Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Дəлдіктегі төмен приборлармен жүргізілетін бұрыш



Pdf көрінісі
бет224/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Дəлдіктегі төмен приборлармен жүргізілетін бұрыш 
өлшеу түсіру жұмыстары. 
Жергілікті жерлерде дəлдіктегі 
төмен
 
қарапайым құралдарды пайдаланып жүргізілетін түсіруге 
буссольдық жəне экерлік түсіру жатады.
Буссольдық түсу
барысында бағдарлайтын бұрыштарының 
магниттік азимуты немесе румбысы анықталып, арақашықтықтары 
əртүрлі əдіспен өлшенеді. Түсіру жұмыстарының барысында 
негізінен Адрянов тұсбағдары, сирек жағдайда артилериялық 
жəне туристік тұсбағдарлар қолданылады. артилериялық АК 
тұсбағдарының қақпағында айналы беттің болуы бір мезет-
те бағдарлау мен затқа нысаналауды қамтамасыз етіп азимутты 
анықтауды жеңілдетеді. Бөліктерге бөлінген қозғалмалы шеңбер 
есептеудің дəлдігін жеңілдетеді. Қақпақты жапқанда бағдар 
сызықты тежеу автоматты түрде жүргізіледі. Лимбаның бөлінуі 
1-00 артилериялық бұрыш өлшемімен берілген. 
Қарапайым тұсбағдардағы градустарының көрсеткіштері 
бұрыштарды дəл анықтауға мүмкіндік бермейтіндіктен түсіру 
жұмыстарына заман талабына сай жетілдірілген компастың 
түрі – Буссольдар қолданады. Буссоль белгілі бір нүктелердің 
бұрыштарын дəл өлшеуге мүмкіндік беретін градустық 
көрсеткіштері бар лимба мен минуттық көрсеткіштері верньер 
мен қажетті нүктелердің бұрышын анықтауға арналған нысаналы 
диоптрмен қамтамасыз етілген [10.5 жəне 10.6-суреттер].


373
10.6сурет. 
Шмадькальдер
буссолының
А– буссольдың құрылысы; Ə–диоптр
10.5 сурет
.
Артилериялық 
құрылысы
АК тұсбағдары
Буссольдың алуан түрлі конструкциялары бар, солардың 
ішінде топографиялық түсіру жұмыстарына Стефан мен 
Шмалькальдердің буссольдары кеңінен қолданылады.
Стефан буссолының градустарға бөлінген сыртқы шеңберлі 
лимбасы бар, əр 5 градус ұзын штрихпен, əр оныншы градус 
ұзын сызықпен ерекшеленіп, араб санымен жазылады. Қажеттігі 
нүктенің бұрышын анықтауға арналған.
Қада немесе жергілікті бағытты нысаналайтын сызғышы 
бар. Орналасқан алидалалық екі жақ шеті лимбаға қарай көлбеу 
болып келеді. Алидадада 5 минуттан 12 бөлікке бөлінген 
вер ньер бар .
Егер буссольдың лимбасының градус саны нольден 360º-қа 
дейін болса, ол 
азимуттық буссоль
, егер нөлден 90º-қа дейін бол-
са, 
румбалық буссоль
деп аталады.
Буссольдың көмегімен қажетті нүктенің бағытын анықтау үшін 
буссольды бұрып, тұсбағдардың көк тілін 0º келтіріп, солтүстікті 
анықтап аламыз. Анықтаған соң, алидадаға бекітілген екі нысана-
лы диопторды пайдаланып, қажетті нүктенің көлденең бұрышын 
анықтайды. Диоптор ортасында жіңішке нысаналы тесігі бар. 
Тік пластинканың тесігі жіңішке жағын көздейтін тесігі үлкені 
затқа бағытталады. Көздейтін диоптормен затқа бағытталған 
диоптордың жіңішке қылы арқылы өтетін жазықтықты 
нысана-
лау жазықтығы
дейміз.
Лимба буссольдың магнитті тілі бар қорапшасы бекітілген. 
Қорапшаның ішінде 1º бөлінген румбалық табақша орнатылған. 


374
Ішкі лимбаның нөлдік нүктесінің диаметрі сыртқы лимбаның 
0-180º сай келетіндей деңгейде орнатылады [14.6 жəне 14.7 - су-
реттер].
Верньердің 0º штрихы ортасында нүктеге бағытталған диоп-
тордың қылымен түйілісетіндей жазықтықта орналасады. Вер-
ньердің СР көрсеткіші мен диоптордың қылының түйіліскен 
жазық тығын
 коллимациялық жазықтық
дейміз.
Стефанның буссолымен азимутты анықтау төмендегі əдіспен 
жүргізіледі:
– буссоль горизонталь түзу жағдайға келтіріліп, нүктеде орта-
лықтандырылады;
содан соң, буссольды бұрап компастың магнитті тілін ішкі 
лимбаның 0º -180º келтіреміз;
– солтүстік магниттік полюске бағыттап болған соң, буссоль-
ды штативке бекітіп заттық диоптордың қылын өлшегіш бағанаға 
бағыттап, қажетті нүктенің магнитті азимуты болып саналатын 
верньер мен сыртқы лимбаның өлшемін аламыз. Өлшеу бары-
сында төмендегі ережені сақтау қажет:
– градустың есебін бір верньермен алады. Минутын екі вер-
ньермен алып, орташа арифметикалық өлшемін шығарады. 
Соңғысын алидаданың айналу орталығы сыртқы лимбаның 
орталығымен сай келмеген жағдайда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет