Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Аэрофототүсірілімдерді топографиялық дешифрлеудің



Pdf көрінісі
бет256/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Аэрофототүсірілімдерді топографиялық дешифрлеудің 
мəні. 
Аэрофототүсірілімдерді жергілікті жердегі нысандармен 
дала жағдайында байланыстырумен қатар камералық өңдеу үшін 
оларға дешифрлеу жұмыстары да жүргізіледі.
Аэрофототүсірілімдер аэрофотосұлбалар мен фотосызбаларда-
ғы жергілікті жердегі нысандардың кескіндерін тану үдірісі 
дешифр леу
деп аталады.
Топографиялық дешифрлеу барысында топографиялық 
сұлбалар (пландар) мен карталар түсірілуге тиісті барлық нысан-
дар танылып, олардың кескіндері анықталады (өзендер, жолдар, 
елдімекендер, ауылшаруашылығына жарамды жерлер, орман 
алқаптары т.б.). Топографиялықтан басқа арнайы дешифрлеу 
де болады. Онда топографиялық элементтерден басқа арнайы 
міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін нысандар (ботаникалық, 
геологиялық, гидрологиялық т.б.) дешифрленеді. Дешифрлеу 
далалық жəне камералық болып екіге бөлінеді. 
Дешифрлеу белгілері
. Аэрофототүсірілімдердің нысандарды 
тануға мүмкіндік беретін белгілерді 
бүркемеленбеген белгілер
деп 
атайды. Олар тура немесе жанама болуы мүмкін.
Тура белгілерге пішіні, өлшемі жəне бейненің суреттегі 
түр-түсі, жанамаға көлеңкесі, нысандардың өзара орнала-
суы, іс-əрекеттің белгілері (іздері) жатады. Бейненің пішіні 


425
бүркемеленбейтін маңызды белгілердің бірі болып табылады. 
Жоспарлы аэрофототүсірілімдерде төбесінен қарағандағы кескіні 
түсіріледі. Бейненің пішініне қарай 
аудандық 
жəне 
сызықтық
нысандар, ал ірі масштабты аэрофототүсірілімдерден нүктелік 
нысандар да танылады.
Бейненің өлшемі аэрофототүсірілімнің масштабы мен дешиф -
р ле нетін нысанның өлшеміне байланысты болады. Аэрофото-
түсірудегі нысанның жергілікті жердегі өлшемдерімен салыстыра 
отырып, өлшеу нəтижесінде мысалы, қатты төсенішті жол соқпақ 
жолдан, шағын арық каналдан, бұлақ өзеннен ажыратылады.
Жер бетіндегі нысандардың аэрофотокескіндегі түр-түсі 
сəулені сезгіш қабаттың ақ-қара түсті суретте дəрежесі нысанға 
жарықтың түсуіне жəне оның бетінен жарық сəулесінің шағы-
лысуына жəне фотоматериялдық жарық сезгіштігіне, түсірілген 
тəуліктің уақыты мен жыл мезгілдеріне тəуелді болады.
Нысанның беті жарық сəулесін күшті шағылыстырған 
сайын оның аэрофотокескіндегі түсі ақ болады. Мысалы, су 
нысандарының беті келіп түскен жарық сəулесінің тек 5% ғана 
шағылыстыратындықтан оның түсі қара болып көрінуімен 
ерекшеленеді. Жақсы жүрілген жол аэрофотокескінде біршама 
ашық түсті болса, жыртылған жер біршама қара түсті бо-
лып көрінеді. Қысқыға қарағанда жазда түсірілген Аэрофото-
түсірілімдердің түсі алуан түрлі болады. Сондықтан жазда 
түсіріл ген аэрофотокескіннен жергілікті жердің жоғары дəлдіктегі 
барлық нысандар қамтылған кескінін алуға болады.
Көлеңке
. Нысандардан түсетін көлеңкенің пішіні мен 
ұзындығы нысанның пішінімен биіктігін анықтауға мүмкіндік 
береді. Мысалы, бағананың көлеңкесінен электр жəне байланыс 
желілерін бір-бірінен ажыратуға болады. Көлеңкенің мөлшері 
нысанның мөлшеріне ғана емес, аэрофототүсіру сəтіндегі 
күннің көкжиектен биіктігіне де байланысты. Түске қарай күн 
көкжиектен биік болатындықтан, көлеңке де қысқаратындықтан, 
көлеңке арқылы нысандарды танып білу қиынға соға бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет