250
өлшенген биіктіктерге түзету енгізіледі немесе жергілікті
жердің кескіндік сұлбасын ғана тұрғызады.
Топографиялық сұлбалар
(пландар) 1:2000 жəне одан-
да ірі масштабта құрылады. Олар техникалық жобалар мен
инженерлік қала шаруашылығында қолданылады. 1:10000 нан
1:200000-ға дейінгі карталар тығыз карталар деп аталады.
Топографиялық пландарда жергілікті жердегі пландар мен
жер бедерінің элементтері кескінделеді. Ұсақ масштабты кар-
талардан айырмашылығы жергілікті жердегі нысандардың
кескіні айқын болуы.
Көлденең қима-сызбалар. Жергілікті жердің белгілі
бір масштабпен кішірейтіліп алған тік бағыттағы қимасын
көлденең қима-сызба
деп аталады. Ол жергілікті жерде
жүргізілетін биіктіктік кескіндеу нəтижелерінде жинақталған
деректерді камералық өңдеуден өткізу арқылы құрылады. Ар-
найы шартты белгілермен кескінделген аумақтың геологиялық
құрылысын, өсімдіктер мен топырақ жамылғысын, сонымен
қатар табиғаттың құрамдас бөліктерінің арасындағы өзара
байланыстарды ашып көрсетуге болады. Көлденең қима-сызба
жер бетінің белгілі бір бөлігінің жер бедерінің ерекшеліктерін
көрнекі түрде жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік
беретіндіктен көптеген ғылыми-тəжірибелік міндеттерді ше-
шуде кеңінен қолданылады.
Оны құру үшін картаның бетіндегі екі нүктенің арасы-
на түзу сызық жүргізіп, көршілес жатқан екі горизонтальдың
арақа шықтықтағы (d) мен олардың абсолют биіктіктеріне (h)
негізделіп құрылады. Көлденең қима-сызбалар тұрғызу үшін
кар таның масштабына сəйкес келетін немесе одан біршама ірі
көл денең масштаб
пен одан 5, 10, 15 есе ірі болатын
тік масш-
т а б
алы нады.
Достарыңызбен бөлісу: