318
өлшеп отыру қажет. Картадан көзге көрініп тұрған заттарды тау-
ып алу үшін оған дейінгі қашықтыкты көз мөлшерімен анықтап
картадағы нүктеге дейін масштабқа сай өлшеп алып, сызықтың
соңынан нысанның кескінін табады.
Картада кескінделген нысандарды жергілікті жерден табу
үшін өзің тұрған жерді картадан тауып алып одан нысаналайтын
затқа дейінгі қашықтықты ойша анықтайды. Картаны қолданып,
таныс емес жерлердегі бағытпен қозғалуды ұйымдастырғанда
картадан қозғалатын жағдайды анықтап, бағытты бағдарлаудың
ең тиімді жолын таңдайды.
Картаның бетіне қозғалатын бағыттың сызықтарын түрлі түсті
қарындашпен сызып, жер бетіндегі бағдарлардың арақашықтығын
өлшеп жазады. Егер жүретін жол ұзақ болса, онда тоқтап демала-
тын, қонатын жерлерді картада белгілейді. Бағытпен қозғалу ба-
рысында жергілікті жердегі нысандар мен картаның салыстырып
бағдарлық нысандарды тауып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: