазға тұрғызылады. Онда көрінбейтін аймақтар 
анықталып тұрғызылған көлденең қима-сызбаның негізінде жо-
балау көзделеді.
Көрінбейтін аймақтың бағытын анықтап болған соң көзге 
көрінбейтін алаңның шекарасын картада белгілейді. Содан кейін 
көрінбейтін аймақтардың барлық бағытын шектейтін нүктелер 
арқылы жер бедерінің ерекшеліктерін ескере отырып, көрінбейтін 
алаңдардың шекарасын түгел түсіреді.
Ірі масштабы карталарда қолданылатын масштабтың түрлері. 
Картаның бетіндегі сызықтардың ұзындығының жергілікті 
жердің көлденең проекциясындағы ұзындығына сəйкес келуі 
топографиялық картаның 
масштабы
деп аталады.
Топографиялық карталарда масштабтың бес түрі қолданы лады. 
Олар: 
сандық, атау, сызықтық, сыналы жəне көлбеу
мас штаб-
тар. Жер бетінің жазықтықта неше есе кішірейтілгенін сан ти метр 
есебімен көрсетілген сандық шаманы
сандық масштаб
дей міз. 
Масштабтың кішірейту дəрежесі
m
M
1
=
көрсетіледі. Мұндағы 
М– сандық масштаб; алымындағы 1 жазықтықтағы 1 сантиметр; 
m– жазықтықтағы 1 сантиметрде жер бетінің неше есе кішірей-
тілгенін сантиметр есебімен көрсететін сандық шама. Мысалы, 
картадағы 1:100 000 жер бетіндегі ұзындықтар көлденең проек-
циясымен салыстырғанда 100 000 есе кішірейтілгенін көрсетеді.
Картадағы сантиметр есебімен алынған сандық масштабты 
метрге немесе шақырымге айналдырып жау 
атау масштаб
деп 
аталады. Сандық масштаб 
100000
:
1
=
M
болғанда оның атау мас-
штабы 1см = 1шақырым тең болады.
Картадағы атау масштабты сызық түрінде кескіндеуді 
сызықтық масштаб
дейміз. Сызықтық масштаб картадағы 
сызықтардың ұзындығын нақты өлшеу үшін қажет. Сызықтық 
масштабтың нольдік көрсеткішінің оң жағындағы ара 
қашықтықтары бірдей тең бөліктерге бөлінген

негізін сызықтық 
масштабтың 
толық негізі
деп аталады. əрбір толық негізге сəйкес 


255
келетін жергілікті жердегі қашықтық сызықтық масштабтың 
шамасы деп аталады. Қажетті нүктелердің арақашықтығын дəл 
өлшеу үшін сызықтық масштабтың нольдік көрсеткішінің сол 
жағындағы бес немесе он бөліктерге бөлінген b негізін сызықтық 
масштабтың 
дəлдік негізі
деп атайды.
Дəлдік негіздің əр бір бөлігіне сəйкес келетін жергілікті жердегі
ара-қашықтық 
сызықтық масштабтың дəлдігі
деп ата ла ды.
Қағаз бетіндегі кестетік дəлдіктің шегі 0,2 мм саналады. 
Қалыпты көздің ажырата алатын шегі 0,1мм картаның 0,1мм –ге 
сəйкес келетін жергілікті жердегі сызықтардың арақашықтығы 
картаның масштабының 
дəлдігінің шегі
деп аталады [7.3-сурет].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет