Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет197/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

9.3 сурет.
 
Жер бедерінің горионтальдармен кескінделуі. а- жер бетінде
ə- жазықтықта
Картаның масштабы кішірейген сайын горизонталь аралық 
қима биіктіктің мəні артады. Мысалы, 1:25000 масштабты карта-
да горизонтальдар 5 метрден кейін жүргізілсе, 1:50 000 масштаб-
ты картада 10 метрден кейін жүргізіледі.
Жер бедері топографиялық картада горизонтальдар арқылы 
кескіндеудің мəнін жоғарыда көрсетілген суретке талдау жасау
арқылы ашуға болады. Ұсынылып отырған үлгідегі төбе бір-
біріне бағыттас үш көлденең жазықтыққа бөлінген (1,2,3) бірінші 
көлденең жазықтық жердің беткі деңгейіне сай келетіндіктен 
0
=
h
м. Екінші жазықтықтікі 
10
h
=
м. Үшінші жазықтықтікі 
20
h
=
м.Үш жазықтықта бір-бірімен бірдей қашықтықта 
жүргізілгендіктен олардың қима биіктігі 
10
h
=
м тең. Жер бетін
жазықтыққа көшіргенде, қима биіктіктері бірдей тұйықталған 
қисық түзіледі.
Бірінші жазықтықты қосатын қисық сызықтың биіктігі ноль 
метрге, үлгідегі екінші жазықтықты қосатын сызықтың биіктігі 
10 метрге, үшінші жазықты қосатын қисық сызық 10 метрге тең 
болады [13.1-кесте].


334
Қисық сызықтармен (горизонтальдармен) кескіндеу арқылы 
алынған проекция төбенің жазықтықтағы кескіні болып табылады.
Жер бедерінің дөңес (тау, төбе, жота, белес) жəне иілінген
ойлы (қазан шұңқыр, жылға, ойпаң, сай, мойнақ) пішіндерін бір-
бірінен ажыратып, бағытын жылдам табу үшін горизонтальдарға 
беткейдің еңістігінің сырғу бағытын көрсететін қисық сызық 
бергштрих
пен белгіленді [9.1-кесте].
9.1-кесте

Ірі жəне орта масштабты карталардағы горизонталь аралық қима 
биіктіктерінің мəні
Топографиялық 
карталардың 
масштабы
Қима биіктіктері метр есебімен
Төбесі тегіс 
жазық жерлер 
үшін
Таулы жерлер 
үшін
Биік таулар үшін
1:25000
5
5
10
1:50000
10
10
20
1:100000
20
20
40
1:200000
20
40
80
Картада төбелерді кескіндеу барысында горизонтальдағы 
бергштрих сыртқа қарай, ал шұңқырларда тұйықталған қисық 
сызықтардың ішіне бағытталады. Жоталар мен жылғалар кар-
тада ұзыннан созылған горизонтальдармен кескінделіп, бағыты 
берегштрихпен көрсетіледі. Мойнақтар қатар жатқан екі горизон-
тальға қарама-қарсы бағытта сызылған берегштрихтармен кес-
кінделеді. Ойыстар тұйықталған горизонтальдардағы бір-біріне 
қарама-қарсы бағытта сызылған берегштрихтармен белгіленеді. 
Жылғалар бағыттас жатқан горизонтальдардың доғаланып 
түйіліскен жерінде төмендеу бағытына қарай бағытталған бе-
регштрихтар жүргізу арқылы бейнеленеді. Картада беткейдің 
еңістігі екі горизонтальдың аралығындағы ұзындық арқылы си-
патталады.
Географиялық карталардағы көршілес жатқан екі 
горизонтальдың арақашықтығын 
горизонталь аралық ұзындық 
дейміз. Горизонталь аралық ұзындық латынның d əрпімен 
белгіленеді. Жазық жерлерге қарағанда тік беткейлердің гори-


335
зонталь аралық ұзындығы қысқа болатындықтан горизонтальдар 
бір-біріне жақын орналасады. Жазық жерлердегі жер бедерінің 
ерекшеліктерін ашып көрсету үшін екі негізгі горизонтальдардың 
аралығынан ұзын пунктирмен 
жарты горизонтальдар
, қысқа 
пунктирлермен 
қосалқы горизонтальдар
жүргізіледі [9.4-сурет]. 
Жер бедерінің негізгі пішіндері төбенің, таудың беткейлерінің
көлбеулігін биіктіктері тұрақты көршілес жатқан екі горизон-
тальдарды қима биіктігінің арасындағы 
α
бұрышы арқылы 
анықталады.
Беткейлердің көлбеулігі артқан сайын көршілес жатқан 
горизонтальдардың арақашықтығы қысқарып, олар бір-біріне 
жақындайды. Көлбеулігі кеміген сайын горизонтальдардың бір-
бірінен арақашықтығы артады.
Беткейдің қалыпты көлбеулігі 45° артқанда, горизонталь-
дар бір-бірімен қосылып кететіндіктен, жер бедерінің жеке 
элементтері жар қабақтар мен жыралар, жартастар картада ар-
найы шартты белгімен кескіңделеді.
Горизонталь аралық көлбеулікті топографиялық картаның 
оңтүстік бұрыштамасының астындағы кестетік шкаланың 
көмегімен анықтайды, оны горизонталь аралық ұзындықтың мас-
штабы деп те атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет