Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет223/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

371
10.4 сурет
.
Жергілікті жерді түсірудің түрлері
Жер атмосферасының шегінен биікте (Жердің жасанды 
серіктерінен, орбиталық бекеттерден, ғарыш кемелерінен) жүргі-
зілетін түсіру жұмыстары 
ғарыштық түсірулер
деп аталады.
Ғарыштық түсірулердің материалдары Жердің табиғат 
байлықтарын оқып-үйрену, сонымен қатар, топографиялық шолу 
карталарын жаңарту барысында қол жетуі қиын аз зерттелген 
аумақтардың карталарын құру мақсатында қолданылады. 
Жер бетін картаға түсіру үшін үлкен көлемді ақпараттар сақ-
тал ған жəне кейбір қасиеттері жағынан картаға жақын (шолу лы ғы, 
көрнекілігі, масштабының болуы) фототүсірулер қолда ны ла ды.
Қазіргі кезеңде масштабы 1:500 ден 1:25 000ға дейінгі топогра-
фиялық сұлбалар (пландар) мен карталарды жасау қызыметін 
ұшақтан немесе Жердің жасанды серіктерінен жергілікті жердің 
форосуретті кескінін алуды жəне оларды өңлдеуді қамтитын 
аэрофото топографиялық
түсіру əдісі болып табылады.
Инженерлік міндеттерді жүзеге асыру (ірі ғимататтарды, ка-
налдарды, жолды тағы да басқа нысандарды салу) барысында 
жергілікті жердің ірі телімдерін аэрофототүсіру тиімсіз болған 
жағдайда, жергілікті жердің шағын бөлігінің сұлбалары (план-
дар) мен карталары
жер бетінде түсіру əдісімен 
құрылады. 
Топографиялық түсіру жұмыстарының мақсаты картаға 
түсірілетін аумақ жөнінде ақпараттар беретін ұсақ масштабты 
карталарды жасауға негіз болатын ірі масштабты карта құру.
Ірі масштабты карталарды құруды көздейтін топографиялық 
түсіру қолда бар деректерге сүйеніп жергілікті жерді географиялық
оқып-үйрену, қосымша ақпараттар алу үшін далалық зерттеу-


372
лер жүргізу, картаның көрнекілігін, дəлдігін, мазмұнының то-
лықтығы мен мəнерлі болуын қамтамасыз ету үшін саралау нұс-
қауларын құру сыяқты кешенді жұмыстардан тұрады.
Тікелей түсіру жұмыстарын жүргізу үшін
жоспарлы
жəне 
биіктіктік
торларды қамтитын 
геодезиялық негіздерді
дайын-
дау қажет. Ол жергілікті жерге тəн нүктелердің жоспарлы жəне 
биік тіктік координаттары мен түсіру жағдайларын (ситуацияла-
рын) анықтауды көздейді. Қорытындыдайтын жұмыстарға дала-
лық түсірудің немесе фотосұлба мен фотокескіннің түпнұс қасын 
қағазға сызу, есепті құжаттарды дайындау жатады. 
Картаны құру үдерісін қорытындылайтын жəне ең жауапты 
кезең картаның басып шығарылатын түпнұсқасын əзірлеп, оны 
баспадан басып шығару болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет