Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Аэрофототүсіру жұмыстарын жүргізу



Pdf көрінісі
бет259/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Аэрофототүсіру жұмыстарын жүргізу. 
Кескіндейтін 
жергілікті жердің беті көлденең түзу жазықтық болып табылмай-
ды. Сондықтан жер бедерінің əсерінен бұрмаланулар болады. Жер 
бедерінің біршама биік бөлігі аэрофотокескінде орталығынан 
шетіне қарай біртіндеп ығысады. Аэрофотокескіндегі бейнелердің 
ауытқуы нүкте биік болған сайын жəне аэрофототүсірілімнің 
оптикалық білігінің орталық нүктесінен алыстаған сайын артады.
Сондықтан фотосұлбалармен фотосызбаларды құру барысын-
да суреттің бұрмалануы аз орталық бөлігі пайдаланылады.
Аэрофототүсіру жұмыстары барысында төменде көрсетілген 
шарттарды орындау қажет:
– фотокамералық оптикалық білігі түсіру кезінде жердің 
кіндігіне бағытталған ауырлық сызығынан 2-3
0
артық ауытқымауы 


429
тиіс. Мұндай жағдайда аэрофотокескін жоспарлы деп аталады. 
Жоспарлы аэрофототүсірілімнің масштабының ауытқуы əртүрлі 
бағытта əркелкі болады;
– 
ұшу биіктігінің ауытқуы 25-30 метрден артық ауытқымауы 
тиіс;
– ұшу бағыты түзу болуы шарт:
Жоғарыда көрсетілген талаптардың орындалуы ұшаққа 
орнатылған приборлардың көмегімен жүзеге асырылады.
Жергілікті жердің аэрофтокескінін құру бір-біріне бағыттас 
жеке немесе бірнеше түзу бағыттарды бойлай түсіру арқылы 
жүзеге асырылады. Бағыттың ені масштабына тəуелді болады.
Мысалы, 1:10000 масштабта аэрофототүсірілімнің пішімі 
18х18см болғанда бағыттың ені 1,8 шақырым болады. Əр 
бағыттың аэрофототүсірілімдерді бір-бірімен жалғастыру арқылы 
фототүсірудің жалпы алаңы алынады. Ұшу-түсіру жұмыстары 
аяқталған соң аэрофильм далалық фотозертханада жуылып, аэ-
рофотонегативтер алынады. Ал оларды арнайы фотоқағазға шы-
ғара ды. Фильмнің əр кадры жеке тіркеледі. Алынған суреттерден 
аэрофототүсірілімнің монтажы жасалады. Оны даярлау үшін 
ағаш тақтаға шығарылған аэрофотосуреттерді бір-бірімен жалғап, 
көршілес жатқан аэрофтосуреттердің жалпы кескінін алады. 
Монтаждалған аэрофототүсірілімдерден репродукциялар (кө-
шірмелер) алады. Бір-біріне жапсырылған монтажды пайдала нып 
аэрофототүсіру барысында қалып қалған жерлерін анықта ла ды.
Аэрофототүсірілімдерден фотопландар мен карталар құру 
үшін əрбір жоспарлы түсіруді арнайы приборлардың көмегімен 
өңдеу (трансформациялық) арқылы сұлба (план) құру қажет.
Аэрофотосуреттерді өндеу барысында белгілі масштабқа 
келтіріп, оптикалық беліктің көлбеулігіне байланысты пай-
да болған бұрмаланулар жойылады. Өндеу үшін əрбір аэро-
негативте бас нүктеден басқа төрт тірек нүктелері болуы тиіс. 
Ондай нүктелерге бірінші кезекте триангуляциялық жəне 
полигонометриялық қосындар жатады. Аэрофотокескіндегі аbсd 
тірек нүктелерін инемен шаншып ал оған сəйкес келетін жергілікті 
жердегі А, В, С, D тірек нүктелерін геодезиялық тірек нүктелерімен 
байланыстырады. Жоспарлы байланыстыру нəтижесінде АВСД 
нүктелерінің координаттары анықталады. Олардың координат-


430
тары сыртқы бағдарлау жұмыстары үшін қажет. Олар, соны-
мен қатар, барлық аэрофотокескіндерді геодезиялық бағдарлау 
үшін қажет. Іс жүзінде табиғи қалпында əр бағыттағы алғашқы, 
ортаңғы жəне соңғы суреттік ғана геодезиялық қосынмен бай-
ланыстырады. Ал қалған аэрофотокескіндердікін камералық 
кестетік əдіс-фототрансгуляция арқылы анықтайды.
Аэрофотокескіндегі аbсd нүктелері мен пландағы АВСD 
нақты болмайды. Өйткені біріншісі орталық проекцияда ал екін-
шісі ортогональды проекциямен құрылған.
Аbсd нүктелерін жер бетіндегі сол нүктелерге сəйкес келетін 
жер бетіндегі АВСD нүктелерімен үйлестіру, аэрофото түсі рілім-
дерді бір масштабқа келтіру мақсатын көздейтін трансформация-
лау арқылы жүзеге асырылады.
Өндеу төмендегі ретпен жүргізіледі. Экранға ақ қағаздың 
негі зін қояды да оған планның масштабына сəйкес келетін төрт 
нүкте АВСD түсіреді. Трансформатордың касетасына соған сай 
келетін негативті орналастырады. Жарық көзін қосқанда бұрын 
инемен тесілген төрт нүкте экранда ашық түспен көрінеді.
Өнделген аэрофототүсіруден кескінделген аумақтың фотосұл-
басы (планы) құрылады. фотосұлбаны суреттің орталық бөлігін 
қат ты затқа жапсыру жолымен алады. Ол үшін қатты фанерге не-
месе аллюминиге сызу қағазын жапсырады.
Қағазға трансформациялау-өндеу жүргізілген барлық тірек 
нүктелері түсіріледі. Ол үшін аэрофотокескіндегі тірек нүктелеріне 
диаметрі 1мм тесіктер теседі. Содан кейін кескінді қажетті тірек 
нүктелері сызбадан көрінетіндей ретпен қояды. Сонымен қатар 
көршілес жатқан кескіндердің бірін-бірі жабатын бөлігінің 
үйлесуін қадағалайды. Қойылған аэрофототүсірілімдерді ауыр 
затпен қысып, суреттердің бірін-бірі жабатын жерлерінің ортасы-
нан сынық сызықтармен кеседі. Аэрофототүсірілімдердің орталық 
бөлігін қалдырып, шетін кесіп тастаған соң жергілікті жер жап-
пай түсірілген суреттің орталық бөлігін негізге жапсырады. 
Трансформацияланған аэрофототүсіруден қажетті түініктемесі 
берілген жазулары бар фотосұлбалар (пландар) 
түпнұсқа
деп 
аталады. Одан фотокөшірмелер (репродукциялар) алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет