428
координаттық -өлшеу, аэротүсіруді ұстау, стереоүлгіні бақылау
жүйелері, өлшегіш маркалар, кеңістікте орналасқан нысандардың
стереоскопиялық үлгілері жатады. Оператор маркаларды өз
ретімен үлгінің нүктесіне апарып, олардың орнын арнайы есепте-
гіш тің көмегімен анықтайды.
Стереограмметриялық приборлар аэрофототүсірілімдердің
координаттарын, бұрыштарын, өзара биіктіктерін өлшейтін,
аэрофототүсірілімдерді толық өңдейтін жəне стереопланиграф,
мультиплекс сияқты карталарды құратын приборларға бөлінеді.
Өзара биіктік айырмасы жоғары болуына байланысты бұрма-
ланудың көптігіне орай таулы аймақтың жер бедерінің стерео-
кескінін құру қиынға соғады.
Осыған орай Аэрофототүсірілімнің шағын бөлігін арнайы
фототрансформатордың көмегімен біртіндеп ортотрансформаци-
ялау арқылы жүргізіледі. Алынған ортонегативтен ортокескіндер,
одан оротопопландар алынып олар дешифрленіп, карта құрылады.
Аэрофототопографиялық жəне аэроғарыштық түсіру жұмыс-
тарының негізінде топографиялық карталарды құру техно ло гия-
ларын жетілдіру мақсатында автоматтандырылған карто гра фия-
лық жүйе құру ісі қолға алынуда. Мысалы, картогра фия лық сурет
сандық түрге көшіріліп, ақпаратты өңдеп, сандық ақпараттарды
жаңғыртып, кестелік пішінге келтіріледі.
Аэротопографиялық түсіру материялының негізінде топогра-
фия лық картамен қатар фотосұлбалар мен фотокарталар құрылу да.
Достарыңызбен бөлісу: