Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет178/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

8.4 сурет
.
Бағыттардың азимуты мен румбтың байланысы
Топографиялық картадан азимутты, румб мен дирек-
циондық бұрышты өлшеу. 
Бағдарлау бұрыштары гео-
дезистер, жобалаушылар, құрылысшылар мен теңізшілер 
өз жұмыстарында картамен жұмыс істеу немесе онда 
геодезиялық торлар полигондарын түсіру, жол мен құбыр 
салу, бағытпен қозғалу тағыда басқа мақсатта қолдану үшін 
қажет. Координаттар торының тік сызықтарын жүргізу арқылы 
карта ішіндегі абсциссаның, ал бүйір қабырғаларының 
(ішкі бұрыштамалары) көмегімен нағыз (географиялық) 
меридианның, магниттік ауытқу бұрышының сызбасына 
сүйеніп магниттік меридианның орны нақты анықталады. 
Бұдан картаның кез-келген нүктесінің бағдарлық бұрыштарын 
координаттар торының көмегімен дəл есептеуге болады деген 
қорытынды шығаруға болады. 
Картадағы кез-келген нүктенің абсциссаға қатысты нағыз не-
месе магниттік азимутын картаның оңтүстік бұрыштамасының 
астында берілетін меридиандарды жақындату жəне магниттік 
ауытқу бұрыштарының қазіргі кезеңге сəйкес келетін мəнін 


301
қолдана отырып анықтайды. Егер картада өткен жылдардың 
магниттік ауытқуы көрсетілсе, бір жыл ішіндегі ауытқуды 
ескеріп оған түзету енгізіледі. Мысалы, картада берілетін 
жазбаша түсініктемесінде 1960 жылдың магниттік ауытқуы 
4°30' деп беріген. Меридиандардың орташа жақындауы 0°54' 
батыстық. Магниттік ауытқу бұрының бір жыл ішіндегі 
өзгеруі 0°02'. Сонда 1986 жылғы магниттік ауытқу бұрышына 
енгізетін түзету былай болады: 0°02'х26 (жыл)=0°52'. Осыған 
орай 1986 жылғы магниттік ауытқу бұрышы 4°30' шығыстық 
- 0°52' батыстық=3°38' шығыстық болады.
Кез-келген нүктенің абсциссаға (шақырымдық тордың 
тік сызығына) қатысты алғандағы географиялық (нағыз) 
меридианның орыны 0°54' (батыстық) бұрышпен, ал 
магниттік меридианның орыны 3°38' (шығыстық) бұрышпен 
анықталады. Бірақ транспортирмен өлшегенде, əсіресе, шағын 
бұрыштардың ауытқуының дəлдігі жоғары болмайтындықтан 
бағдарлайтын бұрыштарды картаға түсіру нақтылығы са-
лыстьрмалы түрде төмен болады.
Картадағы кезкелген нүктедегі нағыз меридианның 
дəл орны сол нүктеден өтетін меридианның географиялық 
бойлығын есептеу арқылы анықталады. Ол үшін нүктені 
қиып өтетін солтүстік жəне оңтүстік минуттық бұрыштаманы 
қосатын түзу сызық жүргізіп, географиялық бойлықтың гра-
дусын, минуты мен секундын санайды. 
Картадан азимут пен дирекциондық бұрыштар орталығы 
меридиан (абсцисса) сызығының бойындағы белгіленген 
нүктемен үйлесетіріліп қойылған транспортирмен өлшенеді. 
Егер сызық аз болса, оны карта бетінде жүргізуге тура 
келеді. Бұрышты өлшеу дəлдігін арттыру үшін үлкен негізді 
транспортирлерді қолдану қажет [8.5-сурет].
Егер сызық меридианның оң немесе сол жағынан өтсе, 
транспортирдің нөлдік көрсеткішін меридианның солтүстік 
(оңтүстік) бағытымен, немесе, координаттар торының тік 
сызығымен сəйкестендіреміз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет