321
көрінетін болса, сызықтық кескінді жүріп өтіп, кесте сызу арқылы
өзің тұрған нүктенің орнын анықтайды.
Ол үшін алдымен тұсбағдармен немесе жергілікті жердегі
сызықпен бағдарлап, содан соң бағдардың картадағы белгісіне
сызғышты қойып, жергілікті жердегі бағдарлық нысанға
бағыт тайды да, жолдан (байланыс желісінен) нүктеге дейін түзу
сызық жүргізіп тұрған нүктенің орнын табады. Жергілікті жер де
қозғалғанда картаның бетін жергілікті жермен салыстырып, өзі
тұрған орынды оның маңында кескінделген бағдарлық нысан-
дардың бірінші ірісін, содан соң ұсақтарын тауып алады.
Бағытпен қозғалғанда жұп адымды үздіксіз санап отыру
қажет. Көріну нашар болғанда (түнде), бағытты тек тұсбағдармен
анық тайды. Сондықтан бағытты дұрыс бақылап арақашықты
өлшеп отыру қажет. Картадан көзге көрініп тұрған заттарды тау-
ып алу үшін оған дейінгі қашықтықты көз мөлшерімен анықтап
картадағы нүктеге дейін масштабқа сай өлшеп алып, сызықтың
соңынан нысанның кескінін табады.
Картада кескінделген нысандарды жергілікті жерден табу
үшін өзің тұрған жерді картадан тауып алып, одан нысаналайтын
затқа дейінгі қашықтықты ойша анықтайды. Картаны қолданып
таныс емес жерлердегі бағытпен қозғалуды ұйымдастырғанда
картадан қозғалатын жағдайды анықтап, бағытты бағдарлаудың
ең тиімді жолын таңдайды. Картаның бетіне қозғалатын бағыттың
сызықтарын түрлі түсті қарандашпен сызып, жер бетіндегі
бағдарладың арақашықтығын өлшеп жазады. Егер жүретін жол
ұзақ болса, онда тоқтап демалатын, қонатын жерлерді картада
белгілейді. Бағытпен қозғалу барысында жергілікті жердегі ны-
сандар мен картаны салыстырып, бағдарлық нысандарды тауып
отыра ды.
Достарыңызбен бөлісу: