251
ырмасы өте жоғары болғанда негіздің биіктік белгісі метрдің
дөңгелектенген сандармен алынады.
Тік масштабтың негізі ретінде көршілес жатқан горизонталь-
дардың қима биіктігі h, көлденең
масштабқа горизонталь
аралық ұзындық d алынады. Көлденең қима-сызба тұрғызу
үшін өзара перпендикуляр координаттық білік тұрғызады да тік
білі гіне арақашықтығы 1 см шкала тұрғызылып,
оған тік мас-
штабқа сəйкес келетін горизонтальдардың арақашықтықтары
бірдей қима биіктіктері жазылады. Көлденең білігіне қима-
сызба жүргізілетін сызықтар қилысатын горизонталь аралық
қашықтықтар d түсіріледі.
Көлденең қима-сызбаның көлденең масштабы.
Ірі мас-
штабты карталардағы горизонталь аралық ұзындыққа сəйкес
келетін көлденең масштаб картаның масштабына сəйкес келеді
немесе одан бірнеше есе ірі болып келуімен ерекшеленеді.
Жергілікті жер бедерінің ерекшеліктерін айқындайтын го-
ризонтальдармен кескінделетін шыңдар,
суайрықтар, жыра-
лар мен кемерлер, сыяқты қима-сызба негізнің бойындағы
сызыпен түйілісетін барлық нүктелер белгіленіп,
олардың
ара қашықтықтары өлшеніеді де, көлденең масштабқа сəйкес
олар бір-бірімен қосылады. Көлденең қима-сызба тұрғызылып
болғанда, оның пішіні 10.1 – суретте көрсетілгендей горизон-
тальдардың биіктігіне сай бір-бірімен
біртіндеп төмендеп не-
месе көтерілетін толқын тəрізді болуымен ерекшеленеді. Оны
тұрғызу көлденең қима-сызбаның АВС сызығы қилысатын
картадағы горизонтальдар, жыралар мен жарлар белгіленіп А
нүктесінен В нүктесіне дейін,
содан соң, В бұрылу нүктесінен
С нүктесіне дейін жүргізіледі. Келесі кезекте қағаз бетіне
көлденең қима-сызбаның негізі қызметін атқаратын түзу сызық
жүргізіледі [7.1-сурет]. 7.1-суретте көлденең қима-сызбаның
биіктік белгісінің негізі ретінде 202 метр алынған.