Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет179/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

302
8.5-сурет.
 
Картадан азимут пен дирекциондық бұрышты өлшегендегі 
транспортирдің жағдайы
Бастапқы нүктеге қатысты алғанда белгілі бір нүктенің ази-
мутын анықтайтын сызық тұрғызу үшін бастапқы нүкте арқылы 
нағыз немесе магниттік меридиан сызығын жүргізу қажет. 
Бастапқы нүктедегі нағыз немесе магниттік меридианның 
абсцис саға (тік координаттық сызыққа) қатысты орнын картаның 
оңтүстік бұрыштамасы астында берілетін меридиандарды 
жақын дату жəне магниттік ауытқу бұрышының сызбасы арқылы 
анықтай 
ды. Содан кейін 4.5-суреттегі орналастыру жағдайын 
еске ре отырып, бастапқы нүктеге қатысты алғандағы белгілі бір 
нүкте нің азимуттық өлшемін транспортирдің шкаласынан тау-
ып, екі нүктені қосатын сызық жүргізеді.
8.6-сурет
.
Картадан транспортирдің көмегімен румты өлшеу


303
Румбты есептеу азимут пен дирекциондық бұрышты өлшеу 
əдісіне ұқсас болғанымен, 4.6-суретте көрсетілген транспортирді 
орналастырудың төрт жағдайының біріне сйкес жүргізіледі. 
Солтүстік-шығыс румбтың бағытын табу үшін транспор-
тир шкаласының нөлдік көрсеткішін меридианның солтүстік 
бағытымен сəйкестендіріп орналастырамыз. Шкаладан саналған
градус румбтың өлшемін көрсетеді [8.6-сурет (І)]. Оңтүстік-батыс 
румбтың бағытын табу үшін транспортирдің нөлдік көрсеткішін 
меридианның оңтүстік бағытымен сəйкестендіріп, шкала 
өлшемінен жоғарыда аталған бағыттың румбының көрсеткішін 
анықтайды [8.6-сурет (ІІ)].
Оңтүстік-шығыс румбтың бағытын табу үшін транспортирдің 
нөлдік көрсеткішін берілген сызықтың бағытымен сəйкестендіріп 
орналастырамыз. Оңтүстік бағыттағы шкала өлшемі жоғарыда 
аталған бағыттың румбының көрсеткіші болып табылады. 
[8.6-сурет (ІІІ)].
Оңтүстік-батыс румбтың бағытын табу үшін транспортирдің 
нөлдік көрсеткішін берілген сызықтың бағытымен сəйкестендіріп 
орналастырамыз. Солтүстік бағыттағы шкала өлшемі жоғарыда 
аталған бағыттың румбының көрсеткіші болып табылады. 
[8.6-сурет (ІV)].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет