Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Аэрофототүсіру жұмыстарының негізгі кезеңдері



Pdf көрінісі
бет253/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

10.6 Аэрофототүсіру жұмыстарының негізгі кезеңдері
Аэрофототопографиялық түсіру қазіргі кезеңдегі ірі масштаб-
ты карталар мен сұлбаларды (пландарды) құрудың негізгі əдісі бо-
лып табылады. Оның құрамына жергілікті жердің аэрофотосуреті 
негізінде ірі масштабты карталарды құруға мүмкіндік беретін бір-
бірімен үйлестірілген ұшу-түсіру жұмыстары (аэрофототүсіру), 
аэрофотосуреттерді шығару, аэрофотосуреттерді дешифрлеу 
(суреттердің негізінде жергілікті жердегі нысандарды анық тау), 
далалық топографиялық-геодезиялық жұмыстар жəне камера лық 
фоторамметриялық жұмыстар кіреді. Аэрофототүсіру ұшақ 
қа 
орнатылған аэрофотокамераның, басқару приборның (фотока-
мераның тетіктерін автоматты түрде басқаратын) аэрофотокаме-
раны бекітетін жəне дірілді жұтатын қондырғылардан тұрады.
Аэрофотокамераның құрылысының сызба-нұсқасында көр-
сетілген 
дей камераның оптикалық білігі тік, ал фонустық 
қашықтық тұрақты болады. Қолданбалы жақтауды пайдалану 


420
негізінде үлдірге-пленкаға тығыз қысылады, ал ондағы екі жұп 
белгілегіш уақыт пен деңгей көрсеткіштері əрбір суретке түсірі леді. 
10.40 сурет.
 
Стерофотограмметриялық приборларды пайдалану арқылы 
жүргізілетін аэрофототопографиялық түсірудің негізгі үдерістері
Олардың бейнесі суреттің басты нүктесін табуға, сонымен 
қатар, түсіру сəтіндегі оптикалық біліктің жағдайы мен түсірілген 
уақытын анықтауға мүмкіндік береді.
Стереофотограмметриялық приборларды қолданып 
аэрофототүсіру жұмыстарын жүргізудің негізгі кезеңдері. 
Қазіргі кезеңде жергілікті жердегі нысандарды жақсы жіктеу үшін 
бірден спектрдің бірнеше диапазонында бейнелеуге мүмкіндік 
беретін көп аймақты фотоға түсіру əдісі кеңінен қолданылуда.
Топографиялық карталарды құру мақсатындағы ұшақтың 
түсіру бағыты батыстан шығысқа жəне кері бағытта тұрақты 
биіктікте жүргізіледі.
Аэрофототүсіру жұмыстары барысында жергілікті жердің 
əрбір бөлігі көршілес суретте екі рет түсірілетіндей есеппен 
жүргізіледі. Аэрофототүсіру жұмыстары кезінде жергілікті 
жердің белгілі бір бөлігінің көршілес суреттерде екі рет түсірілуін 
ж а б у деп атайды. Бір бағыттың екі көршілес суреттің бірін-бірі 


421
жабуын ұзыннан жабу, ал екі көршілес бағыттың суреттерінің 
бірін-бірі жабуын көлденеңінен жабу деп атайды.
Аэрофототүсіру жұмыстары кезінде суреттердің ұзыннан 
жабуы көбінесе 60%, көлденеңінен жабу 35-40% құрайды. 
Суреттердің бірін-бірі жабуы оларды одан ары өңдеу үшін белгілі 
бір аумақтың кескінін құруға сенімді кепілдік болу үшін қажет.
Аэрофототүсіру жұмыстарының екі түрі болады, олар жо-
спарлы жəне перспективті аэрофототүсірулер.
10.41сурет.
Аэрофотокамералық 
сызба-нұсқасы: 1- жарық ене 
алмайтын қорабы; 2-объектив; 
3- шүрппе; 4-кассета; 5-фотоплен-
ка оралған катушка; 6-қолданбалы 
рама; 7-қысатын пластина. 
00 объективтің оптикуалық 
білігі; fk-фонустық қашықтық;
S-объективтің тоғысу нүктесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет